Get Mystery Box with random crypto!

​​Мен сені іздедім... Шашылған күн нұрынын, Бұлақтың сылдырына | Қазақ әдебиеті

​​Мен сені іздедім...
Шашылған күн нұрынын,
Бұлақтың сылдырынан,
Сұлулық, іңкәрлікпен
Сезімнің тұнығынан.

Мен сені көрсем дедім...
Рауандап атқан таңнан,
Ақ қанат армандардан,
Риясыз дос пейілден
Шығатын күліп алдан.

Мен сені іздеп жүрмін...
Көңілдің асқарынан,
Ақ жауын, ақ қарымнан,
Даламның жолдарынан,
Туған жер тастарынан...

Әлі де іздеп келем...
Сәбидің уілінен,
Жайқалған қыр гүлінен.
Көз жетер сұлулықтың,
Бәрінен мөлдіреген...
Бәрінен, бәрінен де
Тізсем деп мөлдір өлең...
Ұстатпай алыстайсың,
Сағымдай көгілдір ең..
Жанымның дауасы сен-
Мөлдір өлең...
Мен сені іздедім...

// Меңдігүл Мұханбетжанқызы