Get Mystery Box with random crypto!

​​Әулетімді шынайы сыйлайтұғын, Тексіздікке тәртібін бұрмайтұғ | Қазақ әдебиеті

​​Әулетімді шынайы сыйлайтұғын,
Тексіздікке тәртібін бұрмайтұғын.
Ашық мінез жәйдарлы жар іздеймін,
Тентектеу мінезіме шыдайтұғын.

Салт-дәстүрден сараң боп құр қалмаған,
Жақсы сөйлеп өтірік сырланбаған.
Жар іздеймін қазақы қылығымен,
Тектілігі ешқашан былғанбаған.

Жар іздеймін тек маған сене алатын,
Ашулансам сабырлық бере алатын.
Отбасылық өмірдің қиындығын,
Мойымай шыдамдықпен жеңе алатын.

// Марат Қабылбеков - Жар іздеймін