Get Mystery Box with random crypto!

Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ бо | Tengri.kz

Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді дөрекі түрде итеріп жіберді.

Оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Бейнежазбада полицейдің қызмет көлігінің есігін қалай жаппақ болғаны, бірақ бірнеше әйел оған рұқсат бермей жатқаны көрінеді. Осыдан кейін ер адам олардың біріне дөрекі күш қолданады. Оның бұл әрекетіне ашуланған шетелдік әйелдер кейін адвокатты талап еткен.

"Аталған іс бойынша қызметтік тексеру басталды. Департамент басшылығы полиция қызметкерінің дөрекі іс әрекеті үшін баға беретін болады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.