Get Mystery Box with random crypto!

+46 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Синоптикте | Tengri.kz

+46 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады найзағай ойнап, 6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста жаңбыр жауады.

8 маусымда еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ауа райы ыстық болады.

"Күндіз аптап 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта, республиканың шығысында +41 градусқа дейін сақталады, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41 градусқа дейін, еліміздің оңтүстігінде +46 градусқа дейін сақталады деп болжанады.

8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде аптап ыстық +22-30 градусқа дейін төмендейді деп болжанады", - делінген хабарламада.