Get Mystery Box with random crypto!

Желіде жас ұланның соққыға жығылған сәтінен видео тарады Әлеу | Tengri.kz

Желіде жас ұланның соққыға жығылған сәтінен видео тарады

Әлеуметтік желіде Семейдегі "Жас-Ұлан" лицей ұландарын ұрып жатқан екі бейнеролик тарады.

Абай аудандық білім басқармасы бұл кадрларға түсініктеме беріп, оқиғаның шынымен болғанын мәлімдеді.

«3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген бейнежазба табылды. Сондай-ақ, офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болған.

Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталды және кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылды, атап айтқанда: 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды
»- деді ведомства.