Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 17

2021-06-15 11:20:30 Тақырыбы жоқ пост

Бірнәрсе жасағысы келетін, бірақ белгілі бір уақытты/кезеңді күтіп жүргендерге, сондай-ақ білімді қай кезде алғанда пайдалырақ болатынын білгісі келетіндерге арналған пост.

Кейде мынандай сөйлемдерді естіп жатамыз:

- " Ой, мен ол нәрсені әзір бастай алмаймын, біраз тәжірбие жинайын"
- " Менің ақылым жетпейтін сияқты, әлі біраз оқуым керек"
- " Оның уақыты келмеді, сосын бастаймын"

Сенде осы сөйлемдерді біраз естіген шығарсың. Ең қызығы, менде сондай сөйлемдерді өте көп айтқам) Оказывается, мен қателескен екенмін. Енді логикалық сұрақ туындайды, мен қателескенімді қайдан білдім?

2020шы жылы мен 4 түрлі бизнес жобамен айналыстым. Өте жақсы ақшалай пайда да болды, өте көп шығын да болды, командадағы адам саны бірнеше есеге өскен кез де болды, командадан адамдар шыққан кездер де болды, жалпы айтқанда өте көп іс әрекеттер жасалды.

Қазір ойланып қарасам, өте көп қателіктер жасадым. Дұрыс анализ болмады, дұрыс бизнес модель болмады, дұрыс бағытта дамытпаған екенмін. Но, сол жасап жүрген кезде маған бәрі идеально көрінген, как будто бәрін білетіндей, көп сенімді шешімдер қабылдадым.

Соңғы уақытта бизнес аналитика, әр бизнестің бағыты туралы, тәуекелмен бизнес модельдер туралы көп оқудамын. Әр компанияның мысалдарын зерттегенімде, өзімнің 1 жыл бұрын қабылдаған шешімдерімді есіме түсіріп, салыстыра бастаймын. Қазір қиын тақырыптардың барлығы оңай боп көрінеді, неге білесіз бе? Себебі сол ситуацияларды 1 жыл бұрын практика жүзінде көрдім.

Егер мен 1 жыл бұрын сол іс әрекеттерді істемегенде, менде қанша жерден күшті білім алуға тырысқаныммен, оның мәнін түсінбейтін ем, 1 күннен кейін ұмытып кетер едім. Ал қазір әр жаңа білім - бұрынғы жасалған іс әрекетіме түсініктеме беріп, "иеееее, солай екен ғой, негізі былай жасауым керек екен ғой" деп ойландырып тастайды.

Досым, сен студент болсаң да, оқушы болсаң да, бітіріп кетсең де, белгілі бір арман-мақсаттарың бар, солай ғой? Арман-мақсатқа жету жолында білім маңызды, ол труизм, яғни қарсы келе алмайсың. Так вот, арман- мақсат деген біршама уақыттан кейін, сен дайын болғанда орындалатын нәрсе емес екен.. Кез келген бір результатты қаласаң, оған кейбір қадамдарды қазір жасап көрші. Сол кезде сен ненің маңызды екенін түсінесің да, сол бағытқа бағытталасың.

Ең маңызды нәрсе бағытты анықтау деп ойлаймын. Ал дұрыс бағытты анықтау үшін, әрқашан попыткалар жасау керек, сезініп көру керек екен)

100 кітап оқыған күшті, бірақ пайдасыз, егер сен оның мәнін түсінбесең. Ал егер бірнәрсе істеп, сол нәрсенің кітабын оқысаң, сен екінші рет сол іс әрекеттерді жасағанда әлдеқайда білімдірек, күштірек жасайсың.

Қорытынды резюме:
- білім алу деген бөлек, білімді қабылдау деген бөлек
- әр жасалған іс-әрекет бағытты айқындай түседі
- бірінші білім, сосын практика емес, маңыздысы практика - білім - практика
339 viewsedited  08:20
Ашу / Түсініктеме
2021-06-06 17:03:12 “Нужно знать, куда тратить свою энергию”

Бүгін осы сөйлем қатты ұнады. Google- да істейтін Илья есімді жігіттің сториынан байқадым.

Шынымен, кейде адамдар қандай іспен айналысса да, істің маңызды/маңызды емес екеніне қарамай, біршама уақыт бөліп, ең әдемі қылуға тырысып, көп энергиясын құртып жатады.

Но на самом деле, сол дүниеге энергия құрта отыра, ол маңызды нәрсеге құртылатын энергия мөлшерін кетіріп тастады.

Осы нәрсені оқып, подкаст неге шықпай жатқанын, осы каналда көп пост неге жазбай кеткенімнің, себебін анықтағандай болдым. Дәл қазіргі уақыттары жұмысымдағы навыктарды дамыту маңызды болып, сол бағытқа ойысып кеттім.

Әр подкаст 5-6 сағатты, әр сапалы пост 1-2 сағатты алатын еді. Қазір бұл нәрселер аз болып кеткенімен, бұл нәрселер сүйікті хоббиым. Кейін міндетті түрде тұрақты жалғасатын болады.

Ал әзірше, кішкене уақыт пассивті өмір сүру стиліндемін
450 viewsedited  14:03
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 09:53:27 Өмірде де түрлі анализ жасауға болады. Қызық бір экспериментпен бөлісейін.

Осыдан 9 ай бұрын Атырауға жұмыс сапарымен бардым. Жайық жағасында велик теуіп жүргендерді көріп, велик сатып алғым келіп кетті. Бірақ, екі кедергі фактор болды.

1) Атырауға уақытша келдім, кетер кезде оны не істеймін?
2) 1 айдан кейін қыс басталады, қыста оны қалай тебем?

Осы 2 фактор велик алуыма қарсы болды. Бірақ, менің қалауым қаттырақ болып тұр. Солай, бір методты қолданайын деп шештім.

1) OLX-ке "велик" деп жазып, Атырауда сатылатын великтердің орташа бағасы 27 000 тгны құрайтынын түсіндім.
2) Жарнамалардың уақытына қарадым. Көп жарнаманың салынғанына 2-3 ақ күн болған екен.
3) Әр жарнаманы орта есеппен 150-200 адам көрген.
4) Архивтегі жарнамаларды көргенімде, әр жарнама орта есеппен 6-7 күнде өшіп отырғанын байқадым.

Осы 4 пункт бойынша мынандай қорытындыларға келуге болады. Атырауда великке деген сұраныс бар. Неге? Себебі:

1) Жарнаманың 6-7 күн тұруы, 6-7 күн ішінде сатып алушы табылады дегенді білдіреді.

2) Жалпы жарнама саны 15ты құраса да, әр жарнаманы 150-200 адам көруі, әр великке 10-20 адам таласады, яғни велик бағасының түсіп кетуі мүмкіндігі аз.

3) Ал 1 аптаға жалға алу 10 000 тгны құрайды. Яғни, сатып алып, кейін сатып жіберу әлдеқайда тиімдірек.

Солай, бір великты сатып алып, 10 күннен кейін, қайта сатып жібердім

Вроде, қарапайым қадамдар, бірақ логикалық әдемі тізбектер нәтижесінде, қалауды оңай қанағаттыра алдық.

Осындай тектес ситуациялар өмірде барлығымызда көп болады. Бастысы, арасында ойланып, сәл сәл логиканы іске қосу керек.
394 viewsedited  06:53
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 09:36:52
Симулятордан үзінді
352 views06:36
Ашу / Түсініктеме
2021-06-04 09:35:16 Қандай курс сатып алдым? Ол не үшін керек болды?

Осыдан 5 күн бұрын аяқ-асты краундфандинг форматында қор жинап, GoPractice деген курсты 275 000 тг-ге сатып алған болатынмын. Курс туралы өз пікірімді және не үшін маңызды болғанын жазайын, қолдап, ақша жіберген 150ге жуық адамға қызық болар деп ойлаймын.

Бірінші менің мамандығым қандай? Мен қай салада жүрмін деген сұраққа жауап берем. Мысалмен түсіндірейін:

Елестетіңіз, Kaspi Қазақстанда ғана емес, өзінің жұмысын Ресейде де жүргізісі келді делік. Kaspi ақымақ емес, олар Қазақстанда мықтымыз, Ресейде де мықты боламыз, ол жаққа кеттік деп, іс әрекет жасап кете алмайды. Kaspi не істейді?

Kaspi - Ресей нарығын толық зерттейді. Неше жылда ол жақты жаулап ала алады, қанша миллион адамды тарта алады, әр адамды тарту үшін қандай ресурс қажет, осы сұрақтарға жауап іздейді. Егер жауап тауып, көшеміз дегеннің өзінде, олар анализ нәтижесінде байқады, оказывается Қазақстандағы Kaspi-дегі көп функция қажет емес екен, Ресейдегі адамдар психологиясы қызылды емес, басқа түсті ұнатады екен мысалы. Солай ол жаққа мүлдем бөлек продуктпен кіреді.

Так вот, төбедегі абзац мен айналысып жүрген, мен болашағымды байланыстырып жүрген сала. Ол продукт-менеджер деп аталады. Продукт менеджер командадағы ең жауапкершілігі көп, и ең уайымы көп адам. Ол барлық команда мүшелерінің жақсы жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.

Мамандығым түсінікті болды деп ойлаймын, енді курсқа көшейік. GoPractice курсы - продукт менеджерлер пікірі бойынша ең мықты курстардың бірі болып саналады. Ол видео-теория форматында емес, арнайы симулятор түрінде өтеді. Яғни оны өтірік өту, көшіру, тегін доступ алу - деген мүмкін емес. Курсты - Facebook, Google компанияларында істеген Олег Якубенков деген жігіт жасаған.

Курс мақсаты бойынша, сен бір компанияға жұмысқа тұрасың. Солай компанияда 0ден бастап, ең мықты компания болам дегенге дейінгі жолды жүріп өтесің. Курс барысында шын компанияларда кездесетін, 400ге жуық тапсырма беріледі. Яғни, сенде оқу түрінде емес, жұмыс секілді өтеді.

Курс - аналитикаға бағытталып жасалған. Мысалы, сіздер кез келген приложение жүктегенде, сіздердің барлық іс-әрекеттеріңіз арнайы базаға түседі. Біз, қанша уақыт приложениеде болғаныңызды, айына неше рет пайдаланғаныңызды, қай кезде қандай қиындық болғанына дейін бақылай аламыз.

Аналитика - менің ең әлсіз тұстарымның бірі еді. Жоспар бойынша, бұл курсты 1 жылдан кейін алуым керек болды. Бірақ, мәселе оңынан шешіліп, 1 жыл ерте алғаныма қуаныштымын. Негізі, көп адам сұрап жатады, қалай курстарды оқи бересің? Курс пайдасыз емес па? деп

Көп ситуацияда шынымен курстар пайдасыз. Бірақ, мен қаржы мамандығынан IT менеджментке ауысқаннан кейін, менде білімде үлкен пробел болды. И мен қазір оқып, қазір көбірек тырыспайтын болсам, уақыт өткен сайын, жауапкершіліктер көбейіп, дұрыс білім алуға мүмкіндік болмай қалуы мүмкін.

Мәселе курстарды көп оқығанда емес , мәселе курстарға әр адамның қалай қарауында деп ойлаймын. Университет/мектеп/қоршаған орта бізге қажетті білімді бере алмауы мүмкін. Бірақ, практикалық тәжірбиесі бар, нақты жетістіктері бар адамдардың жинақталған курстарының эффектісі өте көп. Сіздерде айтарым, курс таңдау/мұғалім таңдау барысында дұрыс ізденіс керек.

Дұрыс таңдалмаған курс - сізге сапасыз білім ғана емес, сізге мамандығыңызға деген жаман көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Осы курс өту барысында, әр бөлімнің қатты ұнағаны соншалық, таңдаған салам қиын болса да, әрқашан жақсы көру сезімі жоғары тұрады.

Сонымен, қысқаша қорытынды:
1. Продукт менеджер - ол IT продуктты жүзеге асыратын адам
2. GoPractice - практикаға негізделген ең үздік курс
3. Курс таңдағанда - курстың сапасына/ курс иесінің кім екенін зерттеу керек
4. Сапасыз курс -жаман нәтижелерге алып келеді

Постты соңына дейін оқысаң, бір смайлик қалдыра кет)
396 views06:35
Ашу / Түсініктеме
2021-06-03 08:57:39 Ал сіз тағдырға сенесіз ба?

Мен тағдырға қатты сенетін адаммын. Менің ойымша, қазір болып жатқан іс-әрекеттің барлығының хайыры бар, и ол қажет уақытта, қажет орында, қажет адаммен боп жатыр деген түсініктемін.

Ия, мүмкін бізге берілетін қиындық, кедергі - дәл қазір ауыр боп жатқан шығар, мүмкін қазір өзімізді нашар сезініп жатқан шығармыз, бірақ дәл осы ситуация, сен есіңді жиып, жан-жағыңа басқаша қарасын деген мақсатта болып жатқан шығар.

Ең жаманы, адамдардың осындай кездерде радикалды, ауыр іс әрекеттерге баруы, эмоцияны ұстай алмай, артық нәрсе айтып қалуы. Қиын ситуациялардың болуы барлығымыз үшін қалыпты нәрсе, бірақ сол ситуацияда кім қандай шешім қабылдайтынына байланысты, біздің өміріміз түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Мұндай ситуацияларды жоқ қылу, нөлге теңестіру мүмкін емес. Но бұл жағдайларда не істеуге болады? Ойланып көрейікші..

1. Адам жеке өзі шешім қабылдамауы керек. Жақын дос, жақын таныс, немесе қалаған басқа бір адаммен ақылдасып, ол адамның ойын тыңдау маңызды. Себебі, жалғыздықта қабылдаған шешім қабылдағанда, сенің ойың тұмандатып, сен көп нәрсе көрмеуің мүмкін. Ал өзге жақындармен сөйлесу, сенің көзіңді ашуға көмектеседі

2. Асықпау керек. Артық айтылған сөз/артық істелген іс-әрекетке қарағанда, кеш, бірақ дұрыс таразыланған шешім маңызды. Өмірде ұрсысып қалған, ренжісіп қалған сәттеріңді еске алып көрші, көп ситуацияда асығыстық болғанын байқайсың.

3. Ситуацияны қабылдау. Егер ситуация уже болып қойған болса, сен белгілі бір іс-әрекеттер жасап қойсаң, өкінудің қажеті жоқ. Ия, мүмкін біршама күн сенде жаман сезім болар, бірақ ол ситуация не үшін болғанын, қалай болғанын ойланып, өзіңе жауапкершілікті алып, соңы жақсы болатынына сену керек)

Негізі, мұндай посттар жазбайтын едім. Соңғы уақытта, өмірдің көп сферасында өзгерістер болып, жұмысқа деген, жеке өмірге деген жауапкершілік артып, шешім қабылдаудың, сабырлылықтың, өзіңді дұрыс ұстаудың маңыздылығы туралы көптеп ойлана бастадым.. Сол ойлардан туындаған пост болсын.
507 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 16:46:36
368 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 16:46:25 Құрметті ағайындар, краудфандинг аяқталды

20 сағаттың ішінде 273 000 тг жинап, бір үлкен іс соңына жетті.

- Бауырым, саған инвестиция жасап жатырм
- Ереке, саған қолдау болсын
- Менікін ешкімге айтпайақ қойшы

Деп 5000нан, 10000нан жіберген жандар да болды.

Шын мәнінде, бұл курсты дәл қазір өтпей, кейін оқысам да болар еді, бірақ жақын адамдар барда, олар қолдауға дайын болғанда, неге қазір жасамасқа?

Біз дос-таныс маңызды деп айтамыз, енді сол әр досымыздың дамуына/білім алуына үлес қосу - екі тарапқа да өте пайдалы іс деп ойлаймын. Керісінше, бір бірімізге үздік болуға көмектесу арқылы, жақындай түсеміз ғой.

Енді Құдай қаласа, үлкен жауапкершілікпен келген курс болды. Барынша оқып, өзім үшін ғана емес, қолдаған адамдардың да үмітін ақтап, жақсы результаттар көрсету қажет

Қолдаған барлық адамға рахмет Сіздердей дос-таныстарым барына қуаныштымын
377 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 21:46:53 Ішкі сезім

Бүгін ең қауіпті, тәуекелге толы шешімдердің бірі жасалды. Ол халықтан қолдау сұрау арқылы арнайы оқу курсына жазылу еді.

Ақылды шешім болды ма/ әлде ақымақ шешім болды ма, әлі ойланып отырмын...

Менің мамандығым қиыыын ше, оны ещё адамдарға түсіндіре алмайм, немен айналысатынын. Қысқаша айтқанда, мен IT технологиялардың аналитикасына, разработкасына жауап беремін.

Енді мәселе мынада, менің саламдағы ең мықты курс GoPractice деп аталады. Бұл курстың мықты болғаны соншалық, егер 90+ке оқысаң, сені Ресейлік Mail.ru, Yandex, Қазақстандық Kaspi деген компаниялар жұлып алып кетуге дайын. Рынокта ең жоғары баллмен бағаланады.

Бірақ, мен неге ақымақ шешім ба деп жатырмын. Соңғы уақытта бір жағдай болып, бір жобаға үлкен көлемде венчурлық инвестиция жасауға тура келді. И қазір практический ақшам жоқ И алдағы бірнеше ай тоже тек базалық деңгейдегі ақша болады ау.

Скорее всего подписчиктер максимум 20% ғана ақшаны қамтамасыз етіп береді. И мен 80% ақшаны табуым керек, қайдан екенін білмейм, но табу керек)

И ещё, уже артқа шегінер жол жоқ, курсқа ақша жоқ деп, ақшаларын қайтарып беру ұяяят

Даже если сатып алсам да, курс сабақтары арнайы симуляторда өтеді, и реально қиын дейді. Бұның өзі үлкен жауапкершілік болайын деп тұр.

Бір жағынан хайырлы болар, ешбір нәрсе жайдан жай болмайды ғой, қиналсам бірнеше ай қиналып алармын деп ойланып отырмын.

Құрметті жігіттер қыздар, менің бір түсінгенім, сапалы білім шынымен керек. Дұрыс білім алу үшін - күресу қажет.

Мына курс үшін күресу, шынымен мен үшін қиын. Адамдар ойлайды, стартап проекттермен айналысу күшті, рахат деп. Бірақ соңғы бір жыл өзінде жалпы 800 000 тгдей шығын кетті.

Тіпті соңғы кездері ақша аз болып, достармен кафе/отырыс/туған күндерге бармай кеттім. Шынымды айтайын, бұл үшін ұялмаймын. Жасап көрмеу, мүмкіндікті пайдаланбау, ақшаны бос нәрсеге құрту - мен үшін ұят. Ал ақша аз болса да, әр нәрсе үшін күресу мүлдем ұят емес.

Осы курсқа барша адамнан қанша ақша жиналатынын білмеймін, бірақ бұл қадам жасалды. И бұл қадам дұрыс болуы үшін барынша тырысамын..

Сенім артып, қолдап жатқандарға ризамын
472 viewsedited  18:46
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 21:03:59 Әр адамның қолдауы үшін менің атымнан да бір жақсылық болсын.

Егер сіз қолдау көрсетсеңіз, осы постқа + қойып кетіңіз.

Сол кезде мен сізге өзімде бар ең пайдалы курстарды беремін деп шештім

Тізімде:
1. Ең танымал LinguaTrip-тың 80 000 тг тұратын ағылшын тілі курсы

2. Ресейлік психотерапевт Андрей Курпатовтың "ми құрылысы, адам эмоциясын басқару" курстары

3. Атышулы Бизнес Молодесть спикері Петр Осиповтың "Наука целей" видеолар жиынтығы бар

Осы 3 курсты өзім өтіп, біраз мықты нәрсе алған едім. Енді 300тг+ жіберіп, қолдау көрсеткен адамдарға, білімдеріне инвестиция ретінде жіберетін боламын

Каспи: 8747 890 45 40
436 viewsedited  18:03
Ашу / Түсініктеме