Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 14

2021-08-17 19:45:46 Әлі де кеш деп ойлайсың ба?

Жұмыста стажировкаға адамдар алып жатырмыз. Соңғы күндері 25-27 жастағы қыздар келуде. Біреуі мектепте, универде мұғалім болып жұмыс істесе, біреуі стюардесса болып жұмыс істеген екен.

Неге бізде стажировка өткізіңіз келеді? деген сұраққа:

- IT салаға ауысқым келеді
- Ақшасы көп, перспективалы салада болғым келеді
- Жаңа профессияда өзімді көргім келеді

деп жауап беруде. Білім бар ма? деген сұраққа:

- Мини курстар өттім
- Енді курстар өтіп бастадым
- Болашақта өтіп бастаймын

деп білімді де жаңадан алғысы келетіндерін жеткізуде.

Оларға қарап бір ойға келдім. Қазір бір орында ұзақ жұмыс істеп қалған, өскісі келетін, бірақ үйренген орыннан кеткісі келмейтін студенттер де көп. Біреуі қазіргі ақша жетеді деп ойлап, 2-3 жылдан кейін бәсекеге қабілетсіз маман боп қалатынын түсінбей жатады. Біреуі жаңа нәрсе таппайм деген оймен, жаңа нәрсені іздеп көрмейді де. Ал біреуі кішкене уақыт ақшасыз жүрсе де, кейін құнды маман болатынын ойлана бермейді..

Меніңше, адам өскісі келсе, мықты маман болғысы келсе, өзіне әрқашан жаңа нәрсе үйренетін орта құрастыру керек. Ол жұмыс болсын, ол белгілі бір ұйым болсын, бәрібір.

Бір орында ұзақ тұрып, 30-40 жасыңда да үлгересің. Алтын уақытыңда, энергияға толы жаста, неге өз мүмкіндіктеріңді барынша көрмеске? Жұмысты ғана емес, өзге де іс әрекеттерді, жобаларды неге көрмеске?

Жаңағы адамдар секілді өзіңнің үйреніп қалған ортаңнан шыға біл. Дұрыс салаларды, дұрыс бағытты таңдауға тырыс.

Досым, студент болсаң, саған айтарым, қазір не істеп жүргенің, қанша тауып жүргенің маңызды емес. Бастысы қазір кіммен жүргенің және қандай нәрсеге өзіңді дайындап жүргенің маңызды.

Өзіңді жоғары нәрселерге дайында!
358 viewsedited  16:45
Ашу / Түсініктеме
2021-08-08 21:08:57
326 views18:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-08 21:08:46 Ал бәрімізге келесі аптаға сәттілік!

Алдында бір адамға "бәрін жазып жүремін" десем, "өміріңіз қызық емес, робот сияқты өмір сүретін шығарсыз" дейді

Білмейм, өзіме мүлдем олай көрінбейді. Адамдардың ойынша, жазып жүру, жоспарлау - қызық емес дегенді білдіретін сияқты. Негізі ондай емес) Керісінше, жазып жүру - жүйелеуге, ештеңені ұмытпауға үйретеді.

Бәрін жазу - бәрін орындау дегенді білдірмейді. Кейде болмай қалуы мүмкін, басқа жағдайлар боп қалуы мүмкін, өмір ғой) Қарапайым мысал: адам 2ГИС-ті пайдаланғанда, қайда, не барын біліп, тиімді жолмен баратынын алдын ала біледі, ия? Ия, ол кедергілерге байланысты бағытты өзгертуі мүмкін, бірақ карта әр өзгеріс сайын, оған қайда кетіп бара жатқанын, қашан жететінін еске салып отырады. Сол сияқты шамамен болсын жоспарлау адам үшін маңызды деп ойлаймын.

Ендігі апта не болады, қалай болады деп уайымдап жүрмес үшін, алдын ала маңызды нәрселерді және уақытын осылай алдын ала белгілеп алған ыңғайлы.
331 viewsedited  18:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 09:14:20
328 views06:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 09:13:30 4 адам өз орнын алды

Енді бір адамға орын қалды. Қазір жазылғандардың кім екеніне бір үңіле кетейік:
1. Атыраудан, 3 курс студенті, Автоматтандыру және басқару мамандығы
2. Алматыдан, 3 курс студенті, Программалық инженерия мамандығы
3. Тараздан, 2 курс студенті, Технолог мамандығы
4. Алматыдан, 3 курс студенті, Бизнес логистика мамандығы

5ші адам болуға асық) Айтпақшы, бұл нәрсе топтық емес, барлық жұмыс жеке жүргізіледі.

Постты пайда алам ау деген мақсатта оқыған адам үшін, бір инструмент туралы айта кетейін.

Егер сізге күнделікті істейтін істерді қадағалайтын қарапайым приложение керек болса, Habit деген app-ты басып алуға кеңес берем. Өзім енді енді қолдана бастадым. Trello, Notion дегендерге қарағанда тек базалық функцияның болуы, тапсырмаларды оңай әрі тез қадағалауға мүмкіндік береді.

Ал егер, бағыт бағдар беруші адам қажет болса, 5шы менти болуға шақырам.
erkanat.uibdc.kz
331 views06:13
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 21:20:15 Менторлық туралы көп жаза бергенім дұрыс болмас.

Дәл қазір жеке сайтты таныстырғым келіп тұр. Ментор кім? Қандай адам? деген сұрақтарға кішігірім жауап беруге тырыстым. Сондай-ақ, ментор болуға байланысты сұрақтарға жауап беріп, ментор болу шарттарын жаздым.

Кіріп көрсеңіздер болады.

erkanat.uibdc.kz

Шынымен, студенттік шағын тиімді, әрі пайдалы өткізгісі келетін, жаңа инновацияларға ашық адамдар жазса екен деймін.

Ескерту: 5 орынның 1еуін бір танысым алдын ала иеленді. Енді 4 адамға мүмкіндік бар.
386 views18:20
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 14:18:29
Асхат деген кісі осы)

Мынау сол кезде жазғаным.

https://instagram.com/askhat.bolatkhan?utm_medium=copy_link
69 views11:18
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 14:16:09
73 views11:16
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 14:15:09 Ментор бәрін білетін адам болу керек па? Ментор іздегенде не маңызды?

Маңызды сұрақтар, ия? Бұрын : "менторым үлкен жерде істейтін, біраз жетістігі бар адам болса" деп ойлайтынмын. Бірақ, қазір ол пікіріммен келіспеймін.

Меніңше, өмірдің әр этапында бізге әртүрлі адам қажет.
оқушы болсаң, мықты бір студент менторың болғаны күшті
студент болсаң, оқу бітіріп, түрлі жұмыстарды көріп жүрген адам менторың болғаны маңыздырақ
ал егер жұмысыңды жақсы біліп жатсаң, сол жұмыстың кәсіби маманы менторың болса, сен жоғары деңгейге өсесің.

Әрқашан ментор өзіңнен 1-2ақ деңгейге үлкен адам болғаны дұрыс деп ойлаймын. Ментор тек саған үйрететін/ жол нұсқайтын адам емес, ол саған үйрете отыра, өзі өсетін адам.

Алдыңғы постта айтқан Асхаттың 12 сабағы болды. 4шы сабақтан бастап, ол үйретіп жатқан нәрселерді түсінбей, қатты қинала бастадым. Курстан шығып кетсем бола ма? деп жазған да болатынмын. Егер қазір сол сабақтарды қайта үйретсе, оңай қабылдайтыныма нақты сенемін. Просто сол кезде мен дайын болмадым.

Соның кесірінен Асхаттан алатын білімім төмен деңгейде болды. Бірақ, ол мамандық таңдауға, компаниялармен танысуға, өзім ізденуге жол ашып берді. Ментор - барлық саланы үйретуі маңызды емес, ментор сен қажет ететін сұрақтарға дұрыс жауап берсе, соның өзі үлкен көрсеткіш.

Құдай қаласа, ертең менторлыққа байланысты бағдарламамды көрсетемін. Бұл посттар реклама бағытында ғана емес, жаплы ментор табу барысында да көмектеседі деп үміттенемін.

Айтпақшы, кешегі опрос біраз қуантты. Адамдардың ментор туралы көзқарасы жақсы екен. Төменде кейбір адамдардың жауабын скриндап салып қойдым.

Соңғы нәрсе, ментор - ол саған бәрін түсіндіретін адам емес, оның негізгі миссиясы сенің басыңдағы түрлі ойлардың бір арнаға тоғысуын қамтамасыз ететін адам.
79 viewsedited  11:15
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 14:34:17 Ментор немесе сүйікті жұмысымды табуға көмектескен адам

2020 жылдың мамыр айында инстаграмнан бір пост байқап қалдым. Пост иесі BTS Digital деген компанияда, продукт менеджер болып жұмыс істейтін Асхат есімді кісі еді. Постта:

" 3 айлық менторлық курсты бастаймын. Курс барысында продукт менеджер болу туралы, мамандық туралы, қалай жұмысқа кіру туралы сабақтар өткіземін. Қатысу құны 200 000. 50 000 тг бірден төлеу керек, ал қалғанын 3 айдан кейін төлеу қажет. Менторлық барысында мақсат қоямыз, мақсатқа жетсең, ақша төлейсің, жетпесең ақша төлемейсің" деп жазылды.

Қатты қызықтырды. 50мың көп ақша ғой негізі, ұзақ ойлануды қажет ету керек әдетте. Бірақ, дәл сол моментте ішкі түйсік қатыс дегендей болды да, бірден жазып, ертесіне қажет сумманы төледім.

Әлі күнге дейін сол бір жұмсалған ақшаны өмірімдегі ең маңызды инвестиция деп есептеймін. Сол бір продукт менеджер деген мамандықты қатты жақсы көріп қалғаным соншалық, әлі күнге дейін сол сала бойынша жұмыс істеп келе жатырмын. Сол саланың қызықтығы, ерекшеліктері, сондай-ақ айлығы қатты ұнайды)

Так вот, Асхаттың 3 айда айтқандары, үйреткендері көзқарастарымды толық өзгертіп, енді универ бітірген маған көп көмегін тигізді. Сол кісіні алғашқы менторым деп мақтана айта аламын.

Ментор деген түсінікке бұрын дұрыс мән бермеппін. Ментор біз ойлағаннан да маңызды тұлға бола алатынына көзім жетті.

Соңғы уақыттары оқушы/студенттермен көп жұмыс жасамай кеттім. Сол нәрсені "Менторлық" арқылы жаңадан бастасам деп ойлаудамын. Толық ақпаратты кейін шығарамын. Әзірше, "бұл нәрсе вообще керек па?" деген сұраққа жауап алғым келіп тұр. Сол нәрсені анықтау үшін, 1 минутыңызды алатын мына опростан өтіп, бір жақсылық жасауыңызды сұраймын)

https://forms.gle/QwmvbJAiqnThxbXE9
277 views11:34
Ашу / Түсініктеме