Get Mystery Box with random crypto!

Өмірде де түрлі анализ жасауға болады. Қызық бір экспериментпе | СтудХакер🌍

Өмірде де түрлі анализ жасауға болады. Қызық бір экспериментпен бөлісейін.

Осыдан 9 ай бұрын Атырауға жұмыс сапарымен бардым. Жайық жағасында велик теуіп жүргендерді көріп, велик сатып алғым келіп кетті. Бірақ, екі кедергі фактор болды.

1) Атырауға уақытша келдім, кетер кезде оны не істеймін?
2) 1 айдан кейін қыс басталады, қыста оны қалай тебем?

Осы 2 фактор велик алуыма қарсы болды. Бірақ, менің қалауым қаттырақ болып тұр. Солай, бір методты қолданайын деп шештім.

1) OLX-ке "велик" деп жазып, Атырауда сатылатын великтердің орташа бағасы 27 000 тгны құрайтынын түсіндім.
2) Жарнамалардың уақытына қарадым. Көп жарнаманың салынғанына 2-3 ақ күн болған екен.
3) Әр жарнаманы орта есеппен 150-200 адам көрген.
4) Архивтегі жарнамаларды көргенімде, әр жарнама орта есеппен 6-7 күнде өшіп отырғанын байқадым.

Осы 4 пункт бойынша мынандай қорытындыларға келуге болады. Атырауда великке деген сұраныс бар. Неге? Себебі:

1) Жарнаманың 6-7 күн тұруы, 6-7 күн ішінде сатып алушы табылады дегенді білдіреді.

2) Жалпы жарнама саны 15ты құраса да, әр жарнаманы 150-200 адам көруі, әр великке 10-20 адам таласады, яғни велик бағасының түсіп кетуі мүмкіндігі аз.

3) Ал 1 аптаға жалға алу 10 000 тгны құрайды. Яғни, сатып алып, кейін сатып жіберу әлдеқайда тиімдірек.

Солай, бір великты сатып алып, 10 күннен кейін, қайта сатып жібердім

Вроде, қарапайым қадамдар, бірақ логикалық әдемі тізбектер нәтижесінде, қалауды оңай қанағаттыра алдық.

Осындай тектес ситуациялар өмірде барлығымызда көп болады. Бастысы, арасында ойланып, сәл сәл логиканы іске қосу керек.