Get Mystery Box with random crypto!

Ішкі сезім Бүгін ең қауіпті, тәуекелге толы шешімдердің бірі | СтудХакер🌍

Ішкі сезім

Бүгін ең қауіпті, тәуекелге толы шешімдердің бірі жасалды. Ол халықтан қолдау сұрау арқылы арнайы оқу курсына жазылу еді.

Ақылды шешім болды ма/ әлде ақымақ шешім болды ма, әлі ойланып отырмын...

Менің мамандығым қиыыын ше, оны ещё адамдарға түсіндіре алмайм, немен айналысатынын. Қысқаша айтқанда, мен IT технологиялардың аналитикасына, разработкасына жауап беремін.

Енді мәселе мынада, менің саламдағы ең мықты курс GoPractice деп аталады. Бұл курстың мықты болғаны соншалық, егер 90+ке оқысаң, сені Ресейлік Mail.ru, Yandex, Қазақстандық Kaspi деген компаниялар жұлып алып кетуге дайын. Рынокта ең жоғары баллмен бағаланады.

Бірақ, мен неге ақымақ шешім ба деп жатырмын. Соңғы уақытта бір жағдай болып, бір жобаға үлкен көлемде венчурлық инвестиция жасауға тура келді. И қазір практический ақшам жоқ И алдағы бірнеше ай тоже тек базалық деңгейдегі ақша болады ау.

Скорее всего подписчиктер максимум 20% ғана ақшаны қамтамасыз етіп береді. И мен 80% ақшаны табуым керек, қайдан екенін білмейм, но табу керек)

И ещё, уже артқа шегінер жол жоқ, курсқа ақша жоқ деп, ақшаларын қайтарып беру ұяяят

Даже если сатып алсам да, курс сабақтары арнайы симуляторда өтеді, и реально қиын дейді. Бұның өзі үлкен жауапкершілік болайын деп тұр.

Бір жағынан хайырлы болар, ешбір нәрсе жайдан жай болмайды ғой, қиналсам бірнеше ай қиналып алармын деп ойланып отырмын.

Құрметті жігіттер қыздар, менің бір түсінгенім, сапалы білім шынымен керек. Дұрыс білім алу үшін - күресу қажет.

Мына курс үшін күресу, шынымен мен үшін қиын. Адамдар ойлайды, стартап проекттермен айналысу күшті, рахат деп. Бірақ соңғы бір жыл өзінде жалпы 800 000 тгдей шығын кетті.

Тіпті соңғы кездері ақша аз болып, достармен кафе/отырыс/туған күндерге бармай кеттім. Шынымды айтайын, бұл үшін ұялмаймын. Жасап көрмеу, мүмкіндікті пайдаланбау, ақшаны бос нәрсеге құрту - мен үшін ұят. Ал ақша аз болса да, әр нәрсе үшін күресу мүлдем ұят емес.

Осы курсқа барша адамнан қанша ақша жиналатынын білмеймін, бірақ бұл қадам жасалды. И бұл қадам дұрыс болуы үшін барынша тырысамын..

Сенім артып, қолдап жатқандарға ризамын