Get Mystery Box with random crypto!

Қандай курс сатып алдым? Ол не үшін керек болды? Осыдан 5 күн | СтудХакер🌍

Қандай курс сатып алдым? Ол не үшін керек болды?

Осыдан 5 күн бұрын аяқ-асты краундфандинг форматында қор жинап, GoPractice деген курсты 275 000 тг-ге сатып алған болатынмын. Курс туралы өз пікірімді және не үшін маңызды болғанын жазайын, қолдап, ақша жіберген 150ге жуық адамға қызық болар деп ойлаймын.

Бірінші менің мамандығым қандай? Мен қай салада жүрмін деген сұраққа жауап берем. Мысалмен түсіндірейін:

Елестетіңіз, Kaspi Қазақстанда ғана емес, өзінің жұмысын Ресейде де жүргізісі келді делік. Kaspi ақымақ емес, олар Қазақстанда мықтымыз, Ресейде де мықты боламыз, ол жаққа кеттік деп, іс әрекет жасап кете алмайды. Kaspi не істейді?

Kaspi - Ресей нарығын толық зерттейді. Неше жылда ол жақты жаулап ала алады, қанша миллион адамды тарта алады, әр адамды тарту үшін қандай ресурс қажет, осы сұрақтарға жауап іздейді. Егер жауап тауып, көшеміз дегеннің өзінде, олар анализ нәтижесінде байқады, оказывается Қазақстандағы Kaspi-дегі көп функция қажет емес екен, Ресейдегі адамдар психологиясы қызылды емес, басқа түсті ұнатады екен мысалы. Солай ол жаққа мүлдем бөлек продуктпен кіреді.

Так вот, төбедегі абзац мен айналысып жүрген, мен болашағымды байланыстырып жүрген сала. Ол продукт-менеджер деп аталады. Продукт менеджер командадағы ең жауапкершілігі көп, и ең уайымы көп адам. Ол барлық команда мүшелерінің жақсы жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді.

Мамандығым түсінікті болды деп ойлаймын, енді курсқа көшейік. GoPractice курсы - продукт менеджерлер пікірі бойынша ең мықты курстардың бірі болып саналады. Ол видео-теория форматында емес, арнайы симулятор түрінде өтеді. Яғни оны өтірік өту, көшіру, тегін доступ алу - деген мүмкін емес. Курсты - Facebook, Google компанияларында істеген Олег Якубенков деген жігіт жасаған.

Курс мақсаты бойынша, сен бір компанияға жұмысқа тұрасың. Солай компанияда 0ден бастап, ең мықты компания болам дегенге дейінгі жолды жүріп өтесің. Курс барысында шын компанияларда кездесетін, 400ге жуық тапсырма беріледі. Яғни, сенде оқу түрінде емес, жұмыс секілді өтеді.

Курс - аналитикаға бағытталып жасалған. Мысалы, сіздер кез келген приложение жүктегенде, сіздердің барлық іс-әрекеттеріңіз арнайы базаға түседі. Біз, қанша уақыт приложениеде болғаныңызды, айына неше рет пайдаланғаныңызды, қай кезде қандай қиындық болғанына дейін бақылай аламыз.

Аналитика - менің ең әлсіз тұстарымның бірі еді. Жоспар бойынша, бұл курсты 1 жылдан кейін алуым керек болды. Бірақ, мәселе оңынан шешіліп, 1 жыл ерте алғаныма қуаныштымын. Негізі, көп адам сұрап жатады, қалай курстарды оқи бересің? Курс пайдасыз емес па? деп

Көп ситуацияда шынымен курстар пайдасыз. Бірақ, мен қаржы мамандығынан IT менеджментке ауысқаннан кейін, менде білімде үлкен пробел болды. И мен қазір оқып, қазір көбірек тырыспайтын болсам, уақыт өткен сайын, жауапкершіліктер көбейіп, дұрыс білім алуға мүмкіндік болмай қалуы мүмкін.

Мәселе курстарды көп оқығанда емес , мәселе курстарға әр адамның қалай қарауында деп ойлаймын. Университет/мектеп/қоршаған орта бізге қажетті білімді бере алмауы мүмкін. Бірақ, практикалық тәжірбиесі бар, нақты жетістіктері бар адамдардың жинақталған курстарының эффектісі өте көп. Сіздерде айтарым, курс таңдау/мұғалім таңдау барысында дұрыс ізденіс керек.

Дұрыс таңдалмаған курс - сізге сапасыз білім ғана емес, сізге мамандығыңызға деген жаман көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Осы курс өту барысында, әр бөлімнің қатты ұнағаны соншалық, таңдаған салам қиын болса да, әрқашан жақсы көру сезімі жоғары тұрады.

Сонымен, қысқаша қорытынды:
1. Продукт менеджер - ол IT продуктты жүзеге асыратын адам
2. GoPractice - практикаға негізделген ең үздік курс
3. Курс таңдағанда - курстың сапасына/ курс иесінің кім екенін зерттеу керек
4. Сапасыз курс -жаман нәтижелерге алып келеді

Постты соңына дейін оқысаң, бір смайлик қалдыра кет)