Get Mystery Box with random crypto!

Тақырыбы жоқ пост Бірнәрсе жасағысы келетін, бірақ белгілі бі | СтудХакер🌍

Тақырыбы жоқ пост

Бірнәрсе жасағысы келетін, бірақ белгілі бір уақытты/кезеңді күтіп жүргендерге, сондай-ақ білімді қай кезде алғанда пайдалырақ болатынын білгісі келетіндерге арналған пост.

Кейде мынандай сөйлемдерді естіп жатамыз:

- " Ой, мен ол нәрсені әзір бастай алмаймын, біраз тәжірбие жинайын"
- " Менің ақылым жетпейтін сияқты, әлі біраз оқуым керек"
- " Оның уақыты келмеді, сосын бастаймын"

Сенде осы сөйлемдерді біраз естіген шығарсың. Ең қызығы, менде сондай сөйлемдерді өте көп айтқам) Оказывается, мен қателескен екенмін. Енді логикалық сұрақ туындайды, мен қателескенімді қайдан білдім?

2020шы жылы мен 4 түрлі бизнес жобамен айналыстым. Өте жақсы ақшалай пайда да болды, өте көп шығын да болды, командадағы адам саны бірнеше есеге өскен кез де болды, командадан адамдар шыққан кездер де болды, жалпы айтқанда өте көп іс әрекеттер жасалды.

Қазір ойланып қарасам, өте көп қателіктер жасадым. Дұрыс анализ болмады, дұрыс бизнес модель болмады, дұрыс бағытта дамытпаған екенмін. Но, сол жасап жүрген кезде маған бәрі идеально көрінген, как будто бәрін білетіндей, көп сенімді шешімдер қабылдадым.

Соңғы уақытта бизнес аналитика, әр бизнестің бағыты туралы, тәуекелмен бизнес модельдер туралы көп оқудамын. Әр компанияның мысалдарын зерттегенімде, өзімнің 1 жыл бұрын қабылдаған шешімдерімді есіме түсіріп, салыстыра бастаймын. Қазір қиын тақырыптардың барлығы оңай боп көрінеді, неге білесіз бе? Себебі сол ситуацияларды 1 жыл бұрын практика жүзінде көрдім.

Егер мен 1 жыл бұрын сол іс әрекеттерді істемегенде, менде қанша жерден күшті білім алуға тырысқаныммен, оның мәнін түсінбейтін ем, 1 күннен кейін ұмытып кетер едім. Ал қазір әр жаңа білім - бұрынғы жасалған іс әрекетіме түсініктеме беріп, "иеееее, солай екен ғой, негізі былай жасауым керек екен ғой" деп ойландырып тастайды.

Досым, сен студент болсаң да, оқушы болсаң да, бітіріп кетсең де, белгілі бір арман-мақсаттарың бар, солай ғой? Арман-мақсатқа жету жолында білім маңызды, ол труизм, яғни қарсы келе алмайсың. Так вот, арман- мақсат деген біршама уақыттан кейін, сен дайын болғанда орындалатын нәрсе емес екен.. Кез келген бір результатты қаласаң, оған кейбір қадамдарды қазір жасап көрші. Сол кезде сен ненің маңызды екенін түсінесің да, сол бағытқа бағытталасың.

Ең маңызды нәрсе бағытты анықтау деп ойлаймын. Ал дұрыс бағытты анықтау үшін, әрқашан попыткалар жасау керек, сезініп көру керек екен)

100 кітап оқыған күшті, бірақ пайдасыз, егер сен оның мәнін түсінбесең. Ал егер бірнәрсе істеп, сол нәрсенің кітабын оқысаң, сен екінші рет сол іс әрекеттерді жасағанда әлдеқайда білімдірек, күштірек жасайсың.

Қорытынды резюме:
- білім алу деген бөлек, білімді қабылдау деген бөлек
- әр жасалған іс-әрекет бағытты айқындай түседі
- бірінші білім, сосын практика емес, маңыздысы практика - білім - практика