Get Mystery Box with random crypto!

Ал сіз тағдырға сенесіз ба? Мен тағдырға қатты сенетін адаммы | СтудХакер🌍

Ал сіз тағдырға сенесіз ба?

Мен тағдырға қатты сенетін адаммын. Менің ойымша, қазір болып жатқан іс-әрекеттің барлығының хайыры бар, и ол қажет уақытта, қажет орында, қажет адаммен боп жатыр деген түсініктемін.

Ия, мүмкін бізге берілетін қиындық, кедергі - дәл қазір ауыр боп жатқан шығар, мүмкін қазір өзімізді нашар сезініп жатқан шығармыз, бірақ дәл осы ситуация, сен есіңді жиып, жан-жағыңа басқаша қарасын деген мақсатта болып жатқан шығар.

Ең жаманы, адамдардың осындай кездерде радикалды, ауыр іс әрекеттерге баруы, эмоцияны ұстай алмай, артық нәрсе айтып қалуы. Қиын ситуациялардың болуы барлығымыз үшін қалыпты нәрсе, бірақ сол ситуацияда кім қандай шешім қабылдайтынына байланысты, біздің өміріміз түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Мұндай ситуацияларды жоқ қылу, нөлге теңестіру мүмкін емес. Но бұл жағдайларда не істеуге болады? Ойланып көрейікші..

1. Адам жеке өзі шешім қабылдамауы керек. Жақын дос, жақын таныс, немесе қалаған басқа бір адаммен ақылдасып, ол адамның ойын тыңдау маңызды. Себебі, жалғыздықта қабылдаған шешім қабылдағанда, сенің ойың тұмандатып, сен көп нәрсе көрмеуің мүмкін. Ал өзге жақындармен сөйлесу, сенің көзіңді ашуға көмектеседі

2. Асықпау керек. Артық айтылған сөз/артық істелген іс-әрекетке қарағанда, кеш, бірақ дұрыс таразыланған шешім маңызды. Өмірде ұрсысып қалған, ренжісіп қалған сәттеріңді еске алып көрші, көп ситуацияда асығыстық болғанын байқайсың.

3. Ситуацияны қабылдау. Егер ситуация уже болып қойған болса, сен белгілі бір іс-әрекеттер жасап қойсаң, өкінудің қажеті жоқ. Ия, мүмкін біршама күн сенде жаман сезім болар, бірақ ол ситуация не үшін болғанын, қалай болғанын ойланып, өзіңе жауапкершілікті алып, соңы жақсы болатынына сену керек)

Негізі, мұндай посттар жазбайтын едім. Соңғы уақытта, өмірдің көп сферасында өзгерістер болып, жұмысқа деген, жеке өмірге деген жауапкершілік артып, шешім қабылдаудың, сабырлылықтың, өзіңді дұрыс ұстаудың маңыздылығы туралы көптеп ойлана бастадым.. Сол ойлардан туындаған пост болсын.