Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 16

2021-07-14 14:53:21 Сәлеееем барлығына

Осы текстті көріп отырсаң, жай ғана астына кез келген бір смайлик қалдырып кетші

Мен біршама нәрселерді ойлап жүрмін, соларды бірден жазып, бастап кетпей, кім бар/кім жоқ, бір біліп алғым келді)

Дос-бауыр, аға әпке, іні қарындас, таныс-тамыр кім бар? Бір ғана смайлик и всё)
274 viewsedited  11:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 12:53:15 GoPractice курсын аяқтадым!

Осыдан 1 ай бұрын краудфандинг арқылы, достар, таныстар арқасында курс сатып алған болатынмын. Білмей жатсаңыз, курс туралы жоғарыда постта да бар. (курс)

Курстан түсінгенім туралы жаза кетсем дедім.

Курс мен үшін өтее қиын болды. Практикаға негізделген курс болған соң, менде практика көп болмаған соң, ақпаратты қабылдау үшін біраз тер төгуге тура келді. Курсты бітірсем де, оның мәнін түсінуге, оны қайта қайталауға бір емес, бірнеше ондаған рет қайтып келетінім анық.

Осы курста 22 бөлім болса, әр бөлімді игеру үшін, қосымша 4-5 статьяны оқу керек болды. Енді қиын курстарды өтпес бұрын, базалық білімді жетілдіру қажет немесе курстың әр сабағын түсіну үшін 3 реттен көру керек деген ой туындады.

Алдында СюХаРи деп жазған постым естеріңізде ма? Есте болмаса, сол постты оқуға қайта кеңес берем! Сол метод ауыр материалдарды түсінуге, қабылдауға жақсы көмектеседі. Осы курс барысында да, өзге курс барысында соны көп қолданудамын. (осында бас)

Сөйтіп, өте маңызды курсты аяқтадым. Енді дата-аналитика бойынша қадамдар жасауға жаймен дайындалудамын. Өмір өзіміздікі, әр ісімізге өзіміз жауап береміз. Үлкен арман-мақсаттар қоя берейік, ағайындар!
288 viewsedited  09:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 12:53:12
287 views09:53
Ашу / Түсініктеме
2021-06-29 10:42:23 Білімге салынған инвестиция ең үлкен қайтарымы бар инвестиция.

Білім тек теория емес.

Білім = теория + практика.

Практика тек жұмыс істеу емес.

Практика = жүздеген жаттығу+ қайталау

Сапалы білім тек қымбат курс емес.

Сапалы білім = сен сенетін + сен түсіне алатын ақпараттар
447 viewsedited  07:42
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 12:24:39 Қазіргі таңдағы өзімдегі ситуацияны жазайын. Мен екі түрлі бағыт бойынша ғана білім алудамын.

1. IT продукттарды басқару

2. Бизнес аналитика

1 айдан кейін аналитика бойынша жұмыс ауыстырайын деп жатырмын. Оказывается, аналитик болуым үшін Python, Pandas, Numpy, SQL, PowerBi деген инструменттерді білуім керек екен.

1 ай ішінде оларды толық игеруім мүмкін емес. Егер толық игерем деп, жоғарыдағының тек 1-2 еуін оқысам, кейін жұмысқа қабылдау барысында басқасы туралы сұрақ қойып, мен білмей қалсам, скорее всего алмай қоюы мүмкін.

Сол үшін қазір жоғарыдағының бәрінің базалық деңгейлерін өтудемін.

Бұл алдыңғы посттағы бірінші жауап.

Ал енді IT продукттарды басқару бойынша айтайын. Бұл салада ең маңызды нәрсе продукт метрикаларын идеалды меңгеру. Кез келген компания метриканы түбіне дейін сұрауы мүмкін.

Так вот, бұл ситуацияда мен продукт басқарудың барлық нәрселерінің базалық білімін алғым келмейді. Мен тек метрикаларды идеалды білу үшін, әр метриканы үйренуге 1 күнімді арнаудамын. На самом деле, әр метриканы түсіну үшін 10ақ минут жеткілікті

Түсінікті деп ойлаймын, бұл 2ші жауапқа тікелей қатысты.

Осындай ситуациялар сенде де өте көп болуы мүмкін. Сондай кездері білім алу жүйесін құруда - саналы шешім қабылдауға тырыс

Бүгінгі посттар пайдалы болса, бір смайлик қалдырып кет)
218 viewsedited  09:24
Ашу / Түсініктеме
2021-06-27 12:12:38 Білім алу/ түсіну/ қабылдау деген не?

Бұл пост курс өтіп жүргендерге, білімді дұрыс алғысы келетін, жүйелі ақпарат қабылдағысы келетін адамдарға арналады.

Білім алу барысында қандай проблема бар?
- адам оқиды, бірақ ұмытып кетіп жатады
- адам дамығысы келеді, бірақ оқу жүйесі жоқ
- адам білім алуды қалайды, бірақ маңыздылығын түсіне бермейді

Жалпы кез келген білімді алу барысында өзімізге қойылу керек маңызды бір сұрақ бар. “Мен бұл білімді қандай мақсатта алудамын?”

Бұл жерде 2 түрлі жауап болады.

1. Жаңа білімді алу арқылы - менің көзқарасым кеңейіп, мен кеңірек ойлана бастаймын. Егер мен кеңірек ойлана бастасам, менде дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі көбірек.

2. Жаңа білімді алу арқылы - менің нақты бір салаға бағытталған білімім артып, мен бұл саланы тереңірек біле бастаймын. Егер мен тереңірек білсем, мен қателеспейтін боламын.

Екі жауап ұқсас па? Мен үшін екі жауаптың арасы жер мен көктей. Давай, салыстырайық)

Бірінші жауапқа мысал келтірейін:
Мен мықты аналитик болғым келеді. Қазір аналитик ретіндегі тәжірибем жоқ. Аналитик болып жұмысқа тұруды қалаймын. Ең төмен лауазымға кіру үшін, маған компания 4-5 түрлі тақырып бойынша сұрақ қоятынын білемін.

Дәл осы позицияда менің нақты бір саланы тереңірек білуім маңызды емес, маңыздысы менің сол 4-5 тақырыпты базалық түсінетінім, және ненің не екенін айта алатынымда.

Так вот, бұл ситуацияға дайын болу үшін мен білімді алар да, бір екі нәрсені терееең оқуға тырыспаймын. Керісінше, 7-8 түрлі тақырыптың базалық элементтерін білсем жеткілікті.

Бұл түсінікті ма? Осы жерден тоқтап, толық түсінуге тырыс. Мысалды қайта оқып, жауаппен салыстыруға кеңес беремін.

Енді екінші жауапқа мысал:
Мен уже нақты бір жерде жұмыс істеудемін, нақты қызметтерім бар. Немесе ағылшын тілін оқығым келіп жатыр делік.

Бұл ситуацияда менің құндылықтарым бөлек. Маған 7-8 түрлі тақырыптың базалық білімі емес, нақты істеп жатқан ісімнің білімі маңыздырақ.

Так вот, бұл ситуацияда мен көп сөзді білуді, жаттауды ойламаймын, мен 100 сөз болса, бірінші 100 сөзге 1000 түрлі мысал жазып, толық меңгеремін. Себебі, 1000 сөзді бүгін біліп, ертең ұмытып қалғаныма қарағанда, 100 сөзді біліп, соны тиімді пайдаланғаным маңыздырақ.

Ал енді екі жауаптың айырмашылығын түсіндің ба?

Досым, қазіргі таңда білім алу/оқу, курс өту - ештеңені білдірмейді.

Өзгелер көп оқып жатыр деп, көп оқуға тырыспа! Өзгелер осылай оқуда деп, сенде олай оқыма!

Әр жаңа нәрсені үйренуде өзіңе жоғарыдағы сұрақты қойып, қай мақсатта оқып жатқаныңды анықтап ал!
244 viewsedited  09:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 16:39:46 Ұлы қазақ тұлғалары туралы да кинолар қашан шығады екен?

Әлде уже бар ма? Кім біледі?
357 views13:39
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 16:35:01
369 views13:35
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 16:34:58 Человек который познал бесконечность

Соңғы жылы көрген, көріп жүрген киноның бәрі шынайы оқиға негізделген, белгілі бір адамдар туралы еді. Оларды көргенде ерекше сезім болып, солардың өмірін өмір сүргендей сезім болады. Бүгін міне тағы біреуін көру бақыты бұйырды.

Математика ғылымында ұлы жаңалықтардың бірін енгізген үндіс Сринивасы Рамануджани еді. Ол - мықты жерде оқымаса да, қарап, ізденетін ақпараттар жоқтың қасы болса да, өзі қаншама жылдар бойы еңбектеніп, математикадағы ең маңызды формулалардың бірін тапқан адам.

Маған оның өміріндегі ең қатты ұнағаны - ол ойлағанын, жасағанын өзге профессорлар қабылдамаса да, соңына дейін барды. Ең кедей мемлекеттен, кедей кастадан шықса да, сол математика үшін қаншама зерттенгені, отбасын тастап, Англияға кеткені сұмдық мықты енді.

Өкініштісі ол 32 жасында аурудан қайтыс болған екен. Ал оның еңбектерінің көп бөлігін сол заманның адамдары қабылдамағанмен, арада 50-60 жыл өткеннен кейін дәлелдене бастапты. Ал қазір "Черная дыра"-ны зерттеу барысында, соның формулалары фундаметалды қызметті атқарады екен.

Қазір қолымызда әлемнің кез келген білімі/ақпараты тұрса да, әлдеқайда білімсіз екеніміз, көп адамның төмен білім деңгейінде қалып кетіп жататыны өкінішті..
371 views13:34
Ашу / Түсініктеме