Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 13

2021-09-09 11:50:56 Кеше Евгений Черняктың бір интервьюын көріп жатып, керемет сөзді естіп қалдым.

"Университет қазір білім алатын орта емес, университет қазір орта қалыптастыруға арналған платформа болып кетті" деп айтқан еді. Ойымда автоматты түрде "менің универдегі 4 жылым қалай өтті?" деген сұрақ туындады.

Университетте мен қаржыгерге оқысам да, қазір IT салада жүрмін. Соответственно, білімнің 90% бөлігін қазір қолданбаймын десем де болады. Бірақ, осы IT бағытқа келуіме универдегі достарыммен жасаған жобаларым әсер етті.

Соңғы 2 жылда 8 жоба істелінді. 8 жобада 70-ке жуық адаммен жұмыс жасадық. Сол адамдардың барлығымен делік, университеттегі таныстық арқасында, универдегі пікірсайыс клубының арқасында танысып, араластық.

Осы жерде ескеретін бір нәрсе - біз ортаны өзіміз таңдадық. Орта аспаннан келіп түспеді. 1шы курсымда бірнеше студенттік ұйымға кіруге тырыстым. Пікірсайыс клубының бірде бір жиналысынан, бірде бір турнирынан қалмадым. Апта сайынғы ұйымдастырылатын бизнес кездесулердің бәріне қатыса бердім. Әр аймақтағы жарыстарға барып, әр аймақтан таныстар таба бастадым.

Осы процесстерден кейін ортақ қызығушылығымыз бір, мақсат мүддесі ұқсас, армандарымыз биік адамдарды кездестіре бастадық. Әр отырыс, әр кездесу - бізді жігерлендіріп, кіммен, қалай жарысып жүргенімізді есімізге салатын. Біз жекелей барлық нәрсені білмесек те, біз бір-біріміздің жақындағымыздың арқасында барлық саладан үздік результаттар көрсететін едік.

Осыны жазудағы мақсатым: өсу үшін, жақсы өмір сүру үшін - білім ғана керек деген түсінік қате. Білім шексіз, шексіздікке жету қиын. Бірақ, достық, мүдделес қарым-қатынас - шексіз мүмкіндіктер сыйлауы мүмкін.

Ортаны таңда!
Ортаны қалыптастыр!
Ортада үздік атан!

Осы 3 принцип - университеттегі кез келген адамға маңызды деп ойлаймын.
203 viewsedited  08:50
Ашу / Түсініктеме
2021-09-08 01:09:43 Инстаграм және жалпы телефонды дұрыс қолданудың бір жолы

Инстаграмға тәуелділік, тиктокқа кеткен уақыттар, ютубтан сағаттап видео көру - деген мәселелер көп адамда жиі болатынын бәріміз де білеміз. Ол нәрселермен күресу үшін кей адам уақытын шектеп жатса, кей адам детокс жарияласа, кей адам удалить етіп жатады. Бірақ, 90% ситуацияда ол нәтиже бере бермейді.

Инстаға, керек емес істерге тәуелділікті жоюдың бір жолы - өзге нәрсеге тәуелділікті қалыптастыра отыра шешіледі деген өзіндік ойым бар. Сіз бұл нәрсеге келіспесеңіз де болады, бұл менің жеке ойым.

Енді өзге нәрсеге тәуелділік деген қалай? Ситуацияны түсіндіре кетейін, бұл постты жазу ойыма қайдан келді?

Бүгін мен өте ерте ұйықтадым, жұмыстан келе сала 20:00де ұйықтап, түнгі 3:00те ояндым. Солай соңғы 50 минут телефонды көре бастадым.

Бөліктерге бөлсек:
20 минут - инстаграм
10 минут - телеграм
10 минут - VC
10 минут - linkedin-ге кетті.

- Linkedin - ол кәсіби мамандарға арналған соц сеть. Ол жақтан мен компанияларда не боп жатқаны туралы, мықты мамандардың не істеп жүргені туралы посттарды оқимын. Бұл соц сеть-ке кіруімнің себебі, бұл жер - маған рынокта қаншалықты бәсеке барын, және қандай кәсіби деңгейге ұмтылу керектігін еске алып тұру үшін қажет.

- VC - бұл IT, стартап, бизнес және технологиялар туралы жазбалар шығып тұратын платформа. Мен қолым босаса болды, бірнәрсе оқығым келсе болды, осы приложениеге кіремін. Бұл соц сеть-ке кіруімнің себебі, бұл жер - IT саласындағы, жаңа технологиялар, инструменттер әлеміндегі білімімді жетілдіру үшін, жаңа нәрселермен танысу үшін қажет.

- Телеграм - бұл менің ең сүйікті әлеуметтік желім десем де болады. Телеграмды мен өте көп мақсатта қолданамын. Барлық жұмысты, барлық жазбаны, барлық команда адамдарымен осында сөйлесуге тырысамын. Сондай-ақ, осында Google, Olx, Booking, Facebook -та жұмыс жасайтын, мен қызығатын адамдардың каналына жазылып алғанмын. Бұл соц сетьке кіруімнің себебі, бұл жер - жұмыс процесстерін дұрыс жүргізе отыра, қажетті тұлғалардың жазбасын оқып, планканы әрқашан жоғарыда ұстау үшін қажет.

- Инстаграм - бұл нәрсе бәріне ясно енді) Бұл жерде ешқандай философиялық ой жоқ. Бірақ, мен инстаграмды прям қатты жаман деген ойдағы адам емеспін. Меніңше, адам әрқашан қоғаммен бірге болу керек, қоғамнан алшақтамау керек. Ал инстаграм қазір сол мақсаттағы - адамдардың ең көп пайдаланатын инструменті.

Жалпы посттың логикасын примерно түсіндіңіз деп ойлаймын. Бір жаман іс әрекетті өзге бір іс әрекетке деген құлшыныс қадағалап отыра алады. Біздің позицияда біздің дұрыс приложениелерді жиі пайдалануымыз - дұрыс емес приложениелерден сәлде болсын алшақтауға алып келеді.
70 viewsedited  22:09
Ашу / Түсініктеме
2021-09-05 21:13:38 Соңғы 2 күн іште қобалжулар болды. Жалпы мұндай ситуациялар кейде боп тұрады.

Астана қаласынан ауылға 3 күнге келген едім. Түрлі тұрмысты, түрлі отбасыны көріп, біршама ойлар келді.

Одан бөлек ауылда түрлі жаңалықтарды естіп, бір жағынан жаның ашиды. Білімсіздік, сауатсыздық қанша дегенмен де көп проблеманың себепкері ғой.

Адам білімсіздіктен жұмыс істемей, көше кезеді, отбасысында айқайласады, ортасында береке кетеді, ақыр соңында ішеді, солай кім көрінгенмен уақыт өтсінші деп өмірін бірсарынды өткізеді.

Ауылдағы көп таныстарымнан, кейбір достарымнан сондай өмір сүру салтын көргендей болдым. Жастары жап-жас болса да, ситуацияға көніп, ештеңе өзгерте алмайтындай ойлары да бар сияқты деп қаласың..

Еркелеп кеткен халықпыз ғой негізі. Көп нәрсенің мәнін түсінбей, бос әуре істермен шұғылданып жүре бергенді ұнатамыз.

1 рет қана сүретін өмірді неге олай өткізетіндерін түсінбеймін. Арман-мақсаттарымыз үшін, өзімізге берілген ресурстарды игеру үшін, неге жарыққа ұмтылмаймыз?

Болмайтын бір қиындықтарға, болмайтын бір сөздерге сынып қалатындар да жетерлік. Осы жердегі жақындар, сендерде ондай болмасыншы..

Жасап көргілерің келетін нәрсенің бәрін жасап көруге, берілген мүмкіндіктеріңді барынша пайдалануға тырысыңдаршы. Адам жаратылысын ақымақ деп ойлаймын. Әрқашан өзге бір жақын адаммен сөйлесіп, естеріңді жиып жүріңдер. Жай айтып қоя салатын емес, жеткізіп айтатын, қатты айтса да, дөп айтатын жақындарың болса, тіпті керемет.

Провал болады, осы естеріңде болсыншы. Біз ойламаған нәрселер частоооо болады. Бірақ, ол нәрселер бізді әлдеқайда дана(мудрый) етеді.

Қазір біздің ортада ең көп жетістіктерге жетіп жүргендер қатарына мен кіретін шығармын, бірақ, маған сенші, ең көп жеңілетіндердің де қатарында мен алғашқы орындарда тұрмын. Провалдарды айтып, көрсете бермесек те, ондай өте көп болады.

Бірақ, әр жасалған іс - мән мағыналы болса болды, оның результаты қатты маңызды емес. Кейде жеңіске қарағанда, жеңіліс көп нәрсені түсіндіретінін, көп нәрсені беретінін ұмытпайық..

Соңғы нәрсе, меніңше жақсы өмір сүрудің, бақытты өмір сүрудің жолы өте көп. Бірақ, сен, бір жолды таңдап сол жолда жүрсең, әлдеқайда результатын ерте көре аласың, чем әр нәрсені бір ойлап, секіріп жүргенге қарағанда. Сенші маған, бір жолда, бір өзіңе адал болып, сол процесстен ләззат алу, бірнеше жолда, бірнеше істе мағынасыз жүргенмен салыстырғанда әлдеқайда құндырақ.

Сол үшін қазіргі құндылықтарыңды, армандарыңды - ешқашан сатпашы, досым!
88 views18:13
Ашу / Түсініктеме
2021-09-03 17:08:56 Соңғы постқа 93 коммент жазылыпты

Олай болса, давайте жақсы бір Zoom кездесу өткізейік. Бұл іс шара тақырыбын: “Мағыналы студенттік өмір болу үшін не маңызды?” деп қойдым.

Кімдер қатыса алады?
11 сынып оқушылары
1-4 курс студенттері
колледж студенттері

Қандай мәселелер қозғалады?
студенттік өмірді продуктивті өткізу
жұмысты, даму сферасын дұрыс таңдау жолдары
студентке ақша табу маңыздылығы қандай?
ортаны қалай өзің таңдай аласың?

Осы тақырыптарды студентке ең маңызды деп таңдап алдым.

Өткізілу күні:
Жексенбі, 5 қыркүйек, 21:00

Ұзақтығы:
1-1,5 сағат

Базалық мәліметтерді жаздым. Енді қатысу үшін не істеу керек, көп адамды дұрыс ынталандыруым үшін не істеуім керек деп ойландым. Солай мына шешімге келдім.

Қатысу үшін 1000 тг төлем жасайсыз. Ол ақша - егер сіз Zoom-ға қосылсаңыз қайтарылады. Яғни, бұл ақшаны төлеу арқылы, сізде “қатысуым керек деген саналы ой болады”.

Запись болмайды
Тек тікелей эфир

Тікелей эфир ақпаратты сезіне отыра қабылдауға мүмкіндік береді.

Меніңше, бұл іс-шараға қатысқан әр студенттің құндылығы 67%-ға артады. Оны қалай есептегенімді, студент құндылығы туралы Zoom-да түсіндіремін

Төлем нөмері: 87478904540

Осы постты өзің бағалайтын, жақсы нәрсе алғанын қалайтын студент достарыңа жібер
Біліммен бөлісу - сауап

https://t.me/studhacker1
418 viewsedited  14:08
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 21:26:52 Осы жердегі барлық адамды жинап, неге бір танымдық видеосессия өткізбеске? деп ойланып жатырмын

Как раз кей студенттер 1шы курсқа барып, не істеген дұрыс, қалай бастаған дұрыс деп жатса, кей студенттер жұмыс, бағыт таңдау барысында көп ойлануда.

Инстада, өмірде - СММ, маркетинг, бизнес курстары қаптап жатыр. Бірақ, неге студенттердің ой танымына, дұрыс бағытта, дұрыс жолда жүруіне байланысты курстар жоқ?

Мен 1-2 сағаттық Zoom-да бәрін идеально түсіндіріп, сені мықты қылып жіберем деп айтпаймын. Бірақ, мен нақты білемін, мен сенің басыңа жаңа установкалар салып бере аламын. Қалауым, сол установкалар өмірдегі кез келген ситуацияда көмектессе, сүйенетін бір базалық фильтр болса деймін.

Жасаймыз ба ағайын? Бұл ой маған аяқ асты кеп қалды. Әзірше қанша адамға қызық боп тұрғанын көрейік.

не қалдыра кет)

қалдыру “қолдауды” білдіреді
қалдыру “білмейм” дегенді білдіреді
93 views18:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 21:34:17 Соңғы кездері жиі байқайтыным, кез келген бір салада жетістікке жеткен адам, өзге де салаларда жетістікке жетеді.

Кез келген бір істі дұрыс жауапкершілікпен орындайтын адам, өзге де істерді көбіне жауапкершілікпен жасайды.

Кез келген бір ситуацияда өзін лайықты көрсеткен адам, өзге де ситуацияда өзін лайықты көрсете алады.

Адамның әңгімесіне, қарапайым жасаған іс әрекетіне қарап, оның өзге де іс әрекеттерге қалай қарайтынын түсінуге болады..

Ешбір саладан жетістікке жетпей, барлық нәрсені көріп жүру қате. Бірінші бір саланың жеңімпазы болып, сезініп, сол механизмды, ойлау жүйесін орнықтырып барып, басқа нәрселерді де көру керек.

Мысалы, менде ол нәрсе дебат. Қанша ойын, қанша ай ұтылып, кейін бірнеше мәрте жеңімпаз болып, соңына дейін жеттік. Сол этаптардан өте алу қасиеттері - өмірдің барлық сферасында көмектесуде.
252 viewsedited  18:34
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 12:06:15 Барлығына сәлем! Бірнеше хабарландыру жасағым келіп тұр. Қазір мен жасап жүрген жобаларға бірнеше адам қажет болып жатыр. Төменде жобалар туралы және қандай адам қажет туралы жазамын. Егер сіз сәйкес келсеңіз, маған тез арада жекеге шығыңыз)

1. IT платформа 15 минут
Бұл сервисте әртүрлі салада, әртүрлі топ компанияларда жұмыс жасайтын жастар болады. Кез келген оқушы платформаға кіріп, сол адамдармен сөйлесіп, өзіне университет таңдауға, мамандық таңдауға бағыт бағдар ала алады. Ал студент платформаға кіру арқылы әртүрлі компания туралы мәліметтер алып, сол компанияларға қалай кіру керектігі туралы, сондай-ақ, жұмысқа тұру жолдары, түрлі бағдарламалар туралы мәлімет ала алады.

Бұл жобаға қандай адамдар керек?
- CMM маман (пост, сториға жауап беру, Mojo секілді инструменттермен жұмыс жасау)
- Копирайтер, зерттеуші, журналист (мақалалар жазу, зерттеу жүргізу, нарыққа анализ жасау)
- Видеограф (университеттер, мамандықтар туралы видеоларды дайындау, монтаж жасау)
- Дизайнер(фото, анимация жасау)
- Сайт жасап, басқарып үйренгісі келетін адам

2. СтудХакер жобасы
Студенттерге арналған подкасттар жиынтығы, студенттерге арналған телеграм канал. Жоба мақсаты студенттерге қажетті ақпараттармен бөлісу, жаңа деңгейге шығуға көмектесу.

Бұл жобаға қандай адамдар керек?
- Подкаст редакторы (аудио жазбаны редактура жасау)
- Подкаст үйлестірушісі (подкаст қонақтарымен келіссөздер жүргізу)
- Копирайтер (подкаст сұрақтарын, подкаст посттарына текст дайындау)
- CMM маман, таргетолог (инста парақшаны жүргізу)

3. Ютуб канал (45 мың тіркелуші бар)
Университеттер, мамандықтар туралы видеолар түсіретін Қазақстандағы ең ірі ютуб жоба. Канал қарқынды дамуда, университеттермен, оқу орталықтарымен келіссөздер жүргізілуде. Алдағы 3 айда 100 000 тіркелушіге жету ойда бар.

Бұл жобаға қандай адамдар керек?
- Копирайтер-журналист (видеоға материал дайындау, зерттеу, анализ жасау)
- Видеограф (дайын видеоны монтаж жасау)

4. Менторлық жүйе
Жоба мақсаты ай сайын 10 студентке кәсіби менторлық жүйе ұсыну. Бірінші айы өте сәтті өтуде. Енді жүйені жақсарту мақсатында, жаңа бөлімдер қосу мақсатында жұмыстар атқарылады.

Бұл жобаға қандай адам керек?
- жеке көмекші (менти-лармен жұмыс, notion-ды, miro-ны ретке келтіру, онлайн кездесулерді ұйымдастыру)

Барлық жобалар онлайн. Барлық сөйлесулер онлайн форматта өтеді. Егер қызығушылық болса, бірақ білім, тәжірибе жетпесе де жазсаңыз болады.

Жекеге "Кім екеніңізді, қандай жоба, қандай функцияны жасағыңыз келетінін, сондай-ақ бұл қызметтен не күтетіңізді" толық жазсаңыз, сізге де маған да күшті болар еді) Ақылы жұмыс істейтін болсаңыз, ақыңызды, тегін жұмыс істеп, практика көргім келеді десеңіз, оны да жазуыңызды сұраймын

Бастысы, қорқудың қажеті жоқ! Жаңа оқу жылында тек сабаққа ғана емес, өзге де істерге араласып, жаңа нәрселерді үйрену, көру, танысу - сіздің болашақ маман ретіндегі құныңызды арттыратын ұмытпаңыз!

* егер қосылғыңыз келсе, бірақ қай жоба, қай позиция екенін нақты шеше алмай тұрсаңыз, ештеңе етпейді. Біз сізге лайық, біз өсе алатын істі табуға тырысамыз.
174 viewsedited  09:06
Ашу / Түсініктеме
2021-08-25 19:25:40 Текстпен жеткізетін алмайтын эмоциямды, ойымды видеомен жеткізгім келді. Видео үшін айып етпейсіздер
196 views16:25
Ашу / Түсініктеме
2021-08-17 19:51:22 Постты оқысаң:
340 views16:51
Ашу / Түсініктеме