Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 18

2021-05-28 20:15:12
Инстаграмда стористарда бөлісіп тұратын боламын https://instagram.com/erkanat.001?utm_medium=copy_link
444 views17:15
Ашу / Түсініктеме
2021-05-28 20:13:14 Білімге инвестиция

Досым, осы записьты оқып, бір жақсылық жасап жіберші)

Әр адамда өзінің білім деңгейі болады, солай емес па? Адам бір біліммен всегда жүре алмайды, себебі оның білімі үздіксіз дамып, үнемі өзгерісте болуы керек.

Осы уақытқа дейін осы каналда 80ге жуық ақпаратпен бөлісіп, 10 подкаст эпизодын жасап, 20ға жуық тікелей эфир өткізген екенмін.

Енді бір өзіме үлкен мақсат алып отырмын. Ол мақсатты орындауым үшін GoPractice атты онлайн оқуды оқуым керек боп жатыр.

Осы курсты толық аяқтап шықсам, Ресейлік, Европалық компанияларға жұмыс істейтіндей мүмкіндік болайын деп тұр.

Қоғамда “краудфандинг” деген ұғым бар. Ол халықтың қолдауы, көмегі арқылы ақша жинау.

Менің осы курсым 240 000 тг тұрады екен. Соған барша осындағы қолдаушылардан қолдау көрсетуді сұраймын

1 коланың 500 тг құнын, маған жолдау арқылы, менің мықты білім алып, мықты маман болуыма қатты көмектесер едіңіз. Осы уақытқа дейін барлық біліммен қалай бөліссем, жаңа біліммен де сіздермен дәл солай бөлісетін боламын

Және әрбір қолдау көрсеткен адамға жеке атымнан алғыс айтып, жекелеріне кішігірім бір құпия уәдемді жазатын боламын...

БІРІҢДІ ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС КӨРМЕСЕҢ - ІСТІҢ БӘРІ БОС демекші, әр адамнан қолдауы маңызды

Каспи нөмер: 8747 890 45 40 Еркінбек Е

Кез келген суммаға алғысым шексіз
476 views17:13
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 21:30:54 Сендерге болашақта керек болар деген оймен резюмені жіберіп жатырмын.

Резюме жасаудың өзіне жауапкершілікпен қарау керек негізі. Осыны жасау үшін, 10 шақты статьяны оқып, ең қарапайым оқылатындай, но барлығын жазуға болатындай жасауға тырыстым.

Негізі әр жұмысқа/орынға/салаға байланысты резюме құрастырылу керек. Мысалы осы резюмемде кейбір жұмыс орындарымды қоспадым, ол артық информация болып саналады.

Кейін осы ссылка арқылы өздеріңе жасасаңдар болады.
https://www.canva.com/design/DAEfkzZdcU4/6qTK_Mr1VuzKGP4ZPX3YGw/view?utm_content=DAEfkzZdcU4&utm_campaign=designshare&utm_medium=link&utm_source=sharebutton&mode=preview

Пайдасы тисе, бір смайлик қалдыра кет
406 views18:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 09:57:54 Тағы бір маңызды нәрсе

Төбедегі "біз" деген сұрақты бірден қою әрине мүмкін емес. Көріспей, сезінбей жатып, ол сұрақты кімге қойсаң да, сен ешқашан дұрыс/саналы жауап бере алмайсың.

Инстаграмнан/вкдан: "өзіңнің адамыңды күт, өз құныңды түсірме, ешкіммен кездеспе" деген суреттерді адамдар репост жасап жатқанда түсіне бермеймін. Менің ойымша, адам екінші адам өзіне сай келе ма/келмей ма деген сұраққа, өздігінен, сырттан ешқашан жауап таба алмайды.

Мен қаншама жұпты көрдім, екі адамда бір бірін жұп ретінде көрмеген, бірақ белгілі бір уақыттан кейін, ойлары түбегейлі өзгерген. Екінші адамға мүмкіндік беру, бір біріңді жақын танып көру үшін, 1-3 арасындағы кездесу қалыпты дұрыс нәрсе деп ойлаймын. Керісінше, бірден бас тарту қате, себебі, дәл сол адам мүмкін сенің бақытың шығар, ал сен шешімді ерте қабылдап, қандай маңызды мүмкіндіктен бас тарттың.

Сол үшін қандай да бір адам, бір адаммен кездессе:

-ол омен жүреді
-ол, ол оны жақсы көреді
-2-3 рет кездесіп, сөйлеспей кетіпті
-олар жұп уже
-ууу, бақыыт

деген нәрселерді бірден айтудың қажеті жоқ. Керісінше, ондай адамдардың бір біріне мүмкіндік беруі, сол танығаннан кейін қосылса да/ қосылмаса да, олардың саналы іс әрекет жасағанын білдіреді.

5 жыл идеальный адамды күтіп, соңында оның басқа адам екенін білгенге қарағанда, жаныңда жүрген адамдардың қандай екенін білу де, кейде маңызды. Кездесу/сөйлесу - ғашық болу дегенді білдірмейді.

Айтады ғой, адам дұрыс жар таңдау барысында ешқашан шаршамау керек. Бұл нәрсенің өзі үлкен еңбек, үлкен процесс..
206 views06:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 09:23:12
224 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2021-05-24 09:23:02 Жұптар арасындағы байланыс

Байқағаным, бұл темаға мүлдем пост жазбайды екенмін.

Бүгін осы постта қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ұзақ пост жаздым. Бірақ, ол бағыттағы ойларым басқаша, әрі қиын болғаннан кейін жария қылмай, постты қысқа қайтара салуды жөн көрдім.

Қарым-қатынаста әрқашан "біз" деген сөз бірінші тұруы керек. Егер бір адам өзінің эгосын жоғары қоятын болса, всегда екінші адаммен өзін салыстырып, екінші адамның әр іс әрекетіне баға беруге тырысады. Екі адам бір бірін "біз" деп қабылдай алатын болса, олардан күшті жұп шығады деп есептеймін. Егер сізде потенциалды жігіт немесе қыз пайда болып жатса, осы сұрақты көбірек ойлану керек)

Ол жігіт/қыз маған лайықты ма? Оның қаншалықты болашағы бар? Ол қаншалықты жақсы/жаман? деген сұрақтарды

Біз бір бірімізді құрметтей аламыз ба? Біз бір біріміздің жанымызда комфортты сезіне аламыз ба? деген сұрақтармен алмастырсақ, біз қабылдайтын шешімдер более саналы болады деп ойлаймын)

Төмендегі екі сурет "біз" деген нәрсенің үлкен үлгісін көрсетіп тұр.
239 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 00:10:01
Мына видеоны 5шы рет қайталап көріп жатырмын. Но уже түсінікті бола бастады)
338 views21:10
Ашу / Түсініктеме
2021-05-23 00:08:53 Миа Хэммның оқиғасы немесе ішпыстырарлық іспен айналысу

Қазір түнгі сағат 3. Мен компьютерде.. SQL деген программалау тілін оқып, қатты қиналып отырмын. 1 функцияны орындау үшін бүгінгі күнім толық кетті. Басым жетпей жатыр

Бұл негізі қызық сезім. Бәрі ұйықтап жатыр, немесе ұйықтамағандардың көпшілігі әлеуметтік желілерде отыр. Ал сен ішпыстырарлық, қызықсыз, қиын бірнәрсені үйреніп жатырсың. Но осы бір қиын нәрсе, сенің 2 жылдан кейін нереально мықты болуыңа қатты әсер етеді. Бірақ, қазіргі период онша емес.

Осы жерде Миа Хэммның оқиғасы есіме түсіп кетті. Бір күні Солтүстік Каролина футбол командасының тренеры Энсон Дорранс.. таңғы 6да... стадионның жанынан өтіп бара жатқан кезде, бір қызды көреді. Дала жартылай қараңғы болса да, ешбір адам баласы жүрмесе де, ана қыз бар жан-тәнімен жаттығу жасап жатыр еді.

Кейін тренер сол қыздың үстеліне хат қалдырып кетіпті. Хатта: "өзіңді чемпион ету деген сөз - ешкім көрмей тұрса да, сен жалғыз болсаң да, өзіңді барынша жаттықтыруың, соңғы теріңе дейін жұмыс жасауың" деп жазып қалдырған екен.

Кейін сол қыз, яғни Миа Хэм әлемдік спорт тарихындағы ең үздік спортсмендердің қатарына кіріп, бірнеше жыл үздік футболшы атағын алды.

Бұл оқиға менің есімнен өмір бойы ұмтылмайтын шығар, бәлкім. Шынында да, өмірде адамдар жалғыз қалғанда, немесе маңызды сәттерде, өзін қолға алу керек кездерде, өз өздерін жоғалтып жатады. Но, дәл сол сәттер сенің қандай болатыныңды анықтайтын секілді.

Достарыңның арасында, күндіз болсын, түнде болсын, ойнап күліп, қалағанша жүре берсең болады. Бірақ, ешқашан маңызды уақыттардың болу керектігін, өзіңді қолға алу уақыты бар екенін ұмытпау керек деп ойлаймын.

Внимание-ға барлығы зәру заманда, сен внимание бар кезде ғана іс әрекет істегің келуі мүмкін. Бірақ, досым, біз сені көрмесек те, сен бізді көрмесең де, барлық периодта мықты бол) Басқалар білмегенмен де, естімегенмен де, сенің барлық іс әрекетің саған қайта оралып келеді..
351 views21:08
Ашу / Түсініктеме
2021-05-22 06:21:45 15 минутқа тіркелген адам, алдын ала жазып. Нақтылап қойсаңдар)

https://t.me/Erkanat_001

Күн сәтті болсын
348 viewsedited  03:21
Ашу / Түсініктеме