Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 20

2021-05-13 16:01:23 Кішігірім сандар

Соңғы 40 күнде нақты бір құндылыққа ие, фото видеосыз жазбаларымыз 31000 қаралым, 756 пікір жинапты. Орта есеппен әр жазбаны 1000-1200 оқиды екен. Мен көп сан болғаны үшін емес, посттардың дұрыс бағытта болғанына, адамдардың қызығып оқитынына қуандым.

Одан бөлек, соңғы 40 сағат инстасыз, ватсаппсыз өткіздім. “Неге бұрын осылай жасамадым екен?” деген ой болды.

Прям ойың тынышталып, концентрация артып кетеді екен. Уақытың көп бөліп, көп нәрсені ойланып кетесің. Бұрын байқамай жүрген нәрселерді байқай бастайсың)

План бойынша 50 күн солай жасауым керек еді. Бірақ, ол нәрсеге үйреніп қалу қаупі бар екен. Мен ол нәрсені қолдамаймын.

Бұл жерде цифровой детокс деген нәрсе құнды деп ойлаймын. Ол уақытша телефоннан бас тарту деп аталады. Телефоннан, әлеуметтік желілерден толық бас тартуды емес, осы цифровой детоксты айына 1 рет 1-2 күн жасап тұрса да жеткілікті.

Мына жерде 2 күнде қандай нәрселер болғанын, қандай плюстары-минустары бар екенін жазуға болар еді. Бірақ, ол нәрсені тек сезініп көру керек.

Осы нәрсені жасап көргісі келетіндер жоқ па?) Егер жасап көретін болсаңыздар айтыңыздар) Кейін өзіміз голосовой чатта талқылаймыз.
309 viewsedited  13:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-13 09:45:44 Пайдалы каналмен бөлісу айдары

Кейде адамдарға қатты таң қалам. Үлкен мақсаттар қояды, үздіксіз курстарға қатысып, білім алуды, кітап оқуды қолдайды, бірақ... Бірақ, қарапайым нәрселерді білмейді.

Адаммен қалай сөйлесу керек, адамның жеке өміріне қалай араласуға болмайды, адамдар туралы қалай талқылау керек деген қасиеттерден әлсіз десем де болады.

Меніңше, адамдармен қарым қатынас құру әдебі - үлкен сауаттылық. Әрбір адам үйренуі керек сауаттылық десем де болады.

Есімде, 2-3шы курсымда әлеуметтік желіде жазу әдебі, адамдарға жоқ деп айту әдебі, адамдарға қарсы шығу әдебі деген кітаптарды оқитынмын. Соңғы уақытта, адамдардың жеке өмірлеріне байланысты білімімді арттыру мақсатында, Дастан деген жақын танысымның подкасттарын тыңдап жүрмін.

Сілтемелерін қалдырамын. Өзіңе дұрыс бағыттағы бір навыкты игергің келсе, тіркеліп ал)

Телеграм каналы: https://t.me/tuimepodcast

Подкаст эпизодтарын көру үшін: https://taplink.cc/tuime.podcast
404 viewsedited  06:45
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 13:12:28
Сенің тыныштық бермейтін досың деген фото ғой. Бұл Мейіржан емес, бұл басқа адам.
186 views10:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-11 13:06:03 Не ұсыну керек?

Жұмыста отырмын. Қасымда тәжірибесі үлкен, мықты бір IT бөлімінің бастығы отыр. Қазпочтаға келгелі, үйренетін нәрсенің бәрін үйреніп, уже ішім пысып кетті. Солай жаңа нәрселер үйренейін деп шештім.

Соңғы 2 сағат бойы жанағы кісіге жалынудамын Ол мықты инструменттермен қалай жұмыс істеу керектігін біледі, ал мен білмеймін әлі. Солай ол кісіге неше түрлі вариант ұсынып жатырмын.

- Мейіржан аға, 1 апта түскі асты мен алып берейін, просто обед кезінде сұрақтар қоюға мүмкіндік беріңізші

- Мейіржан аға, шай, кофе әкеліп жүрейін, күніне 20 минут уақыт бөліңізші

- Мәке, сіз мені инвестиция деп қарастырыңызшы, 1-2 жылдан кейін сізге жақсылық жасайм

- Мәке, сіз ұстаз деген кім екенін білесіз бе? Сіз нағыз ұстаз болатын жансыз ғой негізі

Қанша сөз айтсам да, "жоқ" деп жатыр. Енді қалай көндіруді ойланып отырмын. Варианттар бар ма?)
197 views10:06
Ашу / Түсініктеме
2021-05-07 00:01:14 Мерекенің біз түсіне бермейтін құндылығы

Менің ойымша, барлық мерекені біріктіретін бір құндылық бар. Ол - сол мерекеде сезімдермен бөлісе алу мүмкіндігі.

Бір сәтке ойланып көрші. Күнделікті өмірде адамдарға - олардың жақсы екенін, оларға алғыс айтқың келетінін, оларды жақсы көретініңді айту қиын. Оны мойындауымыз керек.

Ал мереке саған мүмкіндік беріп тұр. Сен өзіңе жақын адамдарға жазып, мерекемен құттықтай отыра, ол адамға жылы сезімдер сыйлай аласың. Ол әке болуы мүмкін, ол дос, ол аға, ол іні болуы мүмкін.

Мысалы, мен қандай постта кімнің қандай пікір жазғанын, кім қандай мерекеде құттықтағанын қатты байқап, біліп жүретін адаммын. Себебі, сен үшін 10-15 секундын бөле алған адам, өзге де маңызды сәттерде сені ең бірінші қолдайтын адамдардың қатарында болады деп ойлаймын. Солай қашан да болсын, сол адамдарға көңілін жібіп, оларды жақын тартып кетесің.

Сол үшін де ағайындар, жақын жандарың болса, сенің қалыптасуың үшін еңбек еткен жандар болса, әр мерекеде жылулық сыйлап тұруды ұмытпа

Әрбір кішкентай дүние адамдардың жадында сақталады)
637 viewsedited  21:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 22:33:37 Инстаграмымда бір кісі бар. Түн ортасында жүгіреді ше

Всегда жүгірген стористерін салғанда, қызығып, риза болып бақылайтынмын. Сол кісіге көп қарап жүріп, уже тұрақты жүгіріп бастадым.

Бүгін жұмыстан қатты шаршадым. Үйге келіп ұйықтап қалыппын, солай түнге таяу ояндым.

Қой, кеттім деп, күштііі көңіл күймен жүгіріп қайттым.

Инстада жиі жиі жүгіру скринын салып тұрамын. Ана кісі мені қалай қызықтырса, менде өзгелерді кішкене болсын қызықтыра алам деп ойлаймын.

Айтпақшы, мейрам құтты болсын
613 views19:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 22:33:31
599 views19:33
Ашу / Түсініктеме
2021-05-06 13:37:08 Мен өзімнің ақылды екенімді білемін. Бірақ всегда: “Е,Құдайым, ақылымды дұрыс жаққа жұмсасам екен” деп, дұрыс бағытта жүруді тілеймін.

Ақылды деген ештеңені білдірмейді. Ақылды болғанның пайдасы жоқ, егер оны дұрыс бағытта пайдаланбасаң.

Меніңше, біздің барлығымыз ақылдымыз. Бірақ, әрқайсысымыз ақылымызды әртүрлі бағытта пайдаланатындықтан, біреуіміз мықтырақ, біреуіміз әлсізірекпіз.

Ең ақылды адамның 2 сағат ойын ойнап, жеңіп шыққанына қарағанда, ақымақ адамның 1 сағат іс істеп, өзіне тәжірибе жинағаны маңыздырақ деп ойлаймын.

Сол үшін де адамды ақылына/біліміне қарап емес, өзінде бар жақсы/жаман қасиеттерді қалай пайдаланып жүргеніне қарай баға беру керек деп есептеймін.
674 views10:37
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 18:22:23 Видеоның мэссежы:

Біздің қазіргі әр қадамымыз біздің 15-20 жылдан кейін қандай болатынымызды анықтайды
692 views15:22
Ашу / Түсініктеме