Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 21

2021-05-05 09:44:10 Бұл сәйкестік пе? Немесе басқа нәрсе ма білмеймін. Бірақ күтпеген жерден осылай болды.

Бірақ, Форбс емес, басқа бір издатель жазды.

Бүгін соларға берген сұхбат шығыпты.

Қызық болса, оқып көріңіздер.

Инстада: https://www.instagram.com/p/COey3wgI3V2/?igshid=1exgwu9zxvpv8

Толық нұсқа: https://weproject.media/articles/detail/kak-vypusknik-universiteta-uib-poluchil-vozmozhnost-porabotat-v-4-natsionalnykh-kompaniyakh-bez-opyt/
730 views06:44
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:42:00
686 views06:42
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:41:52 Ең қызығы, 1 жыл өткеннен кейін дәл осындай хат келді.
677 views06:41
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:41:18
Сағат 12ден асқанын білмей, 9 апрель деп ойлағанмын.
679 views06:41
Ашу / Түсініктеме
2021-05-05 09:41:04 Қызық и таңқаларлық дүние

Осыдан 1 жыл бұрын мен көптеген жеке проекттермен айналысып жүргенде қатты армандайтынмын. Форбске сұхбат берсем екен деген мақсат болатын.

Тіпті өзімнің жеке каналымда осылай жазып қойған болатынмын.
677 views06:41
Ашу / Түсініктеме
2021-05-03 20:00:00 Кино көру

Адамдардың киноны неге көретінін білесің бе?

Өмірде белгілі бір дүниелер бізге жетіспегенде, оказывается біз оны кинодан алуға тырысады екенбіз. Киноны біз уақыт өткізу үшін емес, іштегі белгілі бір сұрақтарымызға жауап табу мақсатында да көреміз. Сен оны өзіңнен байқадың ба?

Мелодрамалық кинолар әлемдегі ең көп қаралатын жанрға кіреді. Неге?

Себебі адамдар жалғыз болу сезімін ұнатпайды, олар сол бір екінші жылулықты кинодан көргісі келеді. Қызық ия?

Соңғы 3 күн 3 түрлі кино көрдім. Біз кино көрген күні - оны не үшін көргенімізді түсінбеуіміз мүмкін, бірақ артынан ойланып қарасаң, сен не үшін сол киноны көргеніңді түсінесің.

Бүгін қандай кино көретінімді ұзааақ ойландым. Мен кино көрсем, слишком қатты таңдаймын.

Бүгінгі көрген кином тым ауыр болды. Жартысында шыдамай өшіріп тастадым. Жүрегім ауырып кетті.

Кинода адамдардың арманына жету жолында кедергілерімен жаман әрекеттері туралы айтылған. Ол нәрселер көбейіп кетсе, адам соларға тәуелді болып, 1ақ рет берілетін бүкіл өмірі тас талқан болатыны көрсетілді. Жеңіл заттардың артынан жүгіріп, алтын адамдардан айырылып қалу туралы қатты жеткізілді.

Негізі біз, бұрын соңды болмаған қандай керемет, қандай еркін әлемде өмір сүріп жатырмыз.

Үкіметтің мәселелерін, әлемдік проблемаларды, айдаладағы адамдардың өмірін талқылап, не істейсің? Досым, сен өзгелердің әңгімесіне еріп, сол қызықтың артынан еріп жүре беретін адамдардың қатарынан болмашы.

Бәріміздің айналамызда жақсы адамдар жүр, оны біреулер түсінеді, ал біреулер түсінбей жатады. Жаныңдағы әрбір адамға - жасына, позициясына, сыртына қарамастан достық, қолдау сезімдерін аямауымыз керек деп ойлаймын. Біз адамдар қоғаммен үндістікте, байланысты өмір сүру үшін жаратылғанбыз.

Ең бастысы, досым, 5-10 минуттық рахат үшін, өзіңе маңызды дүниелерден алшақтап кетпе
834 views17:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-02 20:34:12 Ментор

Мен қазір өзіме ментор қажет екенін түсіндім. Менторды рухани және кәсіби деп бөліп қарастырып алатын болдым.

Рухани ментор - ол дінге байланысты, ішкі құндылықтарға байланысты, және күнделікті адами қасиеттерге байланысты бағыт бағдар бере алатын адам деп есептеймін.

Кәсіби ментор - ол менің жұмысыма, hard скилсстарыма, жалпы өмірлік карьерамды қалыптастыруда бағыт бағдар бере алатын адам деп ойлаймын.

Бәріміз де ментор іздейміз, бәрімізде ментор керек деп ойлаймыз. Бірақ сол менторды қалай табу керек, қалай келісу керек деген дүниелерді қатты біле бермейміз, дұрыс па? Менде осыған дейін ондай ментор болмаған. Жалпы процесс қалай жүру керектігін менде басымнан бірінші рет өткізейін деп тұрмын.

Осындағы мені қолдаушы жандарға пайдалы болсын деп, менторды қалай іздейтінім туралы, қалай процессты құратыным туралы, жақсы посттармен бөлісіп тұруды ойлап жатырмын.

Соңғы кезде сен және мен дұрыс байланыс құрмай кеттік. Осында болсаң, мені оқып, қолдап отырсаң, жазып кетші)
839 views17:34
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 13:02:26 Досым сен музейге соңғы рет қашан бардың?

Демалыс күндерімде үйде отырмайын деп, бүгін музейге бардым. Бұл менің музейге 7шы рет, ал Астанадағы музейге бірінші рет баруым.

Әр музейге барған сайын қандай күшті сезімдер болатынын, қалай жеткізерімді білмей жатырмын. Ол нәрсені тек сезіну керек..

Музей, ұлттық көрмелер, мәдени орталықтар беретін құндылықты өзге жерден алу өте қиын. Бұл нәрсенің атмосферасы, романтикасы мүлдем бөлек.

Мен ойланатын бір нәрсе. Неге біз адамдарды музейге баруға насихаттамаймыз? Неге ата аналар балаларын ойын сауық орталығына емес, кейде музейге апаруды ойламайды? Неге қыз бен жігіт апта сайын тек киноға емес, жылына бір рет осындай орталыққа бармайды?)

Біз бала тәрбиелеу туралы, достармен қыдыру туралы, уақыт өткізу туралы түрлі әңгіме қозғаймыз. Бірақ осындай қарапайым нәрселерді ескермей қалып жатады екенбіз.

Осы жерде бір маңызды дүние бар. Көп нәрсе сенің ситуацияға қалай қарайтыныңа байланысты. Осы текстті оқып, мотивацияға тойып, музейге жай кіріп шықсаң, сен ештеңені де сезінбейсің.

Бұл нәрсеге саналы келу керек. Телефонды 2 сағатқа өшір. Сен музейге келдің бе? Сол нәрсені толық сезінуге тырыс. Әр элементке қарап, ойлану керек. Әр элемент сұлу, мағыналы болады. Сол нәрсені түсіну үшін, сенің ойың жинақталып, тынышталады.

Егер кішкентай балалармен баратын болсаң, оларға тарихты, қандай үлкен еңбектер болғанын түсіндіру керек. Бала әр еңбек астында үлкен еңбек жатқанын сезіне алса, ол оған өмірлік құнды тәрбие болады деп ойлаймын.

Түсінем, арамызда мұндай нәрселерге қызықпайтын адамдар бар. Бірақ, досым, маған сен. Менің өнерге, мәдениетке алыстығым соншалық, тіпті музыка да тыңдамаймын.

Бірақ, өнерді сезіну үшін оған асқан қызығушылықтың болуы маңызды емес. Маңыздысы, сенің ол нәрседен қандай құндылықты ала алуыңда.

Тамақ ішкенде физиологиялық тойғаныңды сезесің ғой, музейге барғанда, мәдени тойғаныңды сезінесің)

Қарын ашу сені әлсіз етеді, дәл сол сияқты мәдени аштық та сені әлсіз ететінін ұмытпа)
933 views10:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 13:02:25
798 views10:02
Ашу / Түсініктеме
2021-05-01 00:44:19 Қазір Үндістан аса ауыр кезеңдерді бастан өткізуде. Ол жақта ковидтің жаңа түрі пайда болып, күніне 360 000 адам соны жұқтыруда. Жалпы есеппен 18 млн ауыруда

Миллионер из трущоб деген үндінің киносын көріп жатырмын. Олардың тұрмыс тіршілігі шынымен де өте қиын, жүректі ауыртады.

Бірақ, соған қарамастан үндіден шығып жатқан әлемдік басшылар көп. Google, Microsoft компания басшылары үндіс, және ондай мысал әлемде жетерлік.

Алдағы бірнеше күн үндістер туралы, олардың жүйесі туралы, олардың принциптері туралы оқып, зерттеп көргім келеді.

Меніңше, әр ұлттың өзінің ерекшелігі, үлгі тұтар дүниесі бар. Соны біліп алайын, сосын үнді халқы туралы пост жазам)
872 views21:44
Ашу / Түсініктеме