Get Mystery Box with random crypto!

СтудХакер🌍

Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍 С
Telegram арнасының логотипі studhacker1 — СтудХакер🌍
Арна мекенжайы: @studhacker1
Санаттар: Психология , Фактілер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 691
Арнадан сипаттама

Адамдардың айтуынша жақсы нәрселер жазамын🤔 Тіркеліп, тексеріп көр)

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 15

2021-08-03 14:34:12
273 views11:34
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 07:39:50 Алматыдан кеткеніме қуанамын..

Осы айда екі апталық демалысымды Алматы қаласында өткізген болатынмын. Студенттік шағым өткен ыстық қаламның әрбір көшесі, әрбір ауласы, әрбір бұрышы таныс еді. Жақын адамдарымның ортасында қызық уақыт өткіздік.

Бірақ, дәл осы Алматыда стагнация сезімін сезіндім. Стагнация - бір орында тұрып қалу, көкжиекті көрмеу, бұрынғы көшелермен жүру, бұрынғы кафелерде тамақ ішу, бұрынғы сәттерді қайта бастан өткізу.

Өмірің автоматты болып, жаңа нәрсені көрмегенде сенде стагнация бола бастайды. Бірақ, бір күні “Черный лебедь” келеді. Нассим Талеб айтпақшы: “Черный лебедь - бұл 1 сағатта бәрін өзгертетін ситуация”.

Черный лебедь - бұл сен күтпеген бір жаңа шешім, сен ойламаған бір ситуация. Сен білетін нәрсенің - сен білмейтін нәрсеге ауысуы.

Черный лебедь - сенің басында жаңа нейрондық байланыстарды түзейді. Жаңа байланыстардың түзілуі - сенің дұрыс шешімдерді түпсанада(подсознание) қабылдауыңа, сондай-ақ нейрондық балансты қалыптастыруға жұмыс жасайды.

Әр кез Алматыға қайту - маған ерекше ыстық сезімдер, қуаныш сыйлайтын. Бірақ, бұл жолы өзімді басқаша сезіндім.

Студенттік кездегі элементтердің бәрін қайта сезіну - өзімді қайта студент сезінуге әкелгендей болды. Бұл сезім қандай ерекше екенін білемін. Бірақ, қазір ол этаптан өтіп, бір салада профессионал болу этапында жүргеннен кейін, басқа арнада жүре бергенім дұрыс деген ойға келдім.

Подводный ныряльщик деген кино бар. Сол кинода баласы Америка флотына кетіп бара жатқанда, “Әке, мен оралам” дегенде, әкесі: “Ешқашан оралма, ешқашан оралуды ойлама” деп жылап жібереді.

Шынында да, кейде біз өзіміз білетін нүктеге, өзіміз білетін орынға оралғымыз кеп жатады. Бірақ, өмірдің әр этапында әртүрлі жертваға, күтпеген Черный лебедь-ке дайын болуымыз керек деп ойлаймын..

Біреу үшін туған ауылында жата беру - стагнация болу мүмкін, біреу үшін бір жұмыста жүре беру - стагнация болу мүмкін, біреу үшін үлкен қалада жүре беру - стагнация болу мүмкін..

Стагнациядан шығу жолы көп. Басқа орынға көшіп кет немесе бұрын көрмеген жерлерге барып көр, бұрын жүрмеген көшелермен жүріп көр. Тіпті үйдегі столдар орнын ауыстыру, сабақты үйде емес, коворкинг-ке барып оқу дегеннің бәрі сені бір орыннан қозғайды…

Ал дәл қазір мені бір орыннан қозғаған, аяқ асты Астанаға ауысып кету болған еді. Кейін Алматыға қайта ораламын, бірақ өмірдің дәл осы этапында, дәл осы Черный лебедь-тың болғанына қуанамын..

П/с: пост Илья Безделев жазбасына негізделіп жазылды.
134 viewsedited  04:39
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 14:20:38 Focusmate немесе тиімді жұмыс

Сен байқағансың ба, үйде жеке компьютерге/ноутқа отырып, бірнәрсе оқу керек болса, істеу керек болса, біз дұрыс концентрация жасай алмаймыз.

Body Double деген психологияда термин бар. Егер адамның қасында өзге адам болса, ол жақсырақ/тиімдірек жұмыс жасайды екен.

Мысалы, бірөзің отырып, ағылшын оқуың қиынырақ. Ал егер қасыңда біреу отырса, процесс оңайырақ болады екен.

Focusmate деген сервис сол мәселені шешуге арналған. Процесс мынандай:

1. Сервиске кіресің

2. Сабақ оқитын немесе жұмыс істейтін уақытыңды белгілейсің

3. Сен белгілеген уақытта сен секілді өзге адам да кіреді.

4. Екеуің видеозвонок қосып қойып, алдағы 50 минутта не істейтіндеріңді айтасыңдар.

5. Өз жұмысыңды жасайсың. Соңында әріптесіңе істедім деп істегендеріңді айтып, қоштасасың)

Көбіне ағылшындармен әріптес боласың. Әртүрлі мемлекеттен, түрлі мамандықтағы адаммен бірге жұмыс істеп жатқандай сезім болады.

Мен қазір тұрақты практика жасап бастаудамын. Өзгелерге де ұсынамын!

Әріптесіңе соткаға, немесе өзге шаруаларға үңілсем, ұрыс деп ескертіп қойсаң болады)


П/с: ағылшын білмесең қорықпа, сөйлемесең де болады. Немесе базалық 1-2 сөйлем жаттап алсаң жеткілікті.

П/с/с: әр апта 3 видеозвонок тегін.
253 viewsedited  11:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 14:05:29 20 жасар адамның, 22 жасар адамның, даже 23-24тегі адамның:
- ой, қартайдық қо
- эх, жас деген уже кетті ғой
- лучше жастар істесін
- өзімді үлкеен сезінем

деген сөздері вообще ұнамайды. Лапылдап, жанып тұрған жастарында, өздерін кәрі сезіну деген не ол? Прикол ретінде де айту онша емес қой.

Керісінше, қандай жаспыз ғой, әлі қанша мүмкіндігіміз бар деп еркін болған әлдеқайда күшті сияқты.

Адамдар 30-40 жасында да мамандықтарын ауыстырып жатыр, 27-30 жасында да магистратура түсіп жатыр.

Біздің менталитеттегі, санамыздағы бір қателік ау осы. Ерте өз орнымызды табу керек, бір салаға ғана бекітіліп қалу керек дегендей түсініктердің болуы..
267 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 07:28:34 #кино

Соңғы 2 апта қанша рет кино көргім келсе де, сағаттап іздесем де, ешбір киноны көре алмап едім. Алдында инстаграмда 15 секундтық видеоны көріп қалып, сол киноны іздеп, соңына дейін көрдім.

Ерекше кино екен, концовкасын өзін қорытуың керек жанрдағы кино. Қатты ойландырады. Ең қызығы, кино әр адамда әртүрлі ой қалыптастырады.

Кино аты - Слова.

Адам өміріндегі әрбір сөздің/іс әрекеттің маңыздылығын көрсетеді. Айтылған сөзді қайтып алудың мүмкін еместігін жеткізеді.

15 секундтық видеосы
385 viewsedited  04:28
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 09:05:05 Демалыста демалып, бір подкаст тыңдауға қалай қарайсыздар?

Қазақ тілді JustПодкаст қонаққа шақырған болатын. 2 ай жүріп, мүмкіндік болмай, енді ғана жазылды.

Бірнеше факттармен, бірнеше зерттеулермен бөліскен болатынмын. Қызықты әрі ыңғайлы болу үшін 1,5х , 2х форматында тыңдауға кеңес беремін

Тақырыптар туралы, подкаст сілтемесі туралы осында өтесіздер.

https://t.me/JUST_NURLYBEK/48
238 views06:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-16 15:54:33 Қала сенің өміріңе қалай әсер етеді?

АҚШта орналасқан, әлемге әйгілі Y-Combinator басшысы Пол Грэм өзінің бір жазбасында қалалардың түрі, адамдарға әсері туралы жазған болатын. Соны кішігірім постпен жеткізейін)

Бұл пост:
- қаланың маңыздылығы туралы
- қала типтері туралы
- ауылда жүре берейін ба/қалада болайын ба? деп ойлатындарға арналады

Үлкен қалалар үлкен армандары бар адамдарды тартады. Әр қаланың өзіндік атмосферасы, өзінің амбициясы болады. Сен қай қалада болсаң да, қала сенің сол қаладағы амбицияға, ритмге түсуіңе әсер етеді.

Әр қаланың өз тілі бар.

Американың қаржы орталығы Нью-Йорк саған неғұрлым көп ақша тап дейді.

Үздік университеттер орналасқан Кембридж саған - өзгелермен салыстырғанда ақылдырақ бол дейді.

Мега IT индустрия орналасқан Кремниевая Долина саған - неғұрлым әлемді өзгертетін дүниелер ойлап тап дейді.

Әр қалада сенің амбицияларың, сенің құндылықтарың әртүрлі құбылысқа қақтығысады. Кембриджге адамдар ешқашан ақша үшін барған емес, Нью-Йоркқа адамдар ешқашан білім алу үшін барған емес.

Нью-Йоркта сенің имиджың миллиондаған доллар болса, Кремниевая Долинада сенің әлемді қалай өзгертіп жатқаның маңыздырақ.

Мен осы статьяны оқу барысында Алматыда, Астанада, Қызылордада тұрған кездерімді салыстырдым.

Соңғы 20 күн Алматыда демалыстамын. Алматы 24 сағат үздіксіз конкуренцияда болатын қала. Алматы тоқтаусыз іс- әрекеттер қаласы. Алматыда жұмыспен ойын сауық көп болуы, сені адастырып жіберу қаупі жоғары.

Ал Астана тыныш қала. Ойын-сауыққа қарағанда, жұмыс көбірек рөль ойнайтын қала. Астанада сен 1 ғана нәрсеге акцент қойып, басқа ешнәрсеге көңіл аудармасаң болады. Бірақ, Астана сені жеке өміріңнен, қалауларыңнан алыстатып жіберуі мүмкін.

Барлық қаланың артықшылығымен минусы бар. Бірақ қай кезде/қай периодта - сенің болуыңа байланысты, маңызды құндылықтарды алуға болады.

Егер сенде қазір немесе болашақта қала ауыстыруға байланысты мүмкіндік болса, міндетті түрде ауыстыруға кеңес берем)

Ал егер сен қазір бір қалада тұрақталып жатсаң, онда сол қаланың амбициясына, сол қаланың тек жақсы жақтарына бейім болуға тырыс.

Барлық студент Алматы күшті, күшті дейді. Бірақ, бұл қалада ойын-сауыққа көп үйір бола бермеу керек.

Жалпы қазір мен Астанада болсам да, Алматы болашағымды өткізгім келетін сүйікті қала. Жұмыс істеп, базамды қалыптастыратын Астана болса, Алматы гармонияда, достарыммен бірге болатын қала.

Құдай қаласа, бір екі жылда Кембридж секілді білім алатын қалаға көшуді бұйыртсын деп тілеудемін, соған амал етудемін..

Статьяның толық нұсқасы:

https://www.google.kz/amp/s/ideanomics.ru/articles/923/amp

Пост ұнаса, смайлик қалдыра кет

Ал сен досым қай қаланы ұнатасың?
149 viewsedited  12:54
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 15:32:51 Құдай қаласа 10 күннен кейін ҚазМұнайГаз-дағы келесі жұмысым басталады.

Әзірше демалыстамын. Осы сәтті пайдаланып, неге өзге нәрсені көрмеске ия?)

Соңғы 2 сағатта 4000 тг таптым. Ақшаны қойшы, клиентке зат апарғандағы қызық оқиғалар, көшедегі әр Гловердің қол көтеруі ерекше сезім екен.
243 views12:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 15:30:39
247 views12:30
Ашу / Түсініктеме