Get Mystery Box with random crypto!

Алматы облысында көршісі 63 жастағы зейнеткерді жауыздықпен өл | Жаңалықтар - Stan.kz

Алматы облысында көршісі 63 жастағы зейнеткерді жауыздықпен өлтіріп, 9 жастағы немересін ауыр жарақаттаған. Алайда сот шешімімен ол түрмеге емес, психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Жазамен келіспеген туыстары мұндай адамға қоғамда орын жоқ дейді.

Марқұмның қызы Салтакина Тахмина көршісінің анасының үйіне ақша сұрап келгенін айтады. Алайда анасы кері қайтарып жіберген соң, екінші рет балта мен пышақ ұстап келген.

"Ол балтасын қайрап, басқа көршімізге көрсеткен. Кісі өлтіретінін қайдан білсін. Анам ақша бермейтінін айтып қуып жібермек болыпты, осы кезде маңдайынан балтамен екі рет ұрған. Шулаған дауыстарды естіген ұлым Александр басқа бөлмеден шығыпты. Ұлымның көзінше анамды төрт рет пышақтаған. Александр қатты қорыққаннан қолына түскен заттарды Константинге қарай лақтырған. Осы кезде ол Александрды пышақпен қуыпты. Жеткен соң кеуде тұсына пышақты сұғып алған. Салдарынан өкпесі, бауыры зақымдалып, оң жақ бүйрегін алып тастауға тура келді", – деп қосты ол.

Жалғасы Stan.kz сайтында.

t.me/stankznews