Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 55

2022-07-16 14:14:17
Air Astana мен FlyArystan компанияларына рейсінің кешігу фактісі бойынша жаппай түскен шағымдардан кейін Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тексеру жүргізетін болды.

Осыған дейін бұл екі әуе компаниясының үстінен рейстерді кешіктіруі, ұшақ ішіндегі орындардан артық билеттерді сатуы, және кешіктірілген немесе кейінге қалдырылған рейстер үшін билет құнын кері қайтармауы туралы шағымдар түскен.

t.me/stankznews
1.7K views11:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 13:04:41
Қазақстандық Мағжан Шамшадин Хорватияда өткен Grand Slam сериясындағы дзюдодан турнирдің жеңімпазы атанды.

Мағжан 60 келіге дейінгі салмақта алтынға таласты.
Финалда Шамшадин корейлік Вон Джин Киммен бақталасты.

Ким Шамшадинге шабуылы барысында үш ескерту алып, Мағжан автоматты түрде жеңіске жетті.

t.me/stankznews
1.7K views10:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 08:09:09
Қарағандыда бір үйдің ауласына жаңа туған нәрестені қорапқа салып, қалдырып кеткен.

Оны 21 жастағы бойжеткен шыға берістен көріп қалып, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер сәбиді тексере келіп, нәрестенің шамамен екі сағат бұрын үй жағдайында туылғанын анықтады. Шала туған шақалақтың қазір жағдайы ауыр.

Баланың анасы 23 жастағы облыс тұрғыны екені анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

t.me/stankznews
652 views05:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 08:04:07
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі жаңа деректермен тергелуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығының аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісінің жаңа мәліметтерін анықтады.

"Атқарылған жұмыстар үшін 1,3 миллиард теңге бөлінген. Алайда жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстары жобаға нақты 83,4 миллион теңге кеткенін анықтады. Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылған”,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг.

t.me/stankznews
677 views05:04
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 05:58:58
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері көтерілмек.

Үкімет отырысында ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтерінің екінші жартыжылдықта 10% - ға дейін өсуі күтілетінін айтты.

Вице-министр коммуналдық қызметтерге тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу үшін қаражаттың мақсатты пайдаланылуы, сондай-ақ ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, әрбір өңірдің жеке бақылануын қарастыратынын айтты.

t.me/stankznews
896 views02:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 15:40:45 Кеше ғана президент сөгіс жариялаған Сауда министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы шамадан тыс өссе, базарларды жауапқа тартуды ұсынды.

Министрдің сөзінше, мамырда елдегі 121 базарда тексеріс өткен. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Бұл жағдайдан кейін Сауда министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті заң жобасын әзірлеген. Қазір жоба Мәжіліс қарауында.

Министрдің бұл ұсынымен келісесіз бе?

t.me/stankznews
2.7K views12:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 13:05:30
Енді Алматыда электрлі самокатпены саябақтарда, қоғамдық орындарда және жаяу жүргіншілерге арналған көшелерде жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар 16 жастан асқан азаматтар ғана самокаттарды жалға ала алады.

Бұдан бөлек жалға алған самокаттарды тек тұраққа ғана қою міндеттеледі. Егер самокатпен тыйым салынған орында жүрсе, жылдамдығы автоматты түрде азаяды немесе мүлде тоқтап қалады.

t.me/stankznews
575 viewsedited  10:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 12:35:38
Биыл коронавируспен күресу үшін бюджеттен 100 миллиард теңге бөлінбек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Бұл қаржы вакцинаны алдыруға, науқастардың еміне және денсаулықтарын қауіпке тігіп, науқастармен тікелей жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне байланысты есептелінді. Әрине алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл қаражат алты есеге аз. Себебі былтыр науқастар саны көп болып, бос орындар саны азайды. Ал қазір жағдай былтырға қарағанда едәуір жақсарды. Әзірге биылғы жылға жоспарланған қаржының мөлшері осындай”,- деді министр.

t.me/stankznews
700 viewsedited  09:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 12:11:55
Осыдан екі жыл бұрын алапат жарылыс болған Бейрут порты бір аптадан бері өртеніп жатыр. Қазір элеватордың құлау қауіпі бар.

Еске салайық, Бейруттағы жарылыс 4 тамызда болған. Салдарынан 200-ге жуық адам мерт болып, тағы 5 000-ға жуық адам жарақат алған.

t.me/stankznews
753 viewsedited  09:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 11:15:55
Мектеп оқушысы әжетхана шұңқырына түсіп кеткен үш жасар қызды құтқарып қалды. Оқиға Алматы облысындағы ауылдардың бірінде болған.

Қыз аяғы тайып, үш метр болатын әжетхана шұңқырына құлап кеткен. Осы кезде жанында бірнеше бала ойнап жүрген. Мұны көрген 10 жастағы Әлихан арқанды беліне байлап, шұңқырға түсіпті. Қызды жоғарыға жіберген соң артынан өзі де шыққан.

t.me/stankznews
952 viewsedited  08:15
Ашу / Түсініктеме