Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 56

2022-07-15 11:09:41 Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қалалар «қызыл» аймаққа өткенде енгізілетін шекутеу шараларының қатаң болмайтынын айтты.

«Тағы да айтамын. Қазір инфекция өзгеріске ұшыраған. Әрі вирус жұқтырғандарда да ауру айтарлықтай жеңіл өтеді. "Қызыл" аймақта шектеу шаралары болады, бірақ қатаң емес”, - деді министр.

t.me/stankznews
933 viewsedited  08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 09:52:03
Әлеуметтік желіде Ақтау дүкендерінің біріндегі «науқан» қызу талқыға түсті. Мұнда қантты сатып алу үшін 2 000 теңгеден көп сомаға сауда жасау керек. Әрі бір адамға тек 1 келі сатылаған.

«Дүкен иесі көтерме бағаға сатып алған қантты келісі үшін 500 теңгеге сатқан. Әкімдік қызметкерлері дүкенге барған соң науқан аяқталды», - делінген хабарламада.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  06:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 08:26:25 Нұр-Сұлтанда үш жасар баланы құтқарып қалған жасөспірім оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Айтуынша, бала москит торына жабысып тұрған.

"Мен көрші аулаға футбол ойнауға шыққан едім. Сол кезде халық бір орынға жиналып қалыпты. Не болғанын сұрадым, артынан 6-қабатта терезенің алдына шығып тұрған кішкентай баланы көріп қалдым. Сол кезде тезірек 6-шы қабатқа көтерілдім. Бала москит торына жабысып тұрған. Оның жартысы ашық тұрған еді. Бірінші балалар бар пәтердің есігін қақтым. Бірақ жауап болмады. Кейін көршілерден рұқсат сұрап, балкон арқылы бала тұрған үйге қарай өттім", - дейді Есдәулет.

Ердәулеттің сөзінше, пәтерде тағы екі жасар қыз бен еңбектеген бала болған.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  05:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 07:39:47
Нан 250 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Сарапшылар алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар бұл тауардың қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді. Мұның басты себебі – ұн бағасының күрт өсуі. Сонымен қатар шілдеде елдегі 2 300 ұнт тарту компаниясының 174-і ғана қалған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі де Ресей мен Украина арасындағы жағдайдан кейін елде ұнға деген сұраныстың артқанын растады.

t.me/stankznews
1.3K viewsedited  04:39
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 07:14:31
Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп мерт болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі Айдос Меделхан Қазақстаннан біржолата көшетінін мәлімдеді.

Айдос Меделханның айтуынша, өз қауіпсіздігіне алаңдаған ол мемлекеттік қорғауды талап ектен. Алайда өтініші қаралмаған соң шарасыздықтан бірер ай шетелде тұрып келген. Тіпті отбасына бірнеше рет қысым жсалып, сес көрсеткендер де болған. Ал қайғылы жағдайдың куәгері болған ұлын сәуірде әскерге алып кетіпті.

“Балаларымды біраз уақыт жасыра тұруға тура келді. Дәл сол сәтте үлкен ұлыма да қастандық жасай бастады. Сол уақыттарда Алматы мен Атардың арасында жұмысқа барып жүргендей күніге жүріп қалдым. Адвокатымды ілестіріп алып барлық станцияларға кіріп шығуға тура келді. Мемлекеттік қорғауды сұрағаныммен, әлі күнге дейін бермеді. Шамамен екі айдан асты”, – дейді ол.

Сұхбаттың жалғасын Stan.kz сайтынан оқи аласыз.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  04:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 06:11:29
Қостанайда ұйытқи соққан желден кейін тұрғын үйдің қабырғасы қисайып кеткен. Тұрғындардың айтуынша, балконның қабырғасы пластик тереземен бірге қисайған.

Аталған үйдегі «Комфорт» класындағы пәтерлер қаңтарда ғана берілген.

t.me/stankznews
1.4K viewsedited  03:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 16:07:58
Есдәулет Дәуітбековке оқу-ағарту министрі Нархоз университетінің білім грантын табыстады

Баланы көпқабатты үйдің терезесінен құлаудан құтқарған Есдәулет Дәуітбеков Білім министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесті. Жігітпен бірге кездесуге жасөспірімнің анасы Әсемгүл Қабдықалықова қатысты.

Министр түлекке алғысын білдіріп, Есдәулеттің жеке қасиеттерін еліміздің барлық оқушылары үшін үлгі етіп қойды. Сондай-ақ, Аймағамбетов жігітті Алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен және Алматыдағы Нархоз жоғары оқу орнында тегін оқуға грантпен марапаттады. Грант министрдің жеке өтініші бойынша берілді.

t.me/stankznews
547 views13:07
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 16:03:51
Нұр-Сұлтанда қызды терезеден құлап кетуден құтқарған Есдәулет Дәуітбековке Құрылыс компаниясы елордадан 3 бөлмелі пәтер сыйлады.

Ол отбасымен бірге тұратын жерді және тұрғын үйдің орналасуын өздері таңдайтын болады.

Мамыр айында Сәбит Шонтақбаевқа алғыс білдіріп, пәтер кілтін табыстаған құрылыс фирмасы Есдәулетті де қуантты.

t.me/stankznews
564 viewsedited  13:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 14:32:04 Степногорскта полиция қызметкері қайтыс болған азаматтың телефонын пайдаланып, есепшотындағы ақшаны өзіне аударып алған.

Марқұмның қызы, әкесінің 2021 жылдың 8 қарашасында жұмыс орнында қайтыс болғанын, одан бұрын оған ақша аударғанын айтады. Кейін әкесінің телефонын тексерген ол, kaspi қосымшасының жоғалып кеткенін көрген. Қосымшаны қайта жүктеген ол, әкесінің есепшотынан соңғы рет басқа адамға өзі қайтыс болғаннан кейін ақша аударылғанын байқайды.

Кейін белгілі болғандай, тергеу кезінде тергеуші интернет-банкинг арқылы 38 606 теңгені басқа есепшотқа аударған екен.

t.me/stankznews
796 views11:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 13:16:12
Даниал Ахметов өзінің 48 жыл жұмыс өтілімен 2 млн теңгеден көп жалақы алатынын айтты.

Сонымен қатар ол, ШҚО-дағы орташа жалақы мөлшері туралы сауалға да жауап берді.

Оның сөзінше, Шығыс Қазақстан облысындағы орташа жалақы мөлшері - 262 000 теңге.

t.me/stankznews
968 viewsedited  10:16
Ашу / Түсініктеме