Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 60

2022-07-11 06:28:22 Енді Үндістан, Иран және Қытай азаматтары елге визасыз кіре алады. Визасыз режимнің шарттарына сәйкес, Қазақстан шекарасынан өткен соң 14 күн ел аумағында еркін жүріп-тұра алады. Бұл кезеңде заматтарға еңбек және басқа да ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Визасыз режимде елде болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезеңде 42 күнтізбелік күннен аспауы керек. Осы шартты бұзған үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оның ішінде 10-нан 25 АЕК-ке дейін айыппұл; 15 тәулікке дейін қамауға алу; Қазақстаннан шығару; 5 жылға елге кіруге тыйым салу (сот шешімімен) сияқты жазалар бар.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  03:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 06:20:02
Арыстағы жарылыстан кейін қайырымдылық қорына жиналған 80 миллион теңгені жымқырған экс-әкім түрмеден уақытынан бұрын босап шығатын болды.

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов 7 жылға сотталған. Алайда темір торда 2 жылын өткізген соң, қалған мерзімді бас бостандығын шектеу түріне ауыстырған. Судьяның айтуынша, жазаны жеңілдету кезінде экс-әкімнің бұрынғы марапаттары, түрмедегі тәртібі мен Ауған соғысының ардагері болғаны да ескерілген.

“Ол кісі 3-тен бір бөлігін өтегеніне сәйкес заңды негізде өтініш берген. Яғни ол өтініші бойынша айыппұл төлеу немесе бас бостандығынан шектеу жазасына жеңілдетуге өтініш берген. Сол негізде қаралды. Соған сәйкес жазасын өтеп жатқан мекемеден мінездеме алынды. Ол жазасын өтеп жатқанда тәртіп бұзушылық орын алмаған”, – дейді Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы Ермек Құтыбаев.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  03:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 05:18:55
Түнде Алматыда ер адам тұрғын үй кешендерінің бірінде атыс шығарды. Куәгерлер оның екі рет оқ атқанын айтады. Көп ұзамай оқиға орнына полиция келген. Ер адамды ұстау үшін арнайы жасақ жұмылдырылған.

Полиция мәліметіне сәйкес оның мұндай қадамға баруына «әйелімен болған жанжал» себеп болуы мүмкін.

t.me/stankznews
2.9K views02:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 13:23:55 Шымкент қаласы бойынша ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бастығының міндетін атқарушы ұсталды

ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, пара алу бойынша күдікті өз кабинетінде ұсталған.

Пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

t.me/stankznews
826 viewsedited  10:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 09:15:57
Қарағанды – Қарқаралы тас жолында көлік өзенге құлап, 70 және 56 жастағы жолаушы қаза тапты.

Желіде таралғар видеода құтқарушылар келгенге дейін көлік жүргізушілерінің өз бетімен көлікті судан шығаруға әрекеттенгені көрінеді. Олар көлікті арқанның көмегімен судан шығармақ болған.

Қарағанды облысы ПД мәліметінше, Audi-80 көлігін 56 жастағы жүргізуші басқарып келе жатып, өзенге құлап кеткен. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
1.0K viewsedited  06:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 05:35:43 Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның “Уимблдон” финалында жеңіске жеткені қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Беделді турнирде жеңіске жеткені үшін 23 жастағы Рыбакина екі миллион фунт стерлинг (бір миллиард теңгеден астам) алады.

Елена Рыбакинаның өзі матч алдында қатты қобалжығанын айтты.

t.me/stankznews
331 views02:35
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 18:27:37
Еліміз үшін тарихи жеңіс!

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдонда" жеңіске жетті. Финалдық ойында Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді жеңді.

Алғашқы сетте есесін жіберген қазақстандық теннисші 2 және 3 сетте қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

t.me/stankznews
906 viewsedited  15:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 13:59:19
Шри-Ланка сарайы толығымен шерушілер қолына өтті

Шерушілер Шри-Ланканың қашып кеткен президентінің сарайында суретке түсіп жатыр. Сондай-ақ олар сол жерден элиталы көліктерді тапқан.

Елдегі шиеленісті жағдайға байланысты жақын арада парламенттің шұғыл отырысы өтеді деп күтілуде.
860 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 12:16:27
Шри-Ланкада наразы халық президент резиденциясына басып кірді

Шри-Ланкада наразылық білдірушілер президент резиденциясын басып алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол агрессивті демонстранттар тобынан қашуға мәжбүр болды.

Ел тарихындағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа байланысты аралда наразылықтар басталды. Жақында Шри-Ланка билігі дефолт жариялады.

Шри-Ланка премьер-министрі үкіметке қарсы жаппай наразылықтарға байланысты партия жетекшілерінің шұғыл жиналысын шақырды.
1.5K viewsedited  09:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 08:29:22
Талғарда көпірден өзенге құлап кеткен әйел қаза тапты

Әйелдің жансыз денесі Талғар қаласындағы су бөгетінен табылған.

Әйелдің жасы қырықтар шамасында болған. Оны өзеннің ағысымен алып кеткен. Сол күні кешке полицейлер мен құтқарушылар әйелді іздеуге кіріскен. Түн ортасы болғасын іздеу жұмыстарын тоқтатып, таң ата қайта жалғасқан. Марқұмның денесін табу үшін экскаватор құрылғысы тартылған.

Алдын ала болжам бойынша әйел арқасындағы ауыр рюкзак пен қауіпті көпірдің салдарынан құлап кеткен.
889 viewsedited  05:29
Ашу / Түсініктеме