Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 57

2022-07-14 12:19:07
ШҚО әкімі Даниал Ахмедов өңірдегі жемқорлық туралы сауалға жауап берді

t.me/stankznews
2.5K views09:19
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 11:18:41
Қазақстанда жанжал тудырған "Базз Лайтер" мультфильмінің прокаты тоқтатылды.

Бұл туралы Мәдениет министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Жанжал нәзік жынысты екі мультфильм кейіпкерінің кадрдағы сүйісу сәтінен шықты. Қазақстандық белсенділер мультфильмнің көрсетілуіне қарсы петиция жинаған болатын. Нәтижесінде, министрліктегілер петицияны мақұлдады.

Бұған дейін бұл мультфильмді Египет, Ирак, Сирия, Иордания, Сауд Арабиясы және Малайзия сияқты елдер көрсетуге тыйым салған еді.

t.me/stankznews
2.6K viewsedited  08:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 10:59:27
Нұр-Сұлтандағы баланы құтқару сәтінен видеокадрлар жарияланды

Дереккөз - @zhaloby_astana инстаграм парақшасы

t.me/stankznews
3.5K views07:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 09:38:35
Нұр-Сұлтанда 17 жастағы жасөспірім өмірін қатерге тіге отырып, терезеде тұрған баланы құтқарып қалды. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес оқиға «Шерқала» тұрғын үй кешенінде болған.

«Бір сағат бойы пәтерге кіре алмадық. Жасақ шақырдық. Көпбалалы отбасыдан шыққан 17 жастағы жігіт баланы құтқаруға барды. Өзі де құлап кете жаздады», - деді жазба авторы.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  06:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 09:08:51
Тоқаев Қазақстандағы жол құрылысының дамымауы “қолдан жасалған жетіспеушілік әсерінен” деп атады

t.me/stankznews
1.2K views06:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 09:06:31
Ал сіз Үкімет жұмысын қалай бағалар едіңіз?
Anonymous Poll
4%
Өте жақсы
7%
Жақсы
24%
Орташа
37%
Нашар
28%
Мүлде көңілім толмайды
397 voters1.3K views06:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 09:05:28 Қасым-Жомарт Тоқаев отырыс соңында Үкімет жұмысын «орташа» деп бағалады. Сонымен қатар жұмыс қарқынын күшейту керегін, қазіргі уақытта босаңсуға болмайтынын атап өтті.

«Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек», - деді Тоқаев.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  06:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:46:22
Тағы бір сөгіс!

Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке киіктерді ату туралы асығыс шешім қабылдағаны үшін сөгіс жариялады

"Бұл соңғы шешім емес, бұл мәселеге кәсіби тұрғыдан қарау керек", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

t.me/stankznews
1.2K views05:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:41:14
Президент халықты ревакцинациялануға шақырды

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны артып келеді. Соңғы екі аптада науқастар саны 30 пайызға артты.

Біздің елдегі жағдай да күрделене түсті. Алматы "қызыл" аймаққа қайта оралуы мүмкін. Негізгі себеп-тұрғындар мен дәрігерлер қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Ведомствоаралық комиссияның жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандыру қажет. Бұл жұмыста асыра сілтеушілік болмау керек. Шағын және орта бизнестің мүдделерін ескерген жөн."

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:36:04 Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамтуды тапсырды

"Қазір жастарды жұмысқа орналастыруға көңіл бөлетін кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына шамамен 300 000 жас шығады.
Біздің елімізде жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалуда. Бірақ, нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі соңына дейін шешілмеген.

Кейбір өңірлерде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі елдегі орташа көрсеткіштен едәуір жоғары. Олардың арасында әсіресе Нұр-сұлтан, Алматы, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Үкімет пен өңірлердің әкімдері осы мәселеге ерекше назар аударуға тиіс. Жыл соңында біз тиісті қорытынды жасаймыз".

t.me/stankznews
1.1K views05:36
Ашу / Түсініктеме