Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 53

2022-07-18 12:30:46 Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Сарқан ауданының тұрғындары судан жаппай уланып жатқаны туралы ақпарат тараған. Дегенмен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл мәліметті жоққа шығарды. Комитет өкілдерінің мәліметінше, улану туралы шағыммен тұрғындар дәрігер көмегіне жүгінбеген.

"Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері нормаға сәйкес келеді. Сондай-ақ тұрғындардың улану туралы шағымдарымен аудандық ауруханаға жүгінбегенін хабарлаймыз", - деді комитет өкілдері.

t.me/stankznews
247 viewsedited  09:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 11:02:58 Видеода полицейді итерген ер адамның есімі - Арман Тугаев, ақтаулық кәсіпкер әрі меценат. Ол бұған дейін Шавкат Рахмоновқа екі бөлмелі пәтер сыйлаған еді.

Полиция қызметкерін игергені үшін бизнесмен 10 тәулікке қамауға алынды.

“Видеодағы адамның жеке басы анықталып, Ақтау қалалық полиция депортаментіне жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды (Ұсақ бұзақылық). Материал әкімшілік сотқа жіберілді.

Әкімшілік соттың шешімімен Ақтау қаласының арнайы қабылдау орнында 10 тәулікке қамауға алу туралы қаулы қабылданды”,- деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

t.me/stankznews
601 viewsedited  08:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 10:33:47
Биыл талапкерлерге қай мамандықтың грантына түсу оңайырақ болады?

2022 жылдыңнегізгі ҰБТ кезеңі аяқталып, түлектер білімдерін одан әрі жетілдіру үшін жоғары оқу орындары мен қалауындағы мамандықтарды таңдауға кірісті. Бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімін жариялаған.

Биылғы бакалаврға бөлінген гранттар тізімі бойынша машина жасау, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салаларына арналған мамандықтарға 17 794 грант бөлінген. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, математика-физика пәндерінің комбинациясы аясында бұл мамандықтарға 76-89 балл арқылы грантқа қол жеткізу мүмкіндігі болса, ең төменгі 50-69 баллды жинау арқылы да грант иелену бәсі басым.

Толығырақ Stan.kz сайтынан оқыңыз.

t.me/stankznews
669 viewsedited  07:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 09:14:31 Елімізде ірілі-ұсақты ауылдар жетерлік. Көп жағдайда мұндай ауылдар облыс орталықтарынан жырақта орналасқандықтан интернет пен байланыс секілді өркениеттен тыс қалып жатады. Бұл мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үш ірі оператормен бірігіп, 2020 жылдан бері "250+" жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарлама аясында елімізде ең ірі мобильді операторлардың бірі Beeline үш жыл ішінде 1000 аса елді мекенді жылдам желімен қамтыған. Өңірлердегі жағдай интернет келгелі бері қалай өзгерді? Stan.kz тілшісі көріп қайтты.

https://stan.kz/auildiktardin-sportka-degen-auestigin-arttirdi-zhildam-362583/
833 views06:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 08:50:54
Соңғы уақытта елдегі кейбір “өзге сипатты насихаттайтын” фильмдердің кинотеатрлардағы көрсетіліміне қарсы шығып жүрген актер Нұртас Адамбайдың Фейсбук желісіндегі парақшасынан.

Видео - @bessimptomno

t.me/stankznews
920 viewsedited  05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 08:12:49
Испанияда аптап ыстық салдарынан орман мен дала өрті басталды. Мыңнан аса өрт сөндіруші жалынды ауыздықтауға тырысып бағуда. Алайда жел мен жоғары температура жағдайды одан әрі ушықтырған. Салдарынан елде бірнеше қаланың тұрғындары эвакуацияланды.

Испанияда ауа температурасы 45+ градусқа дейін жеткен. Аптап ыстық салдарынан 5 күннің ішінде 200-ден аса адам мерт болды.

t.me/stankznews
960 viewsedited  05:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 08:05:35
Ал сіз Нұртас Адамбайдың "ЛГБТ насихаты" үшін фильмдерді прокаттан алу туралы ұсынысын қолдайсыз ба?
Anonymous Poll
75%
Иә, қолдаймын
17%
Жоқ, фильмдерге тыйым салынбауы керек
7%
Жауап беруге қиналамын
298 voters960 views05:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 08:01:21
972 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 07:17:12
Н.Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды мен экс-құдасы Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды.

Қайрат Сатыбалды күдікті деп танылған «Қазақтелеком» және «Транспорттық қызмет көрсету» компанияларынан ақша жымқыру ісі бойынша 36 миллиард теңге қайтарылды.

Ал Боранбаевқа қатысты істі тергеу кезінде «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға 11,3 миллиард теңге қайтарылған.

Сонымен қатар күдіктілер Люксембургтен 170 миллион доллардан аса қаржыны өз еріктерімен қайтарып берген. Қазір олардың қылмыстық активтерін табу және тәркілеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қайрат және әйелі Гүлмира Сатыбалды, Боранбаев пен «Оператор РОП» басшылығына қатысты істер бойынша барлығы 230 миллиард теңге шығын өтелген.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  04:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 06:01:01
Ақтауда UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нұрмағамбетовпен суретке түскісі келгендер спортшыны қоршап алған. Кейбірі экс-чемпионға жақынырақ бару үшін полицейлерді итеріп жіберген. Хабиб Нұрмағамбетов қалаға Каспий жағалауында өткен халықаралық турнирге келген.

Турнир кезінде жастар қоршаудан секіріп, амфитеатр сахнасына өтпек болған. Ал жарыс аяқталған соң тұрғындар тау болып үйілген қоқыс пен қатты музыкаға шағымданды.

t.me/stankznews
391 viewsedited  03:01
Ашу / Түсініктеме