Get Mystery Box with random crypto!

Шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын азайып, құрға | Жаңалықтар - Stan.kz

Шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын азайып, құрғақшылық күтіледі. Синоптиктер мәліметіне сәйкес Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында байқалады. Сонымен қатар Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей қаласы маңайында жауын азаяды деп күтіледі.

Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды. Ал өзге аймақтарда ылғалдану жағдайлары нормаға жақын.

t.me/stankznews