Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 59

2022-07-11 12:33:24
Мәдениет және Спорт министрі Дәурен Абаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында тіл мәселесі туралы ойын айтты.

“Тоқсан жетінші жылдары елордамызда 1 ғана қазақ тілді мектеп болған. Ал қазір, 78% түлектер қазақ тілінде ҰБТ тапсырады. Бұл үлкен өзгеріс.” - деді ол.

t.me/stankznews
248 views09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 12:27:07
Ал бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданының әкімі – Марат Ескендіров. Аудан әкімінің сөзінше, ауылда көп адам тұрудың қажеті жоқ. Себебі мұнда жол салу және ғаламтор желісін жүргізу көп шығынды қажет етеді, ал бұл тиімсіз. Оңтайлы шешім – ауылда ешкім тұрмаса, артық шығын да болмайды. Табылған ақыл!

Видео Обожаю Telegram-арнасынан.

t.me/stankznews
298 viewsedited  09:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 10:58:26
Рыбакинаның "Уимблдондағы" жеңісі үшін қуаныштысыз ба?
Anonymous Poll
66%
Иә, ол біздің елдің атынан өнер көрсетеді
23%
Жоқ, одан да бұл ақшаны балалар спортына жұмсау керек еді
11%
Спорт жаңалықтарын қадағаламаймын
209 voters625 views07:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 10:56:35 Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» жарысындағы жеңісі спорт жанкүйерлерін қуантқанымен, екінші жағынан елге шетелдік спортшыларды тарту туралы жаңа даудың себепкері болды. Айта кетейік, Лена - Мәскеу тумасы, бірақ 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, еліміздің атынан өнер көрсетіп келеді.

t.me/stankznews
612 viewsedited  07:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 10:52:49 Қазақстандық әртістер мен концерт ұйымдастырушылары сахнада ішімдік ішкені үшін гонорардан айырылуы мүмкін.


Қазір сахнада мас болған әртістер үшін айыппұл мөлшері - көшеде келе жатқан мас адамның айыппұлына тең.

"Егер біз айыппұлды көбейтсек, онда бұл олардың өз өздерін ұстау үшін жақсы шара болмақ", - деді Мәдениет министрі Дәурен Абаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Бұл тақырыпты танымал "Ирина Кайратовна"тобының жанжалды концертінен кейін көтерді. Естеріңізде болса, әртістердің бірі туды қолына орап, әдепсіз қылықтар көрсеткен еді.

t.me/stankznews
606 viewsedited  07:52
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 08:32:30
Талдықорғанда пандустарды сынақтан өткізу кезінде шенеунік зардап шекті. Жергілікті AMANAT филианының атқарушы хатшысы Аманжол Жазыбаев жекеменшік дәріхананың маңындағы пандустан өтпек болғанда арбамен бірге аударылып қалған.

Қаладағы пандустарды тексеруге шенеуніктер мен жол жөндеуге жауапты мердігер компания өкілдері қатысқан. Шенеуніктің сөзінше, оқиғадан кейін ол басын жарып ала жаздаған.

Өз қалаңыздағы пандустардың сапасына көңіліңіз тола ма?

Видео marat_zhanabylov Instagram-парақшасынан.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  05:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 08:30:40
Актер Алмат Сақатов билік басындағыларға назын айтып, үндеу жолдады.

“Жақында бір министрдің Қазақстанда орташа жалақы 286 мың теңге дегенін естідім. Мұндай санды қайдан аласыздар?” - деді ол.

Оның сөзінше, бұл ақылға қонымсыз статистика.

t.me/stankznews
903 viewsedited  05:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 07:24:12
Қазақстандық экономист Айдархан Құсайынов теңгенің долларға шаққандағы шынайы бағамы мың теңге деген пікір айтты.

Оның сөзінше Ұлттық банк осы күнге дейін теңге бағамын интервенция арқылы тежеп келген.

Теңге бағамын ұстап тұру үшін соңғы жарты жылда 3 млрд долларға жуық қаражат жұмсалса, екі жылда 20 млрд доллар кеткен.

“Теңгені бір доллар үшін 600, 700, 800 тіпті мың теңгеге жіберу керек. Сол кезде импорт бағасы қымбаттайды. Өз елімізде зауыттар, шеберханалар ашылып, миллиондаған халық жұмыс істей бастайды. Солай ғана экономикамыз нығая алады.” - деді экономист.

t.me/stankznews
1.0K views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 06:57:54
«Алтын Ордада» тағы дау. Құқық қорғаушылар Алматыдағы ірі базардың басқаның қолына заңсыз өтіп кеткенін мәлімдеді.

Заңгерлердің айтуынша, қазір базарға иелік ететін Әлпиев пен Хусайынов 1998 жылы мекеме құрылған кезде құрылтайшылардың қатарында болмаған. Әлпиев бұл ітізмде тек 2001-2005 жылдар аралығында болған.

Заңгерлер қылмыстық іс нормасы өрескел бұзылып, бар-жоғы 8 күннің ішінде басқаның қолына өтіп кеткен дейді. Яғни Алматы облыстық экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі тергеген кезде заң сақтамаған.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  03:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 06:32:33
Әдемі әрі қорқынышты көрініс. Қырғызстанда туристер қар көшкінін видеоға түсіріп алды. Республиканың төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар көшкініне мұздықтардың еруі себеп болған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жіберілген.

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  03:32
Ашу / Түсініктеме