Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 58

2022-07-14 08:31:57 Мемлекет басшысы қандастар туралы

"Үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдырудың жаңа жолдарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте халықты басқа өңірлерге көшіру бағдарламасы түбегейлі қайта қаралуға тиіс.

Біз тарихи отанына оралғандарды толық қолдаймыз. Алайда тек Маңғыстау облысымен шектелмеу керек. Сіз басқа аймақтарда, соның ішінде индустриалды дамыған аймақтарда тұра аласыз. Біз қажет нәрсені жасауға дайынбыз.

Қазіргі уақытта жұмыс күшінің көші-қоны аймақтарда, елдерде және тіпті континенттерде жүреді. Бұл табиғи құбылыс болды. Біздің азаматтар бұл процесс туралы да білуі керек. Көрші елдердің азаматтары бұл жағдайға жақсы бейімделді. Біз қандастарымыздың барлық салада, соның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз. Олар жаңа Қазақстанды құруға септігін тигізеді деп сенемін."

t.me/stankznews
1.2K viewsedited  05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:28:01
Тоқаев Үкіметке жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды.

t.me/stankznews
1.1K views05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 08:16:19
Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында екі министрге сөгіс жариялады.

Олар - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

t.me/stankznews
1.2K views05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 05:55:44
Абайлаңыз, сиыр!

Қостанайда «ашулы» сиыр үш адамды жарақаттады. Әзірге ірі қараның көшеге қалай шығып кеткені белгісіз. Ал зардап шеккен адамдар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Соның ішінде бір әйелдің жамбасы, ал зейнеткердің қолы сынған.

t.me/stankznews
78 views02:55
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 14:27:46
2022 жылғы 24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді.

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

t.me/stankznews
842 views11:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 14:00:14
Қостанайда жақында ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген әуежайды су басты. Куәгерлердің сөзінше, шатырдан аққан су бірінші қабаттағы күту алаңын басып қалған.

Тұрғындарды қыруар қаржы бөлінген жұмыстың сапасыз жүргізілгені қынжылтады. Ал әуежай басшылығы жаңбыр қатты жауғандықтан, суағарлар суды өткізіп үлгермегенін алға тартты.

t.me/stankznews
949 viewsedited  11:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 13:46:08
Ресей соты Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату туралы шешімнің күшін жойды. Бұған дейін Приморск аудандық сотының шешімімен консорциум жұмысы 30 тәулікке тоқтатылған еді.

Кейін Краснодар өлкелік соты апелляциялық сатыдағы сот шешімін өзгертіп, "Каспий құбыр консорциумы – Р"-ға 200 мың рубль мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолданды.

t.me/stankznews
888 viewsedited  10:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 12:51:50
Сіз тойдың ұзақ болуы туралы не ойлайсыз?
Anonymous Poll
48%
Ғалымның айтқанымен келісемін. Қазіргі тойлар іш пыстырарлық
48%
Жоқ, келіспеймін. Той қазіргі форматта қалуы тиіс
5%
Өз ойымды комментарийге жазамын
40 voters128 views09:51
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 12:47:31
Елена Рыбакинаның Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты. Бұл туралы федерацияның вице-президенті Юрий Польский мәлімдеді. Теннисші жеңісі үшін алған жүлде үлесін қайырымдылық пен жастарды қолдауға жұмсамақшы екен.

t.me/stankznews
172 viewsedited  09:47
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 12:47:29
Академик Асқар Жұмаділдаев Қасқа жол арнасына берген сұхбатында той мәселесіне қатысты пікірін айтты.

Ол тойдың ұзақ болуы дұрыс емес деп санайды. Айтуынша, тойдың ұзақтығы әрі кетсе 50-55 минуттан аспауы керек.

Академиктің бұл пікірімен келісесіз бе?

t.me/stankznews
169 viewsedited  09:47
Ашу / Түсініктеме