Get Mystery Box with random crypto!

Жаңалықтар - Stan.kz

Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz Ж
Telegram арнасының логотипі stankznews — Жаңалықтар - Stan.kz
Арна мекенжайы: @stankznews
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.19K
Арнадан сипаттама

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз.
Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 54

2022-07-17 16:32:38
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов жол апатына қатысты сот ісінде жеңіп шықты.

Екібастұз қалалық соты осы жылғы 14 ақпанда Павлодар-Қызылорда тас жолында болған жол апатына қатысты шешім шығарды.

Үкімге сәйкес, айыпталушы Қуат Бұламбаевқа 91 890 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ ол екі жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Жәбірленуші Болат Бақауов кінәліден 3 миллион теңге моральдық шығынды өндіруді сұрап, сотқа арызданған еді. Алайда сот некелі жары мен асырауында жас балалары бар Бұламбаевтың мүліктік жағдайын ескеріп, моральдық зиянның мөлшері 3 млн теңгеден 300 мың теңгеге дейін төмендетті.

t.me/stankznews
703 views13:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 16:28:05
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Ақтауда екі бөлмелі пәтердің иесі атанды.

Спортшыға берілген сыйлық туралы Naiza League президенті Нұрбек Қарабала хабарлады.

t.me/stankznews
694 views13:28
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 12:27:05
Бурабайда әскери қызметкер мен ресейлік спортшы суға батып бара жатқан екі адамды құтқарып қалды.

Әскери қызметші Ескендір Қасымбай мен Түмен тұрғыны Полина Савельева Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Үлкен Шабақты көлінде қайғылы оқиғаның алдын алды.

Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, кешкісін көл жағасында демалып жатқан Ескендір көмек сұрап айғайлаған адамдардың дауысын ести сала жағадан жарты шақырым жерде ауа төсенішіндегі ересек адам мен баланы көреді.

“Ескендір Қасымбай еш ойланбастан оларға көмекке асығып, жүзе жөнеледі. Ол көл ортасындағыларды құтқаруға жалғыз әрекет еткен жоқ. Көмекке ресейлік Полина Савельева қоса ұмтылған. Кейін белгілі болғандай, оның кәсіби жүзгіш екені анық болды”, – деді министрлікте.

Бірлескен іс-қимылдардың арқасында құтқарушылар дер кезінде мәселені бақылауға алды. Біраздан соң ер адам өздігінен жүзе бастайды. Алайда жағалауға жетпей ол суға бата бастаған. Сәтін салғанда, демалушылар уақытылы қосымша көмек көрсеткен.

t.me/stankznews
1.1K viewsedited  09:27
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 12:02:43
Украиналық компанияға тиесілі Ан-12 жүк ұшағы Грецияның солтүстігіндегі Кавала қаласының маңында құлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта сегіз адам болған.
Сондай-ақ, расталмаған мәліметтер бойынша ұшақ бортында қауіпті жүк болған.

t.me/stankznews
1.1K views09:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 10:02:37
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шықты.

Ертең, 18 шілдеде өтетін финалда қазақстандық теннисші америкалық Максим Крессимен ойнайды.

t.me/stankznews
1.3K views07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 08:56:07
БАҚ беттерінде Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерді өлтіріп кеткені туралы ақпарат пайда болды. Фактіні жергілікті тұрғындар растады.

Жергілікті чаттарда Ақсай қаласының тұрғыны болған кәсіпкерді өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарауда. Хабарламада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті өз үйінен табылғаны айтылған. 1958 жылы туған ер адам – дүкен иесі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме бермейтінін, прокуратураның мақұлдауын күтетінін хабарлады. Бақылау органы дүйсенбі күні ғана түсініктеме береміз деп жауап берді.

t.me/stankznews
1.3K viewsedited  05:56
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 07:22:43
Талдықорғанда арнайы комиссияның тексеруінен кейін бұрынғы шенеуніктер заңсыз иеленген 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалада бір кездері заңсыз берілген 1000-нан астам пәтер мен тұрғын үй тексерілмек.

"Алдағы уақытта барлық қайтарылған пәтерлер қолданыстағы заңнама аясында, қаламыздың кезекте тұрған азаматтарына бөлінеді. Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша 14 пәтер қайтарылып, кезекте тұрғандарға үлестірілгенін хабарлаймыз. Олардың кейбіреулері көшіп кеткен, бірақ пәтерлер олардың атына тіркеліп, бос тұрған. Ал кейбіреулерінде туыстары тұрды", - деп хабарлады Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

t.me/stankznews
1.4K viewsedited  04:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 17:41:47
Қазақстан-Қытай шекарасында магнитудасы 4,7 балдық болатын жер сілкінісі болды

“16 шілдеде Алматы уақыты бойынша сағат 17:30-да Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 829 шақырым жерде Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі орын алды. Оның энергетикалық класы – 11,0. MPV магнитудасы 4,7",- деді сейсмологтар.

Зайсан қаласы мен Күршім ауылында жер сілкінісі 2 балдық күшпен сезілген.

t.me/stankznews
1.6K views14:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 15:36:37
Желіде екі басты жыланның видеосы тарады.

Үндістандағы Деоли ауылындағы Баладжи ғибадатханасының жанынан ұзындығы шамамен 18 сантиметр болатын ерекше екі басты жылан табылғаны атап өтілді.

Екі басы бар жорғалаушыға қазір жергілікті табиғатты қорғау мекемесінде күтім жасалуда. Мамандар мұндай даму ауытқулары бар жыландар ұзақ өмір сүрмейтінін атап өтті. Себебі жыланның бастары бәрі бір ас қорыту жүйесінің бір екенін түсінбей, тамақ үшін бір-бірімен күреседі. Әдетте бір бас екіншісіне қарағанда жақсы дамыған.

t.me/stankznews
1.7K viewsedited  12:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 15:04:23
Air Astana Алматы–Мале бағытындағы рейстің кешіктірілу себебін түсіндірді.

"Алайда ұшу кезінде қозғалтқыш және индикатор сенсоры істен шықты. Қауіпсіздік процедураларына сәйкес ақауды жою үшін ұшақ әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылданды. Сағат 03:30-да ұшақ Алматыға қалыпты режимде қонды", - делінген хабарламада.

t.me/stankznews
1.6K views12:04
Ашу / Түсініктеме