Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанды жаяу аралап шыққан 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев | Жаңалықтар - Stan.kz

Қазақстанды жаяу аралап шыққан 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев өз саяхаты туралы айтып берді.

Жезқазған тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев елімізді жаяу аралауды көп армандағанын айтады. Алайда туыстары ақсақалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін алаңдап, райынан қайтармақ болыпты. Алайда пандемия басталып, артынша 40 жыл бірге өмір сүрген жары да көз жұмған.

Саяхат кезінде Сәрсенбай аға 4 кг салмақ тастаған. Ал жүріп өткен 8 мың км жол жалпы денсаулығыма кері әсерін тигізген жоқ, дейді қария. Айтуынша, бұл саяхат керісінше оған қуат пен сергектік сыйлапты. Сонымен қатар жарты жылда 7 аяқ киім тоздырғанын айтады.

4 қазан күні Сәрсенбай Қотырашов өз саяхатын аяқтады. Туған Жезқазған қаласында оны сән-салтанатпен қарсы алды. Ал өңірдің басты қала құраушы "Қазақмыс" компаниясы тіпті оған екі бөлмелі пәтер сыйға тартты.

Толығырақ
СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз.

t.me/stankznews