Get Mystery Box with random crypto!

Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болған тұста ұлттық саябақтың | Жаңалықтар - Stan.kz

Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болған тұста ұлттық саябақтың жері жеке қолға өтіп кеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді.

«Ақ жол» фракциясының жетекшісі 22 гектар жердің мемлекеттік табиғи саябақ аумағынан заңсыз шығарылғанын мәлімдеді. Бұл жер телімі қалың орман өскен Бутаковка шатқалында орналасқан.

"Сонда Медеу табиғи паркінің бақандай 20 процентін тұрғын үй қорына аудара салған, парк басшылығына да ескертпеген. Базарбектің мәліметіне сәйкес, жерді бөлу және мақсатын ауыстыру жұмыстары басталып кеткен. Құрылыс жобаларын келісіп жатыр дейді», - деп жазды ол.

Депутаттың мәлімдемесінен кейін Бас прокурор Берік Асылов жер теліміне қатысты тергеу жүргізуді тапсырды. Егер дәлелденсе, жауаптылар жазаға тартылады.

t.me/stankznews