Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 75

2021-06-28 11:45:11
Бақытжан Байахметов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды

Баяхметов - Аягөз қаласының тумасы. Әр жылдары ол Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы, Аягөз қаласының әкімі қызметін атқарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Аягөз аудандарын басқарды.

@sputnik_aitady
28 views08:45
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 11:25:53 Үндістанда тағы бір қауіпті вирус табылды

Жаңа вирусты Үндістанның ұлттық вирусология институтының ғалымдары анықтаған. Махараштра штатындағы жарқанаттар вирустың тасымалдаушысы болып отыр.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұшатын түлкілер мен тышқандарда кездесетін вирусты әлемдегі ең қауіпті деп санайды. Ол осы жануарлардың сілекейі бар жемістер жеген адамдарға жұғады", - делінген үнді ғалымдарының мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта Нипах вирусын емдейтін дәрі немесе вакцина жоқ екендігі хабарланды. Одан өлім деңгейі 40 проценттен 75 процентке дейін жетеді.

@sputnik_aitady
32 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2021-06-28 07:58:16 Қазақстанда қанша өңір "қызыл" аймақта тұр

2021 жылғы 28 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

@sputnik_aitady
32 views04:58
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 09:30:11 ДДСҰ балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға болатынын айтты

Коронавирустың ауыр түріне шалдығуы мүмкін басым топтарды вакциналағаннан кейін 12-ден 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге вакцина салуға болады

COVID-19-ға қарсы вакциналар 18 жастан жоғары адамдардың көбісі үшін, соның ішінде аутоиммундық ауытқуларды қосқанда, кез келген типті ауруы бар адамдар үшін қауіпсіз.

Мұндай жағдайларға гипертония, диабет, астма, өкпе, бауыр және бүйрек аурулары, сондай-ақ бақыланатын кейбір созылмалы инфекциялар кіреді.

@sputnik_aitady
53 views06:30
Ашу / Түсініктеме
2021-06-24 09:06:42 Вакцина салдырғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігіледі – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина салдырғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы өтеді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

Пәтер ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.

Қыркүйек айының басында нәтижесін жарияланады.


@sputnik_aitady
51 views06:06
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 14:53:17 Жиырмадан артық қызметкері бар ұжымды міндетті түрде вакциналау енгізіледі

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдыру және ПТР-тест тапсыру міндеті қандай ұжымдарда енгізілетінін түсіндірді.

"Ұйымдасқан ұжым дегеніміз - 20 адамнан артық қызметкері бар ұжым, яғни дәл осы ұжымдарды міндетті вакциналау, ал екпеден бас тартқан жағдайда ПТР-тест тапсыру талабы қойылады", - деді Есмағамбетова.

Осы орайда комитет басшысы ведомствоаралық комиссияның ұсыныстары бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысынан кейін заңды күшіне енетінін жеткізді.

@sputnik_aitady
43 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 14:43:04 Цой вакцина салдырмайтындар үшін ПТР-тесттің ақысын кім төлейтінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қосымша шектеулер аясында вакцина салдырмайтындар үшін ПТР-тесттің ақысын кімнің төлейтінін айтты.

"ПТР-тест үшін жұмысшы немесе жұмыс беруші төлейді. Жұмыс берушінің өзі шешеді. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру керек, вакцина тегін қойылады. Кез-келген адам екпені ақысыз салдыра алады. Бәрін мемлекет төлейді. Осының арқасында шығын шығармай-ақ, денсаулықты да, отбасыны да қорғауға мүмкіндік бар, я болмаса, ақша шығаруға тура келеді", - деді Цой.

@sputnik_aitady
40 views11:43
Ашу / Түсініктеме