Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 73

2021-07-07 14:10:05
Мүфтият құрбан шалу тәртібін жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімі қалай атқарылатынын түсіндірді.

2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі. Ол:

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру.

Бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесі негізінде www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, онлайн режимде құрбандық шалу.

Биыл барша мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айт 20-22 шілдеге түсіп тұр

Толығырақ

@sputnik_aitady
21 views11:10
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 13:08:11
ҰБТ-2021: Аймағамбетов кімдердің бейнежазбасы тексерілетінін айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз айына дейін қандай түлектердің ҰБТ тапсыру кезіндегі бейнежазбасы тексерілетінін айтты.

"Мысалы, биыл наурызда түлектер өз еркімен сынама тест тапсырды. Сол сынама тестілеудің балы мен ҰБТ балын салыстырып, 20 балдан көп ауытқу болса, онда осындай ауытқу бар барлық баланың бейнежазбасын бөлек қараймыз. Үлкен зерттеу өткіземіз", - деді Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

@sputnik_aitady
22 views10:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 11:25:16
Қазақстанда онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды

Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы – skills.enbek.kz іске қосылды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты.

Жоба еңбек министрлігі мен "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ бастамасымен ашылды.

Қазірдің өзінде онлайн курстардың 70 авторы азаматтарға өз оқыту бағдарламаларын ұсынуға дайын. Бірыңғай порталда тегін және ақылы курстар бар, деп нақтылады министрліктің баспасөз қызметі.

@sputnik_aitady
23 views08:25
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 10:53:55
Алаш арыстарына ескерткіш ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Алаш" партиясының негізін салушыларға арналған ескерткіш ашылды.

Бұл туралы Ерлан Карин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Кеше президент Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтқан еді.

@sputnik_aitady
24 views07:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 13:23:51 Спутник Қазақстан pinned «​​ "Жаппай тексеріс болады": вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді Шағын, орта және ірі кәсіпорындардың жұмысшылары жазаға тартылмайды, оларға айыппұл салынбайды. Ал вакцина салдырмаған адамдарды жұмысқа кіргізген кәсіпкерлерге қатысты Әкімшілік…»
10:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 13:23:31 ​​ "Жаппай тексеріс болады": вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді

Шағын, орта және ірі кәсіпорындардың жұмысшылары жазаға тартылмайды, оларға айыппұл салынбайды. Ал вакцина салдырмаған адамдарды жұмысқа кіргізген кәсіпкерлерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 462-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделеді.

Айыппұлдың көлемі мынандай:

жеке тұлғаларға – 5 АЕК (14 585 теңге шамасында),
лауазымды адамдарға – 15 АЕК (43 755 теңге шамасында),
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (291 700 теңге шамасында),
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (583 400 теңге шамасында),
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК (1 458 500 тенге).

Бас кезінде вакцина салдыру міндеті 20 адамнан асатын ұжымдарға ғана таралады деген болатын. Алайда "ИП" ашқан және жалғыз өзі істейтін кәсіпкерлер де екпе салдыруға міндетті

Тексеріс қашан басталады

@sputnik_aitady
27 views10:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 08:56:31 Зейнетақы мен жәрдемақы бойынша қоңырау қабылдайтын колл-орталықтың нөмірі өзгерді

Енді қазақстандықтар 1411 нөмірінің орнына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады

Сондай-ақ қазақстандықтар @kenes1414bot телеграм ботында "Зейнетақымен қамсыздандыру" бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша операторға хабарлама жіберіп, сол жерден жауап ала алады.

1414 бірыңғай байланыс орталығы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі (жексенбі – демалыс) сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін істейді, қоңырау шалу – тегін.

@sputnik_aitady
24 views05:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 12:27:01
"Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесемін": Путин Назарбаевқа уәде берді

Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстан халқына Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесуге уәде етті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

"Елбасының Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары барысында маңызды мәселелер талқыланды. Соның бірі – қазақ халқы үшін киелі артефакт болып саналатын Кенесары ханның сүйегін табу және Қазақстанға қайтару. Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен осы жұмысқа ықпал етуді сұрады", - дейді Үкібай.

@sputnik_aitady
13 views09:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-02 09:52:36 Облыс орталығында картоп пен сәбіз сатып алуға шектеу енгізілді

Қостанайдың ірі супермаркеттері нарықтағы бағадан арзан картоп пен сәбіз сатуға шектеу енгізуге мәжбүр болды.

Мұнда көкөністер 3-4 есе арзан сатылып жатыр. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын сақтап тұру міндеттемесі аясында жүзеге асырылуда. Мәселен, картоптың келісі 70 теңгеден қымбат емес. Нарықтағы баға 260 теңге шамасында. Сәбіз басқа жерлерде 540-550 теңгеден сатылып жатса, мұнда 150 теңгеден қымбат емес.

Қостанай қаласы кәсіпкерлік бөлімі шектеу енгізуге тура келгенін айтып отыр. Өйткені алыпсатарлар мұндай жағдайды пайдалануға асық.

@sputnik_aitady
15 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 12:29:22 Спутник Қазақстан pinned a photo
09:29
Ашу / Түсініктеме