Get Mystery Box with random crypto!

Үндістанда тағы бір қауіпті вирус табылды Жаңа вирусты Үндіст | Sputnik Қазақстан

Үндістанда тағы бір қауіпті вирус табылды

Жаңа вирусты Үндістанның ұлттық вирусология институтының ғалымдары анықтаған. Махараштра штатындағы жарқанаттар вирустың тасымалдаушысы болып отыр.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұшатын түлкілер мен тышқандарда кездесетін вирусты әлемдегі ең қауіпті деп санайды. Ол осы жануарлардың сілекейі бар жемістер жеген адамдарға жұғады", - делінген үнді ғалымдарының мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта Нипах вирусын емдейтін дәрі немесе вакцина жоқ екендігі хабарланды. Одан өлім деңгейі 40 проценттен 75 процентке дейін жетеді.

@sputnik_aitady