Get Mystery Box with random crypto!

Цой вакцина салдырмайтындар үшін ПТР-тесттің ақысын кім төлейт | Sputnik Қазақстан

Цой вакцина салдырмайтындар үшін ПТР-тесттің ақысын кім төлейтінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қосымша шектеулер аясында вакцина салдырмайтындар үшін ПТР-тесттің ақысын кімнің төлейтінін айтты.

"ПТР-тест үшін жұмысшы немесе жұмыс беруші төлейді. Жұмыс берушінің өзі шешеді. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескеру керек, вакцина тегін қойылады. Кез-келген адам екпені ақысыз салдыра алады. Бәрін мемлекет төлейді. Осының арқасында шығын шығармай-ақ, денсаулықты да, отбасыны да қорғауға мүмкіндік бар, я болмаса, ақша шығаруға тура келеді", - деді Цой.

@sputnik_aitady