Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-03-02 10:27:38 Назарбаевтар отбасын қорғайтын заңның күші жойыла ма – мәжіліс төрағасының жауабы

"Бұл мәжілістің жоспарында жоқ. Біз неге оның күшін жоюымыз қажет. Мұндай мәселе тұрған жоқ. Ол тарихи тұлға, Елбасының тарихи рөлі зор екеніне ешкім дауласпайды деп ойлаймын", - деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерге.

Ол бұған дейін депутаттар заңға бірқатар өзгеріс енгізіп, Елбасыны Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырғанын еске салды

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі қалай өзгергенін мына жерден оқи аласыз.

@sputnik_aitady
95 viewsedited  07:27
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 10:09:39 Нұр-Сұлтан қайтадан Астана болып өзгертіле ме?

"Ондай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерге.

Сондай-ақ оның айтуынша, депутаттар бастама танытып, мұндай ұсыныс жасамайды.

2019 жылдың наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Бұл идеяны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.

@sputnik_aitady
93 viewsedited  07:09
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 09:35:59
Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі жұмысшыларды басып кетті – екі адам қаза тапты

Жол апаты Солтүстік Қазақстанда болған. 28 ақпанда сағат 12.00-де МАЗ және Shacman көліктері соқтығысты.

Полицияның хабаралуынша, Явленка ауылының 68 және 48 жастағы тұрғындары оқиға орнында көз жұмды, үш ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Видео: Instagram/vesti_sko

@sputnik_aitady
11 viewsedited  06:35
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 08:42:44 Депутат Маргарет Ходждың мәлімдемесінен кейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания елшісін шақырды

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Шухрат Нұрышев мәлімдеді.

Бұған дейін Ұлыбритания парламентінің депутаты Қазақстан мен Әзірбайжан Ресейді қолдайтынын айтып, сол үшін санкция енгізуді ұсынған болатын

@sputnik_aitady
37 views05:42
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 08:15:47 Теңге қайтадан құлдырады

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллар 492,21 теңге болды, кешегі күнмен салыстырғанда 6,68-ге көтерілді.

Айырбастау пунктері долларды 496-497 теңгеден сатып жатыр.

@sputnik_aitady
49 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 07:46:03
Алматы қаласына жақын жерде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

1993, 1994 пен 1996 жылдары туған үш ер адам ұсталды. Олардың 5 қаңтарда "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды.

Полицейлер үш иір ойықты және үш тегіс ұңғылы мылтық, винтовка, аңшылық жиынтығы бар шабадан мен иыққаптарды тәркіледі.

@sputnik_aitady
56 views04:46
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 07:13:52
Парламент мәжілісінің отырысында Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Еске салсақ, 25 ақпанда Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді. Ол өз үндеуінде қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналысатынын айтты.

@sputnik_aitady
60 viewsedited  04:13
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 06:48:43
Алматыда әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін "Гелендваген" жүргізушісі жазаланды

Ер адам жолдағы қос сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Оқиға Сәтбаев көшесіне жетпей, Жароков бойында болған

Жол ережесін бұзған жүргізуші 1982 жылы туған азамат екені анықталды, деп хабарлады Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Видео: Instagram/ @krisp_almaty

@sputnik_aitady
8 viewsedited  03:48
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 16:43:47
Ұлыбританияда Қазақстан мен Әзербайжанға санкция енгізу ұсынылды

Ұлыбритания парламенті мүшесі Маргаред Ходжтың ойынша, Қазақстан мен Әзербайжан Ресейді қолдайды

Оның сұрағына жауап берген ведомство басшысы Қазақстан мен Әзербайжанға қатысты мәселе зерттеліп жатқанын айтты.

Министр қазіргі күні Ұлыбритания Ресей мен Беларуське санкция енгізу мәселесімен айналысып жатқанын да атап өтті.

@sputnik_aitady
96 viewsedited  13:43
Ашу / Түсініктеме
2022-03-01 15:36:42
Ақмола облысында өрт шыққан үйде үш адам қайтыс болды

Купчановка ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды. Өрт кезінде үй иесі мен қонақтар үйдің ішінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ұлының кәмелетке толғанын атап өткен.

Құтқарушылар 1976 және 1987 жылы туған екі әйел мен 28 жастағы ер адамның күйген денесін тапты. Үйде болған тағы бір ер адам терезе арқылы шығып, аман қалған. Өрт сөндірушілерді де сол шақырған.

Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

@sputnik_aitady
100 viewsedited  12:36
Ашу / Түсініктеме