Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 69

2021-07-28 09:16:14
Токио Олимпиадасы: әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен кездесуде қазақстандық боксшыға қарсы ресейлік Имам Хатаев шықты.

Жекпе-жекті екі рет тоқтатуға тура келді. Боксшылардың екеуі де жарақат алды. Төрешілер шешімімен ресейлік боксшы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:4.

@sputnik_aitady
21 views06:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 13:29:56
Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды

91 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек өте тартысты басталды. Бірінші раунд испаниялық боксшы Эммануэль Рейестің пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Видео @sportilinet

@sputnik_aitady
22 views10:29
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 12:09:29
Нұр-Сұлтанда TikTok-қа видео түсірмек болған жас жігіттер "Қараөткел" көпірінің аркасына шықты

Үш жігіт таңғы сағат бесте Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің аркасына мініп алған. Осы уақытта оларды ешкім байқамайды деп ойлаған. Бірақ TikTok "жұлдыздарының" әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Тәртіп бұзғандар 19 және 21 жаста.

Оларға айыппұл салынған жоқ. Полиция ондай әрекеттің қаншалықты қауіпті және тиісті жазаның бар екенін түсіндірді.

@sputnik_aitady
24 views09:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-27 09:52:54
Маңғыстауда ұшақ шаңды дауыл салдарынан қонуға мәжбүр болды

Куәгерлер шаңды дауылдың салдарынан жел генераторлары жанына қонған жеңіл моторлы ұшақты видеоға түсіріп алған.

Құтқарушыларға қоңырау түспеген, соған қарағанда ұшақтың қонуы штаттық режимде өткен.

Видео Instagram/ ladakz

@sputnik_aitady
11 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 14:01:24 Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды

Еске сала кетсек, сенбі, 24 шілде күні дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы медальды салды.

@sputnik_aitady
15 viewsedited  11:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 16:01:03
Денсаулық министрі балаларды вакциналауға қатысты сауалға жауап берді

Министрдің айтуынша, балаларға да вакцина ерікті түрде салынады. Ондай вакцина жеткізілсе, ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ғана егіледі.

"Вакцинаны балаларға салуға рұқсат берілген бойда біз екпені жеткізуге тырысамыз. Сол кезде вакциналаудың нақты мерзімі де анықталады. Бірақ балаларға басымдық жасалады. Ол – анық нәрсе", - деп атап көрсетті Цой.

Цой балаларды вакциналау ерікті түрде жүргізілетініне баса назар аударды. Сондықтан мектепке кіргізу жағынан ешқандай шектеу болмайды.

@sputnik_aitady
16 views13:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 14:47:43
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинацияны тоқтатуды талап еткен бір топ әйелмен кездесуге неге шықпағанын түсіндірді.

Цой сол уақытта министрлікте кімнің қолы бос болды, солар кездесуге шыққанын атап өтті.

"Бізде кімнің шығуға мүмкіндігі болса, ең алдымен сол шығады. Бұл қалыпты процесс, бұрыннан жолға қойылған. Ол күні де кім жақын маңда болды, солар кездесуге шықты. Өйткені біздің басқа да қатысатын шараларымыз бар. Департамент директорларынан бөлек, вице-министрлер де шықты, бәрін түсіндірді. Олардың жауабына көбі қанағаттанды", - деді Цой брифингте.

Цой антиваксерлермен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

@sputnik_aitady
17 views11:47
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 13:21:47
Ақорда "Тоқаевты телефон арқылы аңдып жүр" деген ақпаратқа ресми түсініктеме берді

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Pegasus тыңшылық бағдарламасына қатысты пікір білдірді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, шетелдің арнайы қызметтері осы бағдарлама арқылы президент Тоқаевты да аңдыған. Абаевтың айтуынша, бұл – адамның назарын аударатын ақпарат. Бірақ оның ешбір дәлелі жоқ.

"Ол тізімге кез келген адамды енгізіп қоюға болады. Сөйтіп ел ішінде – элитаның арасында, журналистер және тағы басқа адамдарға күдік салады. Меніңше, бұл жерде қисынды скептицизм принципін ұстану қажет", - деді Абаев "Открытый диалог" бағдарламасында.

@sputnik_aitady
22 views10:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 14:24:13
Келінінің бетін шанышқымен күйдірді – қорқынышты жағдайға қатысты психолог пікірі

Түркістан облысында қайын апасы мүгедектігі бар келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдіргені туралы жағдай көпшілікті дүрліктірді. Артынша қатыгездікке барған қайын апасы қазақстандықтардан кешірім сұрады. Алайда бұл жағдайды өзгертпесі анық. Қауқарсыз әйелге қорған болып, отбасы ішіндегі жанжал мәселесін көтеріп жатқан белсенділер де бар.

Sputnik Қазақстан үйдегі зорлық-зомбылық, себебі, қазіргі ене мен келін қарым-қатынасы жайлы отбасы психологтарынан сұрады. Сондай-ақ әлеуметтік желіде үн қосып, осы мәселені көтеріп жүрген белсенділердің пікірін жинақтады.

Фото /serikabasshakhofficialpage

@sputnik_aitady
22 views11:24
Ашу / Түсініктеме
2021-07-22 12:22:46
Шымкентте 8 жасар қызды зорлады деп айыпталған бала сотталып кетті

Шымкентте сегіз жасар қызды зорламақ болды деп айыпталған жасөспірім 5 жылға сотталды. Апелляциялық сот 15 жастағы Аймұрат Айбекке тағайындалған ауыр жазаны өзгеріссіз қалдырды

Жәбірленуші тараптың өзі баланың кінәсіз екенін айтып сотта дәлелдеп баққанымен, екі жақтың да уәжі мүддем ескерусіз қалып отыр

"Кішкентай баланың тағдырына бұлар балта шауып жатыр. Әділ шешім сұраймыз. Дәлелсіз, иә. Бізде бүкіл қағаз бар, сараптаманың бәрін дайындадық, бірақ Шымкентте әділ шешім жоқ", - дейді сотталушының анасы Айнұр Әділова.

@sputnik_aitady
24 views09:22
Ашу / Түсініктеме