Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 66

2021-09-14 10:04:06 Бағдат Мусин eGov.kz Ресейдің қолына өтеді деген ақпаратқа түсініктеме берді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтардың барлық жеке дерегі Ресейге қолжетімді болады деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соңғы кезде желіде eGov.kz порталы ресейлік мамандардың қолына өтетіні туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Соған байланысты Мусин Қазақстанда көптеген мекеме негізі шетелде қаланған платформа бойынша жұмыс істейтінін айтты. Алайда бұл жасап шығарушы тарап барлық ақпаратқа қол жеткізе алады дегенді білдірмейді.

"Егов порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді! "Қазақстандықтардың барлық дерегі Ресей Федерациясына қолжетімді болады" деген түсінік қисынсыз. Электрондық үкіметте біреу біреуге ақпарат береді деген сұрақтың туындамауы да керек", - деп жазды Мусин.

Министрдің сөзінше, eGov-тағы база не жүйеге ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды.
@sputnik_aitady
25 viewsedited  07:04
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 09:05:22 ​​Коронавирус пандемиясы: Цой жағымды жаңалығын бөлісті

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық өсімі 35 процентке төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі

Айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

"ДДСҰ бағалауынша, республикада репродуктивті сан соңғы төрт апта бойы төмен, бұл пандемия бақылауда екенін көрсетеді және ауру жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді", - деді Цой үкімет отырысында
@sputnik_aitady
25 views06:05
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 08:16:58 ​​Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

Бұған дейін Е.Қожағапанов Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.
15 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 07:43:43 ​​Коронавирус бір тәулікте 70 қазақстандықтың өмірін қиды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша өткен тәулікте коронавирус пен коронавирустық пневмониядан 70 адам көз жұмды. Оның 13-і пневмониядан, 57-сі коронавирустан қайтыс болған.

13 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 78 512 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан –70 184 және пневмониядан - 8 328 КВИ) емделуде, олардың ішінде 16 345 пациент стационарда, 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

• 1 276 адамның жағдайы ауыр,
• 340 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 196 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
20 viewsedited  04:43
Ашу / Түсініктеме
2021-08-30 06:04:31 Channel photo updated
03:04
Ашу / Түсініктеме
2021-08-28 20:42:56 Channel photo updated
17:42
Ашу / Түсініктеме
2021-08-26 14:03:31
Паралимпиада-2020: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алды

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасы алғашқы "алтынын" иеленді, деп хабарлады Olympic.kz.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.

Ол өзінің үздік нәтижесінде 174 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды.

Күмісті франциялық А. Борлоун, қоланы грекиялық Д. Бакорхристос иеленді.

Айта кетері, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 атлет қорғап жатыр.

@sputnik_aitady
15 viewsedited  11:03
Ашу / Түсініктеме
2021-08-23 09:50:42
Қазақстандықтар қыркүйекте қанша күн демалады

Биыл қыркүйекте қазақстандықтар сегіз күн демалады.

Қырүйекте Қазақстанда бірде бір мемлекеттік немесе ұлттық мереке жоқ, сол себепті бұл айда адамдар тек демалыс күндері – сенбі және жексенбі демалады.

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде қыркүйекте 22 жұмыс және 8 демалыс күні болады.

Тамыз айында 10 демалыс күні бар – 30 тамызда Қазақстан Конституция күнін атап өтеді.

@sputnik_aitady
21 viewsedited  06:50
Ашу / Түсініктеме
2021-08-18 16:22:00
Алматыға Ауғанстаннан 42 адам ұшып келді

Ауғанстаннан Қазақстан азаматтары эвакуацияланды.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 42 адам мінген ұшақ Алматыға қонды.

"18 тамыз сағат 17.00-де Қазақстанның әскери әуе күштері С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға қонды. 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің қызметкерлері келді ", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар әскери ұшақпен Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды.

Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылды.

Бұл ақпаратты сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
@sputnik_aitady
18 views13:22
Ашу / Түсініктеме
2021-08-16 09:23:09
"Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды": полиция түсініктеме берді

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды деген ақпарат тарады. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 13 маусым күні болған. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ-ға жалған құжатпен қатысқан түлектерді анықтады.

"Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция департаментінде.

Бұған дейін белгілі КВН ойыншысының қызы үшін өзге біреу тест тапсырды деген ақпарат тарады. Бұл туралы Facebook-те заңгер Абзал Құспан жазды. Ол бұл "100% сенуге болатын адамдардан алынған ақпарат" екенін жеткізді.

Заңгердің айтуынша, ҰБТ-ны Әдемі Аманғали үшін университеттің 2-курсында грантта оқитын студент тапсырған.
17 views06:23
Ашу / Түсініктеме