Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 71

2021-07-15 12:56:56
Qurban2021.kz сайты іске қосылды

Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар тапсырыс беріп, мұқтаж жандар құрбандық етін алуға өтініш бере алатын qurban2021.kz сайты 15 шілдеде іске қосылады.

Сайт бүгін сағат 15:00-де іске қосылды. Сайт 22 шілдеге дейін жұмыс істейді.

Биыл барша мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айт 20-22 шілдеге түсіп тұр.

@sputnik_aitady
24 viewsedited  09:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 09:53:05 Спутник Қазақстан pinned a photo
06:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 09:52:55
Коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау мерзімі белгілі болды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды

"Жұмыскерлерге, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, 2021 жылдың 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылдың 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын", - делінген қаулыда.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

@sputnik_aitady
11 views06:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 09:37:28
Қазақстанның бұрынғы бас мүфтиі өмірден озды

Белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым, Әбсаттар қажы Дербісәлі қайтыс болды.Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

@sputnik_aitady
12 views06:37
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 08:55:11
Жігіт сүйіктісіне Каспий түбінде үйленуге ұсыныс жасады

Қыз су астында кенеттен бір қорапқа тап болды. Оның ішінде "маған тұрмысқа шықшы" деп жазылған, гүл де болған. Қыз келісімін берді.

Дайвинг орталығы нақтылағандай, қыз бен жігіт теңіз түбіне алғаш рет саяхат жасап отыр.

@sputnik_aitady
14 views05:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 14:59:28
4 өңірде карантин күшейтіледі – комиссия шешім қабылдады

Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы 4 өңірде карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылады.

Халықты вакцинамен қамтудың ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында – 23,6%, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 39%-дан байқалады. ВАК ел бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады.

@sputnik_aitady
12 views11:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 09:27:08
Атырауда мас ер адам жылқы мүсініне шығып, ескерткішті құлатты

Сәтбаев көшесінде болған жағдай туралы куәгер хабарлады. Оқиға орнына жеткен полицейлер мүсінді құлатқан адам Орал қаласының тұрғыны екенін анықтады.

"Ер адам нысанға зақым келтірді. Сол үшін бес тәулікке қамауға алынды", - деді полицияда.

Видео youtube/ Информационный ресурс ATPresskz

@sputnik_aitady
10 viewsedited  06:27
Ашу / Түсініктеме
2021-07-14 08:52:05 21 шілдеде телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

21 шілдеде Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03.00-17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген ақпаратта.

@sputnik_aitady
12 views05:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 14:05:07 Жұмыс беруші вакцина салдырмаған қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы ма

Жұмыс берушінің вакцина салдырудан бас тартқан қызметкерді жұмыстан шығаруға құқығы жоқ, әйтсе де оны жалақысын сақтамай, жұмыстан шеттете алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов электронды үкімет порталында қолданушының сұрағына осылай деп жауап берді.

Министрдің айтуынша, жұмыс беруші:

a) COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмысшыға қашықтан жұмыс істеуге ауысуды ұсынуға (мұндай мүмкіндік болған жағдайда);
b) қашықтан жұмыс істеуден бас тартқан немесе жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда – Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағына сәйкес жалақысын сақтамай, жұмыстан шеттетуге құқылы. Жұмыс беруші уақытша шеттетілген қызметкердің орнына басқа адамды ала алады.
c) жұмысты қашықтан орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда және қызметкер жұмыс орнына барып істеуге ниет білдірсе, жұмысшы өз есебінен міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі қажет. Сонымен қатар тараптардың келісімімен міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) жұмыс берушінің есебінен жүргізілуі мүмкін.
21 views11:05
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 13:37:58
"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында жүрген қар барысының видеосы жарияланды

Ұлттық саябақ аумағында 16 қар барысы бар. "Қызыл кітапқа" енген жыртқыш бұған дейін де "Көлсай көлдерінде" тіркелген еді. Саябақ мәліметінше, қазір мұндағы жыртқыштар саны бойынша тұрақтылықты сақтап отыр.

Қар барысы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген. Елімізде 120-130 қар барысы мекендейді, ал әлем бойынша оның саны 7 мыңнан аспайды.

@sputnik_aitady
19 views10:37
Ашу / Түсініктеме