Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 72

2021-07-13 13:17:35
Жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді

ҰҚК киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті.

Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді, қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың басты құрайды.


@sputnik_aitady
19 views10:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 11:55:28 Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз қашан арзандайтынын айтты

"Көрші Өзбекстанда да сәбізбен осындай проблема болды. Шын мәнінде, бізде қалыптасқан баға біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей де сұраныс тудырды. Қазір біз картоп бағасы біртіндеп төмендеп жатқанын көріп отырмыз. Күз кезінде ол айтарлықтай түседі деген болжам бар", - деді Сұлтанов брифингте.

@sputnik_aitady
21 views08:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 09:21:37
Қазақстанда 13-15 шілде аралығында күн суытады

Мамандардың ақпаратына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел тұрады.

@sputnik_aitady
20 views06:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 15:06:32
Шымкент тұрғыны әнұранды Миланның орталығында орындады

Шымкент тұрғыны Темірлан Бейсенбай Милан қаласының басты алаңында Қазақстанның әнұранын пианинода орындап шықты.

Қазіргі кезде Темірлан Бейсенбай Зальцбург (Австрия) қаласындағы Моцартеум университетінде оқып жүр. Туған жері – Шымкент. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Жас жігіт әнұранның өңделген нұсқасын орындауды бұрыннан армандап жүргенін айтты. Қоғамның қалай қабылдайтынын білмей, қатты алаңдапты. Видеоның астында жазылған пікірлерге қарағанда қазақстандықтарға әнұранның кавер-нұсқасы ұнаған.

Видео @ratovich

@sputnik_aitady
10 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 11:30:11
24 жағдай тіркелді: Қызылордада түйелердің табаны түсіп жатыр

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Аққұм, Қарақұм және Жақсықылыш ауылдарында жергілікті халықтың қорасындағы төрт түліктің бірі - түйелер ауруға шалдығып жатыр.

Жануарлардың тұяқтары іріңдеп, шіріп, түсіп қалып жатыр.

"Бүгінгі күнге дейін осындай 24 жағдай тіркелді. Ветеринар мамандар ауру жұқтырған малды тексеріп, емдеп жатыр. Бұл не ауру екенін анықтадық. Бұл – некробактериоз және онымен кез келген мал ауыруы мүмкін", - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дармағанбетов.

Ветеринар мамандар жануарлар арасында дерттің жылдам таралуына түйелердің аштықтан иммунитеттері әлсіреуі себеп болып отыр дейді

@sputnik_aitady
17 views08:30
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 09:31:12
Вакцинаны төгіп, жалған паспорт сатқан дәрігерлер ұсталды

Қазақстанның үш өңірінде жалған вакциналау төлқұжатын рәсімдеген медицина қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

"Еліміздің үш өңірінде вакциналау төлқұжаттарын сатқан медицина қызметкерлері ұсталды. Олар екпе салдырмаған адамдарға құжат берген. Ал вакцинаны төгіп тастаған. Осылайша, халық денсаулығын пайда табу көзіне айналдырды. Бюджет ақшасы болса, желге ұшып жатыр. Сонда жалған төлқұжат алған адамдар біздің арамызда жүр. Олар халықтың денсаулығына қауіп төндіреді ғой", – деді Ахметжанов агенттіктің алқа мәжілісінде.

Ресми мәліметке сәйкес, заң бұзған дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ, Ақмола және Алматы облыстарында ұсталды.

@sputnik_aitady
22 views06:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 12:44:47
Біртанов бюджет қаражатын жымқырмаған болып шықты

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне экс-министрдің қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлімдеді.

Бұған дейін оған бюджет қаражатын жымқыру бойынша айып тағылып келді. Алайда көп айға созылған тергеу аяқталуына бес күн қалғанда аталған бап "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бабына өзгертілген

@sputnik_aitady
16 views09:44
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 09:22:30 Трендтегі мультимедиалық контентті қалай жасау керек - SputnikPro трансляциясы

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы БАҚ, PR-қызмет өкілдері мен журналистика факультеті студенттеріне арналған шеберлік сағаттары басталды

Қатысушылар:

"Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары Наталья ЛОСЕВА;

"Россия сегодня" ХАА бас редакторының орынбасары - ақпарат бас дирекциясының директоры Дмитрий ГОРНОСТАЕВ;

"Россия сегодня" ХАА жаңа медиа дирекциясы инновациялық журналистика орталығының жетекшісі Иван ГРОМОВ.

SputnikPro трансляциясы

@sputnik_aitady
19 views06:22
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 08:01:30
Халық әртісі Роза Рымбаева әнші ұлы Әли Оқаповтың мәлімдемесі туралы не ойлайтынын айтудан бас тартты

Жақында Роза Рымбаева Grammy иегері Иманбек Зейкеновтің шығармашылығын сынға алған болатын. Халық әртісі қазақстандық диджейдің "жай ғана жолы болғанын" айтты.

Осы мәлімдемеден кейін желі қолданушылары әншіні сынап тастады. Таяқтың бір ұшы оның ұлы Әли Оқаповқа да тиді.

Көп ұзамай Оқапов бейнеүндеу жазып, анасының Иманбек жайлы пікірімен келіспейтінін, бұл жағдай жанын жабырқатқан адамдардан кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді.

"Экспресс К" басылымы Роза Рымбаеваға хабарласып, ұлының айтқан сөздері туралы не ойлайтынын сұрады. Алайда ол жауап беруден бас тартты.

"Мен Иманбек туралы пікір айтудан мүлде бас тартамын. Журналистерге сұхбат бердім, енді мені қалған әңгімелерге тартудың қажеті жоқ, дұрыс па? Айттым, болды! Келісемін – келіспеймін, біреу қарсы, біреу қолдайды – маған мүлде бәрібір!", - деген Рымбаева телефонды қоя салды.

@sputnik_aitady
20 views05:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-08 06:54:17
Қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды

Танымал режиссер, кинодраматург Сатыбалды Нарымбетов дүниеден озды.

Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Бұдан бір күн бұрын белгілі жазушы Смағұл Елубай өзінің Facebook-тегі парақшасында Сатыбалды Нарымбетовтің асқазанындағы ескі жарасы ашылып, ауруханаға түскенін жазған болатын.

@sputnik_aitady
11 views03:54
Ашу / Түсініктеме