Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 70

2021-07-22 10:08:56 Коронавирустың қолдан жасалғаны рас па – Ухань институты мәлімдеме жасады

Коронавирустың зертханадан шыққанын дәлелдейтін айғақтар жоқ. Бұл туралы Ухань ұлттық биоқауіпсіздік зертханасының директоры, вирусология институтының ғылыми қызметкері Юань Чжимин мәлімдеді.

"Ухань вирусология институты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін COVID-ты зерттеген де, кездестірген де жоқ. Ухань вирусология институты коронавирусты ешқашан қолдан жасаған емес, зертханадан да шығармады. Үшіншіден, институттың бірде бір қызметкері немесе студенті осы күнге дейін COVID жұқтырмады", - деді Чжимин брифингте.

@sputnik_aitady
27 views07:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 07:53:19 1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейді

Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейтінін айтқан болатын.

"Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды" – деп жазады "Хабар 24" телеарнасы премьер-министр орынбасарына сілтеме жасап.

@sputnik_aitady
19 views04:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-20 08:58:09
15 views05:58
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 14:00:34 Спутник Қазақстан pinned « Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру екенін айтты "Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде…»
11:00
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 13:59:58 Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру екенін айтты

"Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды", - деді президент коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.

@sputnik_aitady
3 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 13:26:53
Тоқаев вакцина салдыруға мәжбүрлеу туралы айтты

Вакцина салдырудан бас тартатын қазақстандықтарды ешкім мәжбүрлемейді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Президент вакцина салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс істеуде сараланған әдісті қолдану қажет екенін айтты.

"Бұл біртекті топ емес. Вакцинадан бас тарту себептері әртүрлі. Мұндай адамдар арасында екіұдай пікірде жүргендер де бар. Бүкіл тетікпен, соның ішінде әлеуметтік желі арқылы оларды сендіру қажет. Батыстың кейбір дамыған елдерінде сендіруден мәжбүрлеу әдістеріне көшіп жатыр. Біз бұған бармаймыз", - деді Тоқаев коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

@sputnik_aitady
10 views10:26
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 11:49:28
Қызылордада балалар орталығында жарылыс болды

Оқиға 19 шілде 07:20-да болды.

Құтқарушылардың мәліметінше, "Пумба" балалар ойын-сауық орталығының екі қабатты ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.

Жалын бірінші қабатты шарпып, ол түгелдей өртеніп кетті.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

@sputnik_aitady
10 views08:49
Ашу / Түсініктеме
2021-07-19 06:55:58
Байдүкенова "Славян базары" байқауында гран-при ұтып алды

Байқауға отыздан астам елдің әншілері қатысты. 22 жастағы талдықорғандық Рухия Байдүкенова Қазақстан атынан өнер көрсетті.

Бірінші орын сербиялық әншіде, екінші орынға украиналық орындаушылар ие болды. Ал үшінші орынды Словакия мен Әзірбайжан бөлісті

@sputnik_aitady
17 views03:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-16 12:32:28
Құрбан айт жақындап қалды: Қазақстанда мал бағасы қанша

Мал базарында баға қанша

Елордадағы "Шанхай" мал базарында құрбандыққа жарамды қойдың бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбаты – 70 мың теңге.

"Негізі, біздің мал базарда 40-45 мың теңгенің қойлары да бар. Бірақ олардың жасы алты айға толмаған, яғни құрбандыққа жарамайды. Алты-жеті айлық қойлар 50 мыңнан сатылып жатыр. Бір жастан асқандары 65-70 мың теңге төңірегінде саудалануда", - дейді "Шанхай" мал базарының ұйымдастырушысы Балымбек.

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 20 шілдеге түсіп тұр. Бұл күні қазақстандықтар демалады. Мейрам үш күнге созылады

Құрбан шалу кімге міндет
Қандай мал құрбандыққа жарамды
Өңірлерде малды қаншаға сатып алуға болады

@sputnik_aitady
14 views09:32
Ашу / Түсініктеме
2021-07-15 14:12:47 Токио Олимпиадасына қатысатын боксшылар анықталды

Токиодағы олимпиада ойындарында Қазақстан атынан бокс бөлімі бойынша тоғыз қазақстандық ел намысын қорғайды.

Олимпиадаға баратын боксшылар тізімі:

Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)
Серік Теміржанов (57 келіге дейін)
Зәкір Сафиуллин (63 келіге дейін)
Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)
Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін)
Бекзад Нұрдаулетов (81 келіге дейін)
Василий Левит (91 келіге дейін)
Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)
Надежда Рябец (75 келіге дейін)

Токио – 2020 ойындарында бокстан сайыс 24 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді.

@sputnik_aitady
25 views11:12
Ашу / Түсініктеме