Get Mystery Box with random crypto!

Вакцина салдырғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігілед | Sputnik Қазақстан

Вакцина салдырғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысқа тігіледі – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина салдырғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы өтеді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

Пәтер ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.

Қыркүйек айының басында нәтижесін жарияланады.


@sputnik_aitady