Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 67

2021-08-10 11:54:31 Қазанда Pfizer вакцинасын балалар мен жүкті әйелдер ғана салдыра алады – министрлік

"Бастапқы кезеңде, қазанда Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдер үшін қолжетімді болады, сондықтан оған сенудің қажеті жоқ. Қазір барып, вакцина салдыру керек", - деді министр.

Айтуынша, осы аптада Қазақстанға Қытай Халық Республикасынан ДДҰ мақұлдаған тағы бір вакцина жеткізіледі.

@sputnik_aitady
12 views08:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-10 10:28:29
Министр Цой вакцинаны қайта салдыру мерзімін атады

Осы жылдың ақпанында алғашқы болып вакцина салдырған адамдарға қазан айына қарай екпені қайта салу қажет болады

Министрдің айтуынша, бүгінде вакцинаны қайта егудің екі түрі бар. Біреуі – шұғыл, екіншісі – жоспарлы ревакцинация. Мәселен кей кезде ұжымдық иммунитетті 60-70 процентке жеткізу үшін шұғыл шараларды қолға алып жатады. Ал жоспарлы ревакцинация жылына бір рет ұйымдастырылады.

@sputnik_aitady
15 views07:28
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 11:54:00 ​​ Баланы мектепке дайындауға қанша қаражат керек

Қазіргі уақытта барлық тауар бағасы шарықтап кеткені туралы жиі естуге болады. Біреулер бұған пандемия себеп болды десе, біреулер қымбатшылыққа жауапты органдарды кінәлап отыр.

Sputnik Қазақстан кеңсе тауарларының қазіргі құнын былтырғы бағамен салыстырды.

Осы оқу жылында баланы мектепке дайындау қанша шығынды қажет ететіні туралы біздің материалдан оқыңыз.

@sputnik_aitady
25 views08:54
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 11:46:13 Ольга Рыпакова спорттағы карьерасын аяқтады

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова өзінің спорттағы карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Ол Токиода өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлетика спортшысы ретінде соңғы рет жарысқа қатысты. Рыпакова ұзақ жылдар бойы жарысқа түскен бәсекелестеріне алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

@sputnik_aitady
23 views08:46
Ашу / Түсініктеме
2021-08-06 09:07:50
Санаев қарсыласын тістеп алды – бірлескен федерация шешім шығарды

Олипиадада қазақстандық палуан Нұрислам Санаевтың қатысуымен болған белдесуден кейін кішігірім жанжал туындады. Қазақстандық палуан қарсыласын тістеп алды.

Күрестің бірлескен әлемі - барлық спорт түрі бойынша халықаралық федерация осы оқиғаны қарастырып, шешім шығарды. Қаулыға сәйкес, қазақстандық спортшының қарсыласын тістеп алғаны расталды.

Алайда ол "әдейі жасалмаған реакция" болды. Сол себепті ешқандай санкция қолға алынбайды. Нұрисламның өзі жекпе-жектен кейін Равидің ыңғайсыз қарсылас екенін ашық айтты.

Видео: Aaj Ki Taza Khabar

@sputnik_aitady
28 views06:07
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 12:55:07 Балабақшаға баратын балалардың ата-анасы вакцина салдыруға міндетті ме

Балабақшаға баратын балалардың ата-анасында Ashyq қосымшасында "көк" немесе "жасыл" статус болса жеткілікті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде айтты.

@sputnik_aitady
4 views09:55
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 10:14:14
Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады

Жартылай финалда Бибосынов ұлыбританиялық Галаль Яфаймен бокстасты.Бірінші раундта қарсыласы бірден шабуылға көшіп, қазақстандық боксшыға қысым жасады. Бибосынов ауыр соққыны өткізіп алып, нокдаунға түсіп қалды. Бірақ қарсыластың екпінін баса білді. Сериялық соққылар да жасады. Бірақ бес төрешінің бәрі Яфайға жоғары ұпай берді.

Екінші раундта боксшылар ашық бокстасты. Бибосыновтың басымдығы анық байқалды. Бірақ бес төрешінің үшеуі ғана қазақ боксшысының өнерін жоғары бағалады. Үшінші раунд та өте тартысты өтті. Төрешілердің шешімімен Галаль Яфай финалға шықты.

Ал Бибосынов қола медальды қанағат тұтты.

@sputnik_aitady
16 views07:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-05 09:14:52
Токио Олимпиадасында еркін күрес шебері Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты

Ширек финалда жерлесіміз мысырлық Реда Рамадан Хуссейнмен белдесті.

Бірінші кезеңде қарсыласы бірден алға ұмтылып, үш ұпайды алып кетті. Ал Қайсанов екі ұпай алды. Ал екінші кезеңде мысырлық балуан өз басымдығын бес ұпайға дейін жеткізді. Бірақ Қайсанов өз әдістерін шебер орындап, есепті 8:5-ке жеткізді.

Жартылай финалда жерлесіміз ресейлік балуан Заурбек Сидаковпен күреседі.

@sputnik_aitady
18 viewsedited  06:14
Ашу / Түсініктеме
2021-08-04 12:39:05
Қоңқабаев Олимпиада финалына шыға алмады

Жартылай финалда жерлесіміз америкалық боксшы Ричард Торреспен кездесті. Бас кезінде Қоңқабаев қашып бокстасты. Жойқын соққыларын шебер орындай білді. Қарсыласы да қарап қалған жоқ. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі америкалық боксшыға жоғары ұпай берді. Ал екінші раундтың соңында Қоңқабаев нокдаунға түсіп қалды.

Үшінші раундта екеуі ашық бокстасты. Бірақ қазақстандық спортшы ештеңе өзгерте алмады. Ауыр жарақат алып қалды. Содан дәрігер жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

Осылайша Қоңқабаев қола жүлдені қанағат тұтты.

@sputnik_aitady
16 viewsedited  09:39
Ашу / Түсініктеме
2021-08-03 12:55:55
Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты

Токио Олимпиадасында қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты.

Бибосынов ширек финалда испаниялық Эскобар Маскунаномен кездесті. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі қазақ боксшысына жоғары ұпай берді.

Екінші раундта Маскунаноға жоғары ұпай берілсе де, үшінші раундты Бибосынов алды.

Қорытынды есеп – 4:1.

@sputnik_aitady
17 views09:55
Ашу / Түсініктеме