Get Mystery Box with random crypto!

Sputnik Қазақстан

Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан S
Telegram арнасының логотипі sputnik_aitady — Sputnik Қазақстан
Арна мекенжайы: @sputnik_aitady
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 12.72K
Арнадан сипаттама

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз
🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 68

2021-07-30 14:56:19
Ольга Рыпакова финалға шыға алмады

Токио Олимпидасында үш қарғып секіруден іріктеу сайыстары өтті.
2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың үздік көрсеткіші 13 метр 69 сантиметр болды.

Ережеге сәйкес, 34 атлеттің ішінен 14 метр 40 сантиметрден артық секірген немесе үздік көрсеткішке ие болған 12 спортшы ғана финалға өтеді.

@sputnik_aitady
17 views11:56
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 14:11:50
Қызды құтқарып үлгерді – Семейде ерлікпен қаза болған бала наградталды

14 жаста болған Нұржігіт Әшімжанов жүзе алмаса да, қызды құтқарып қалды. Бірақ өзі көз жұмды. Ерлікпен қайтыс болған бала "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды. Награда батыр ұлдың ата-анасына табысталды.

Оқиға 2021 жылдың 30 маусымында болған. Нұржігіт достарымен бірге Ертіс өзенінің жағасында жүргенде суға батып бара жатқан қызды көрген. Өзі жүзуді білмесе де, бірден суға секірген. Қызға жақындап барып, шұңқырдан шығарып, жағаға қарай итеріп жіберді. Бірақ өзі судан шыға алмады. Күші сарқылып, батып кетті.

@sputnik_aitady
18 views11:11
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 13:35:41 Спутник Қазақстан pinned a photo
10:35
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 10:52:36 12 жастан асқан жасөспірімдер кейбір ұйымдарға тек Ashyq арқылы кіргізіледі

Тиісті қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері қол қойған болатын.

"12 жастан асқан балалардың компьютер клубтарына, цирктерге, кинотеатрларға, балалар сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қалааралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасында ерікті тіркелумен, соның ішінде басқа платформалар (мәселен, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) арқылы кіруі қамтамасыз етілсін", - делінген қаулы мәтінінде.

@sputnik_aitady
9 views07:52
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 10:39:17
Бес қалада локдаун енгізіледі: жұмыс күндері қоғамдық көлік жүре ме

Карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыда қатаңдатылады. Өйткені Қазақстан бойынша тәулік ішінде вирус жұқтырғандардың 65%-і мен қайтыс болғандардың 55%-і осы қалаларда тіркеліп отыр.

Толығырақ

@sputnik_aitady
11 views07:39
Ашу / Түсініктеме
2021-07-30 09:23:14
Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметінің бастығын қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

Қызмет бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді.

@sputnik_aitady
17 viewsedited  06:23
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 13:45:49
Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қоңқабаев алғашқы жекпе-жекте мысырлық Есри Мостафа Резкпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта екеуі өте сақ қимылдады. Қамшыбектің қарсыласы бойшаң, қолы да ұзын. Дегенмен қазақстандық боксшы бірнеше соққысын дәл тигізді. Соның арқасында бірінші раунда бес төрешінің бәрі оған жоғары ұпай берді. Екінші раунд та Қоңқабаевтың пайдасына шешілді. Соңғы раунда мысырлық боксшы ештеңе істей алмады. Қорытынды есеп – 5:0.

@sputnik_aitady
13 views10:45
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 13:15:44
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалында ұтылып қалды

Жартылай финалда еліміздің бірінші ракеткасы Швейцариялық теннисші Белинда Бенчичпен кездесіп - 6:7 (2:7), 6:4, 3:6 есебімен есе жіберді.

Енді, Елена Рыбакина қола жүлде үшін таласады.

Видео: @sportilinet

@sputnik_aitady
8 views10:15
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 11:17:33
"Шығарып тастаңдар!": Қарағандыда жүздеген адам жиналды, ғимарат қоршауға алынды

Қарағанды қаласында жүздеген адам бизнес орталықтың алдына жиналып, ЛГБТ қауымдастығы өткізген тренингке қарсылық білдірді.

28 шілде күні Қарағандыға ЛГБТ қауымдастығының өкілдері келген. Олар Абай көшесінде орналасқан бизнес орталықта кабинет жалдап, тренинг өткізбекші болыпты. Бірақ оны естіген жергілікті тұрғындар наразылық білдіріп, тренингті тоқтатуды талап етті. Ал тәртіп сақшылары жағдайды ушықтырмау үшін арнайы жасақтың көмегімен ғимаратты қоршауға алды. Сосын ЛГБТ өкілдерін көлікке отырғызып, қауіпсіз жерге шығарды.

@sputnik_aitady
10 views08:17
Ашу / Түсініктеме
2021-07-29 10:04:09
Қазақстандық белгілі театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында дүние салды

"Қош бол, ірі тұлға" деп жеткізді қаралы хабарды ол. Танымал режиссердің қайтпас сапарға аттанғаны туралы хабардыSputnik Қазақстанға мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

@sputnik_aitady
14 views07:04
Ашу / Түсініктеме