Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 17

2021-01-06 08:42:25 -Сәке, қарашы, сен мысалға арақ ішпейсің, хорошо, бірақ арақ қойылған жерге неге бармайсың? Главное, өзің ішпесең болды емес пе? -дейді бір танысым.

- Досым, сен де қарашы, - деймін мен,- егер сен жүріп жүрген қызыңмен бір отырыста отырсаң, бірақ, кенеттен сол дастарханға сүйіктіңнің бұрынғы жүрген жігіті кіріп келсе, сен сол отырыста отырар ма едің? Әлде тұрып кетіп қаласың ба?

- Әрине, тұрып кетемін!

- Неге?

- Енді ол...бұрынғы жігіті емес пе? Қалай отырасың?!

- Қызықсың, олар қазір жүріп жатқан жоқ қой! Еще ол ендігі сенің қызың емес пе?!

- Ну, сонда да, қызғанасың ғой...

- Несі бар, мән бермеген болып отыра берсей...

- Кетпеген күнде де отырыс аяқталғанша зорға отырасың ғой...

- Көрдің бе, досым, арақ ішілген жерде де солай. Өзің ішпесең де ол жерде отыру бізге қиын. Себебі, арақ ішу үлкен күнә, бәлкім, сен оны сезінбейтін боларсың. Ал, күнә жасалып жатқан жерде біз беймарал отыра алмаймыз...

#меніңмиымнанауызти

@apendim
6.2K views05:42
Ашу / Түсініктеме
2021-01-05 18:41:55
Қарағандыда үйі өртеніп кеткен жандарға көмек қолын созайық бауырлар. Әрқайсымыздың басымызға осындай күн тумасына кепілдік жоқ!
6.4K views15:41
Ашу / Түсініктеме
2021-01-04 10:54:23
7.0K views07:54
Ашу / Түсініктеме
2020-12-25 13:48:23 ​​ "МҰСЫЛМАН ЕКЕНІҢЕ ДӘЛЕЛ БАР МА..?" (жылататын оқиға)

Көп қыздары бар бір әйел бар еді.Күйеуі өлгеннен кейін ол әйел жесір қалды.Көп қиналып, бейшара күйге түсті.Өзінің мүсәпір күйіне намыстанған ол қыздарымен басқа жаққа көшіп кетуге мәжбүр болды. Бір елге көшіп барады. Ол елде намаз оқылмайтын бір мешітті паналады. Әйел қыздарын ол жерге қалдырып, азық ауқат тауып келуге шығып кетеді.

Содан сол елдегі аса дәулетті мұсылман байдың үйіне барып, есігін қағады. Әйел оған хал-жағдайды түсіндірді. Бірақ үй иесі: «Шынымен кедей екеніңді анықтайтын бір анықтама қағаз алып кел»! – деді. Әйел: «Мен жергілікті емеспін, бөтен жақтан келдім!» — десе де бай кісі түсінгісі келмеді. Жесір шарасыздықтан ол үйден шығып кете барады.

Сөйтіп басқа бір есікті қағады.Ол үйдің иесі отқа табынатын еді.Оған да жағдайын айтты. Отқа табынушы оны естігеннен кейін, өз әйелін әлгі жесір әйелге қосып, мешіттегі қыздарды үйіне алдырды. Үй иесі қарындары ашып келген қыздарды тамақтандырды. Сол түні жесір әйел мен оның жетімдеріне көмек қолын созбаған мұсылман кісі түс көрді.

Жазбаны толық оқу үшін:
10.1K views10:48
Ашу / Түсініктеме
2020-12-09 19:05:06 Құрметті бот қолданушылары!

Егер ботты қолдану барысында ақаулық орын алса, боттан шығып қайта тіркеліңіз.

Себебі жақында серверді жаңғыртқаннан кейін кей қолданушылар ботты кітап таппай тұрғанын айтып жатыр.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз
11.4K views16:05
Ашу / Түсініктеме
2020-11-27 07:48:55 ​​Зікір лұғатта "еске алу", "еске түсіру" мағыналарын білдіреді.
Терминдік мағынасы: пенденің әрдайым Жаратушымен болып, Оны әркез жадта ұстауы.

Жасыратыны жоқ, зікір дегенде белгіленген сөздерді қайталап, түсініксіз әрекеттерді жасау түсінігі қалыптасып қалған. Ал, зікір түсінігі одан да кең.

Шынтуайтына келсек, зікір пенденің әрдайым Жаратушымен байланыста болуы үшін қалыптасқан әдіс, әрі сүннет. Пайғамбарымыз ﷺ күннің көп бөлігін парыз құлшылықтардан тысқары зікірмен өткізетін. Бұл жайлы хадистер жетерлік. Зікір айту үшін белгілі бір шарттардың, бекітілген уақыт пен мекеннің болуы міндеттелген емес. Сол үшін, зікірді әрдайым айтып жүру жақсылықтарға себепші болады.
Зікір пенденің әрбір уақытын құлшылық кейпіне келтіріп, парыз сауаптарындай сауаптарға кенелтеді. Ол үшін кез-келген уақытта ойыңызда Алла, тіліңізде кәлима болса жеткілікті.

"Алланы еске алушы мен еске алмайтынның мысалы өлі мен тірінің мысалындай" (Хадис)

Жұма мүбәрак болсын! Қасиетті күні көбірек зікір айтуды ұмытпаңыздар!

@mihrab_kz
12.9K views04:48
Ашу / Түсініктеме
2020-11-26 08:39:24 АҢҚАУ ЕЛГЕ АҚЫЛДЫ МАРКЕТОЛОГ

Аян жұмыссыз жүргеніне айдан асты. Жата-жат төсегі замш болған Аянның басына бір күні сап етіп beautiful idea келеді. Дереу 300к оқырманы бар бала күнгі досы Үсенге хабарласып, идеясын ұсынды. Суши мен пиццадан ығыр болған Үсенге бұл ой ұнай кетті.

Аян Kolesa-ны ақтарып, екі шыттай армянский иномарка тауып алды. Қожайындарына үстемақы беретін болып келісіп, әлгі көліктерді лотереяға тікті.

Кейін дереу құны үш мың теңгелік 5000 билет дайындады. Үсен жарнамалық ролик түсіріп, 300к оқырманына қос көлігіне лотерея ойнатып жатқанын жариялады. Халықты алдарқату әрі билет тез өтуі үшін "сатылымнан түскен қаржының 1 млн теңгесі қайырымдылық пен мешіт құрылысына жұмсалады" деп жарнамаға "духовной" жел берді. Қасына қосымша сыйлықтар да тігілді.

Я машина, не айфон, құрыса мешітке көмек берем деп дәмеленген аңқау халық билетті жапа-тармағай сатып алды.

Барлық шығындар 10 млн теңгені құрады. Үсен жарнама үшін 2 млн теңгені маңдайы терлеместен алды. Ал, Аян 3 млн теңгесін жүз қайтара санап, Дубайға ұшып барады. Бұл ақша ең кемі жарты жылдай мұрты қимылдамастан жұмыссыз жатуға толық жетеді. Сосын тағы да лотерея ұйымдастыра жатар...

Пысы. Жарықтық, мына жазбаны Айдардың баласы аяғы аспаннан келмей тұрып жарты жыл бұрын жазған екенмін. Соны тағы да бір бөлісіп қоюды ұйғардым. Аянға алданғандар әлі де аз еместей...

@apendim
8.2K views05:39
Ашу / Түсініктеме
2020-11-19 20:04:39
Алла Елшісінен ﷺ жеткен хадисте:

"Егер бір кісі мына дұғаны оқыса:

لا اله الا الله ما أشدّ برد هذا اليوم , اللهمّ أجرني من زمهرير جهنّم

"Алладан басқа Құдай жоқ. Бүгінгі күннің суығы қандай қатты! Уа, Алла, бізді жаханнамның қатты суығынан сақта!"

Алла Тағала жаханнамға "Расында құлым сенен құтылу үшін Менен пана сұрады, Менің оны құтқарғаныма кәулік ет" деп айтады.

Оқылуы: "Ләә иләәһә илаллаһу мәә әшәддә бәрдә һәәзәл-йәум, Аллаһуммә әжирнии мин зәмһәрири жәһәннәм"

Сонда сахабалар (радиаллаһу әнһум):

""Зәмһәриир" деген не? - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз ﷺ:

"Жаханнамда имансыздар болатын және (қатты аяздан) дене мүшелері сынатын жер" деп түсіндіреді.

ибн әс-Сунни, "Әмәлул-йәуми уәл-ләйл", #306

Алла Тағала баршамызды "зәмһәриир"-ден сақтағай! Жұма мүбәрак болсын!

@mihrab_kz
8.8K views17:04
Ашу / Түсініктеме
2020-11-18 19:07:17
7.4K views16:07
Ашу / Түсініктеме