Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-10-25 20:46:01 Кітап оқуды тоқтатқан адам, өзінің алға қарай жылжуын тоқтатқан адам болмақ.

Естіп алған нәрсеңізді айта беру - сүйкіміңізді құртады.

Оқып, зерделеп, түсініп, іске асырғаннан кейін қандай да бір сөзді айтсаңыз, Құдай өзі оған қуат береді, салмақ береді. Мейлі, сіз оратор болмасаңыз да, өз бойыңыздан өткен шынайы сөзіңіз адамдардың жүрегіне жетеді.

Бүгінде біздер өте көп ақпарат тұтынамыз. Алайда ол білім бола алмайды. Ақпараттың көптігі сондай, тіпті күннің соңына қарай таңда оқыған жазбаны ұмытамыз. Жаңа келіп жатқан ақпараттар, бірнеше минут бұрын алған ақпаратты қорытуға мүмкіндік бермейді. Осылайша бәрін білетін, бірақ ештеңке білмейтін адамдарға айналудамыз.

Ал кітап оқыған кезде барлығы бір тақырып аясында өрбиді. Кейінгі ақпарат алдыңғы ақпаратты толықтырады. Солай ақпарат комплексі қалыптасады. Шашыраңқылық болмайды.

Есте сақтау қабілетті де жақсартатын - көп кітап оқу!

#кітап #оқымақ
1.1K views17:46
Ашу / Түсініктеме
2021-10-25 18:12:12

1.4K views15:12
Ашу / Түсініктеме
2021-10-20 10:01:29 ҰЛТ АҒАРТУШЫСЫНА 180 ЖЫЛ!

Бүгін қазақ даласына ағартушылық ілімнің дәнін егіп, болашақ буынға “Кел, балалар, оқылық” деп үндеу тастаған Ыбырай Алтынсариннің туған күні.

Тарихи деректерде Алтынсарин атамыз туған күні кеңестік күнтізбедегі өзгеріске сай әртүрлі көрсетілген.

Азан шақырып қойған есімі - Ибраһим.

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ ұлттық ағартушылық мектебінің негізін қалаушы.

Сонымен қатар, Ы. Алтынсаринды қазақтың дәстүрлі дін ғалымы деп айтуға да болады. Ол ағартушылық жұмыстарында ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтауда дәстүрлі ислам діні тағлымдарын ұтымды пайдаланды. Ағартушылық бағытында оқулық жазуға кіріскен Ыбырайдың 1879 жылы қазақ мектептеріне арналып жазылған алғашқы ұлттық оқулық – «Қазақ хрестоматиясы» жарық көрсе, артынша 1884 жылы Қазан қаласында араб әрпімен екінші оқулық кітабы – «Шараит-ул-ислам»(«Ислам шарттары» немесе «Мұсылмандық шарттары») атты еңбегі жарыққа шықты.

«Шараит-ул-ислам» еңбегінің жазылу себебі жайлы Ы. Алтынсарин былай дейді: «... біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде... осы оқу құралын құрастыруға кірістім».

Кітап құрылымы ислам ғылымдарындағы дәстүрлі бағыттан айнымай, классикалық шариғи кітаптар стилінде жазылған. Бұл жайлы автордың өзі : «...бұл кітапты үш бапқа немесе бөлімге бөлдік. Әуелгісі – иман мәнісін айтатын баб, екенші – сыртқарыға, әркімнің көзіне көрінетін амалдарының турасында, мұны арабша «ғамал аз-заһир» деп атайды, үшіншісі – көңілдегі жақсылық-жамандық ниеттер турасындағы баб, мұны арабша «ахлақ» деп атайды», - дейді.

Сонымен бірге, «Бұл кітап ішіндегі бұйрықтар қайсысы аят-хадистен, қайсысы шаһар Петербургте имам жамиғ (мешіт имамы) мулла Ғатаулла ибн Баязид есімді молланың әр кітаптардан жинап шығарған «Ислам» деген кітабынан һәм мұнан ғайри (басқа) зор иғтибарлы (маңызды, классикалық) кітаптардан қаралып, неше-неше рет саналып, теңдестіріліп жазылды. Оқығандар хайр дұғаларынан қалдырмағай еді», - деп Ы. Алтынсарин өз еңбегіне үлгі болған кітапты атап, басқа да көптеген кітаптарға жүгінгеніндігін айтады.

«Шараит-ул-ислам» 1884 жылы араб әрпімен басылғаннан кейін, тәуелсіздік алған соң 1991 жылы А. Сейдімбековтың жетекшілігімен, кирилл әліпбиіне аударылып, түсініктемелері беріліп Алматы қаласында «Мұсылмандық тұтқасы» атауымен басылса, бертін келе, 2014 жылы Ж. Артықбаевтың редакторлығымен Ақтөбе қаласында басылған.

Әзірлеген: @mihrab_kz
158 views07:01
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 06:02:25 3. Рабиғул-әууәл айының 10-ы күні
Мұхаммед ибн Сағдтың «ат-Табақатул кубро» еңбегінде кездеседі. Сонымен бірге, Хафиз Абдул Хаттаб Омар ибн Дихя «әт-Тануир фи маулидил баширин назир» еңбегінде, Ибн Асакирдың Әбу Жағфар әл-Бақирдан жеткізген риуаятында, имам Шағби мен Әбу Жағфар Мұхаммед ибн Әлидың риуаяттарында да Пайғамбарымыз ﷺ туған күн осы күн екендігі жөнінде айтылады (Ибн Кәсир, «ас-Сиратун набауия; «Маусуғатуд дифәғ ған Расулилләһ»; имам Зәһәби, «ас-Сиратун набауия»).

Әбу Мұхаммед Димятидың «ас-Сиратун набауия» еңбегінде: «Әбу Жағфар Мұхаммед ибн Әлидің (рабиғул-әууәл айының 10-ы күні) риуаяты мен Әбу Мағшар Нужайхтың (рабиғул-әууәл айының 12-і) риуаяттарын келтіріп, Әбу Жағфар риуаяты (яғни 10-ы күні) дұрыс», - дегендігін имам Зәһәби жеткізеді (имам Зәһәби, «ас-Сиратун набауия»; «Маусуғатуд дифәғ ған Расулилләһ»).

4. Рабиғул-әууәл айының 12-і күні
Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын), Ибн Хиббан, Мұхаммед ибн Ысхақ, Ибн Һишәм, Әбу Мағшар Нужайх және Ибн Халдун риуаяттарында кездеседі (Ибн Кәсир, «ас-Сиратун набауия; «Маусуғатуд дифәғ ған Расулилләһ»; Әбу Хатим ибн Хиббан, «ас-Сиратун набауия»; шейх Мухаммад ибн Ризқ, «ал-Исләм уә набиюл исләм»; имам Хаким, «ал-Мустадрак ғалас-сахихайни»; имам Байхақи, «Дәләилун-нубуаһ»; «Шуғабул имән»; Имам Табари «ат-Тарих»; Абдуррахман Суһайли, «ар-раузул ғунф фи шархи сирати Ибн Һишәм»; доктор Ахмад Әбу Зәйд, «ас-Сиратун набауия»; «ал-Истисқо фи ахбарил мағрибил ақсо»; Әбу Шайба, «ал-Мусаннаф»; Мұхаммед Әбу Заһра, «Зуһратут тафасир»; «Фатуа әл-Әзһәр).

Сондай-ақ, Ибн Кәсир «ал-Бидая уән Ниһәя», Ибн Ражаб Димәшқи «Латоифул мағариф», Мәуәрди «Әғләмун нубуәһ», Ибн Сайидиннас «Ғуюнул асар», доктор Мұхаммед ибн Абдуррахман Шаиғ «Нузулул Қуран», доктор Мұхаммед Сағид ибн Рамазан әл-Бути «Фиқһус сира», доктор Шауқи Әбу Халил «Атласус сиратин набауия», Мұхаммед Хаббоз «Бағсул һимәм ли мужази сирати сайидил умәм» мен «ал-Лажнатуд дәиимә лил бухусил ғилмияти уәл ифтә» пәтуасында, Шәдітөре Жәңгірұлы «Назым Сияр Шәриф», Әлихантөре Сағуни «Тарихи Мухаммади», Ахмед Лутфи «Сағадат ғасыр қиссалары» еңбектерінде, шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Жүсіп «Хадис және Хаят» көптомдығының 19-томынды және «Мәуләт жөніндегі тартыс» атты ғылыми мақаласында Пайғамбарымыздың ﷺ туған күні рабиғул-әууәл айының 12-күні екендігін айтады.

Осман империясы тұсында да дәл осы күні мәуліт ретінде тойланған (Закои Кунрапа, «Пайғамбарымыз уә ашараи мубашшара»).
Бірақ, рабиғул-әууәл айының 12-сі туған деген дерек мәшһүр болса да, мухаддистер Ибн Аббас пен Жәбирдың (Алла екеуіне разы болсын), осы күн жайындағы риуаятында рауилер арасында «инқитағ» (үзілу) бар екендігі жайлы айтады.

Оның үстіне, түрік ғалымы Закои Кунрапа «Пайғамбарымыз уә ашараи мубашшара» еңбегінде: «Рабиғул-әууәл айының 12-сі күні дүйсенбі күніне сәйкес кедмейтіндігін (бейсенбі күніне сай түсетіндігін) ұмытпаған жөн!», - дейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыдағы деректерді саралай келе, сәнәдтарға негізделіп қорытындылағанда рабиғул-әууәл айының 8-і күні туған деген дерек негізді болады деп айта аламыз. Асторномиялық есептеулерге сүйенсек 9-ы күні ғылыми негізді болса, мәшһүрлік (танымалдығы) тұрғысынан 12-і күні деген деректе негізді. Дұрысын Алла білуші!

Осы тұста, Пайғамбарымыздың ﷺ туған күініне байланысты имам Қасталанидың: «Пайғамбарымыздың ﷺ туған уақыты рабиғул-әууәл айында, күнінде емес (яғни, туған айы анық рабиғул-әууәл, күні мәлім емес)» («ал-Мәуәһибул ладуния»), - деген сөзін келтіруді орынды леп ойлаймыз.

Пайғамбарымызды ﷺ еске алуды қалап, өмір тарихын, ғибратты ғұмырын жад алғысы келген мұсылман үшін арнай күнді таңдау шарт емес. Пайғамбарымызды ﷺ белгілі бір күн яки рабиғул-әууәл айының ұлықтығы үшін емес, жан-жақты кемел үлгі, көркем өнеге болғандығы үшін еске аламыз. Ол кісіге деген құрметімізді арнайы бір күнде іс-шара не челендж т.б ұйымдастырып қана әшкере ете алмаймыз. Ал, ол кісіні еске алу мен өнегелі өмірін ұлықтау ол кісінің сүннетіне ілесу мен онымен әрдайым рухани байланыс орнату арқылы ған жүзеге асады.

Әзірлеген: @mihrab_kz
1.3K views03:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-18 06:02:25 ​​ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ҚАЙ КҮНІ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН?

Жыл сайын, мәуліт айы бастала салысымен Пайғамбарымыздың ﷺ туған күніне, оның қай күнге сай келетіндігіне қатысты тақырыптар қайтадан актуалдылыққа ие болады. Тақырыпқа қатысты түрлі пікірлер қайтадан мұсылман жұртшылығы арасында тарап, кейде орынсыз пікір-таластарға себепші боп жатады.
Бізге де осындай сұрақтар қойылып, сауалдар жолданып жатқандығын ескеріп, әрі мәуліттегі түйіткілді тақырыптардың бірі болғандықтан Пайғамбарымыздың ﷺ қай күні туылғандығына қатысты риуаяттар мен ғұламалар пікірлерін келтіруді жөн санадық.
Сияр және тарих кітаптарында Пайғамбарымыздың ﷺ туған күніне қатысты рабиғул-әууәл айының 1, 2, 17, 18, 21, 22 және рамазан айының 12 күні аталады. Бірақ, осы тақырыпқа қатысты ізденіс жасаған Ибн Кәсир сынды бірқатар ғалымдар (жоғарыдағы) бұл мәліметтердің сенімсіз, сахих риуаяттарға қайшы, негізсіз екендігін айтады (Ибн Кәсир, «әс-Сиратун Набауия»).

Ал, сахабалар, табиғиндер, мухаддистер, тарих, сияр, астрономия ғалымдарының және осы тақырыпта ізденіс жасаған көпшілік ғалымдардың пікірі төмендегідей:
«Пайғамбарымыз ﷺ миләди 571 – Піл жылында, көктем мезгілінде, дүйсенбі күні, таң сәрісінде туылған. Бұл күн миләди 20 сәуірге сәйкес келеді. Бұл күн (кейбір есептеулер бойынша) қамари-мұсылман күнтізбесіндегі рабиғул-әууәл айының 8, 9, 10 яки 12 жұлдызына тура келеді».
Назар аударсақ, миләди 571 жылдың 20 сәуірі хижри-қамари мұсылман күнтізбесінің 8,9,10 яки 12 жұлдызына дөп келеді. Дәл осы күнге қатысты бірнеше деректер мен пікірлер бар.

1. Рабиғул-әууәл айының 8-күні
Абдулла ибн Аббас, Жубайр ибн Мутғим, Бара ибн Ғазибтен (Ибн Жаузи, «әл-Уәфә би-тағрифи фадоилил-Мустафа) (Алла баршасынан разы болсын) риуаят етіледі (Маусуғатуд-дифәғ ған Расулилләһ).

Ибн Хазм ( және ұлы табиғин Мұхаммед ибн Жубейрде осы пікірде екендіктерін айтқан (Ибн Кәсир, «әс-Сиратун Набауия»; имам Мәлік, Ғуқайл және Язид сахих иснадпен риуаят еткен).
Ибн Абдулбарр кейбір тарихшылардың тура дегендігін айтса (Ибн Кәсир, «әс-Сиратун Набауия»), Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми осы осы пікірді орынды, негізгі (қатғи) деп есептеп: «Бұдан өзгесі (өзге пікірлер) дұрыс емес. Тарихшылыр осыған ижмағ етекен (бір ауыздан келіскен)», - дейді (Маусуғатуд-дифәғ ған Расулилләһ; Мухаммад Мунауи, «Файдул Қодир шархул жамиғус сағир мин ахадисил баширин назир», 3-40).

Хафиз Абул Хаттаб Омар ибн Дихя «әт-Тануир фи маулидил баширин назир» еңбегінде осы деректің басқалардан абзал, жоғары екендігін атаса, имам Табари «Хуласату сияр сайидил башар» еңбегінде көпшілік ғұламалардың осы дерекке негізделетінін алға тартады.

2. Рабиғул-әууәл айының 9-күні
Мұхаммед Хузайридың «Нурул яқин», Мұхаммед Сүлеймен Мансурфуридың «Рахматун лил ғаламиин», Сафиюр Рахман Мубаракфуридың «ар-Рахиқул махтум», доктор Абдулла Фақихтың «Фатауаш-шабакатил исләмия», Әли ибн Найифидың «Маусуғатул бухуси уәл моқоләтил ғилмия», Ибраһим Ибяридың «ал-Маусуғатул Қурания» (1-25), мысырлық тарихшы Мұхаммед Талғатбек Харбтың «Тариху дуәлил ғараби уәл исләм», Сайид Махмуд Таразидың (Әлихантөре) «Нурул басар», Сәбит қажы Абдулбақиұлының «Сиярату хотамин набиин», Абдулла қажы Жолдасұлы «Мәулид Шәріп» еңбектерінде кездеседі.

Танымал ғалым Әли Тантауи (1909-1999) осы деректі басқа деректерден артық санайды (Маусуғатуд-дифәғ ған Расулилләһ).

Египет астрономия орталығының бұрыңғы директоры, геометрия ғылымдарының докторы, астроном Махмұт Паша «Тақуимул араби қоблал исләм» еңбегінде Пайғамбарымыздың ﷺ туған күні рабиғул-әууәл айының 9-ы, дүйсенбі, миләди 571 жылдың 20 сәуірі екендігін астрономдық дәлділікпен есептеп, анықтаған (Фатауа әл-Әзһар», 8-255).
Сондай-ақ, “Hijri-Gregorian Converter” , миләдиден һижриға, һижридан миләдиға сәйкес есептейтін арнайы компьютер есептегіш бағдарламасымен есептегенде де, миләди 571 жыл рабиғул-әууәл айының 9-ы дүйсенбі күніне сай келеді.

ЖАЛҒАСЫ ТӨМЕНДЕ
1.2K views03:02
Ашу / Түсініктеме
2021-10-16 10:37:06 Бірде бір жігіт жүкті әйелінен үйдің кітапханасынан бір кітап әкелуін өтінді. Ол әйел кітапханаға кірген сәтте, толғағы келіп, өмірге шекесі торсықтай ұл әкелді!

Кітапханада туылған бала болғасын, ел-жұрт бұл баланы “ибн ал-кутуб” (кітәптардың баласы) деп атап кетті. Бұл бала өсе келе әлемге әйгілі, Ислам әлемінде өзіндік із қалдырған ұлы ғалым болды.

Ислам үмбетіне ерен еңбек сіңіріп, 600 кітаптың авторы атанды. 600 кіттап 4 мың томдай болады. Бұл ғұламаның есімі - Жалалиддин әс-Суюти болатын…

@maktubatkz
1.3K views07:37
Ашу / Түсініктеме
2021-10-15 19:16:18
473 views16:16
Ашу / Түсініктеме