Get Mystery Box with random crypto!

​​Зікір лұғатта 'еске алу', 'еске түсіру' мағыналарын білдіред | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

​​Зікір лұғатта "еске алу", "еске түсіру" мағыналарын білдіреді.
Терминдік мағынасы: пенденің әрдайым Жаратушымен болып, Оны әркез жадта ұстауы.

Жасыратыны жоқ, зікір дегенде белгіленген сөздерді қайталап, түсініксіз әрекеттерді жасау түсінігі қалыптасып қалған. Ал, зікір түсінігі одан да кең.

Шынтуайтына келсек, зікір пенденің әрдайым Жаратушымен байланыста болуы үшін қалыптасқан әдіс, әрі сүннет. Пайғамбарымыз ﷺ күннің көп бөлігін парыз құлшылықтардан тысқары зікірмен өткізетін. Бұл жайлы хадистер жетерлік. Зікір айту үшін белгілі бір шарттардың, бекітілген уақыт пен мекеннің болуы міндеттелген емес. Сол үшін, зікірді әрдайым айтып жүру жақсылықтарға себепші болады.
Зікір пенденің әрбір уақытын құлшылық кейпіне келтіріп, парыз сауаптарындай сауаптарға кенелтеді. Ол үшін кез-келген уақытта ойыңызда Алла, тіліңізде кәлима болса жеткілікті.

"Алланы еске алушы мен еске алмайтынның мысалы өлі мен тірінің мысалындай" (Хадис)

Жұма мүбәрак болсын! Қасиетті күні көбірек зікір айтуды ұмытпаңыздар!

@mihrab_kz