Get Mystery Box with random crypto!

-Сәке, қарашы, сен мысалға арақ ішпейсің, хорошо, бірақ арақ қ | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

-Сәке, қарашы, сен мысалға арақ ішпейсің, хорошо, бірақ арақ қойылған жерге неге бармайсың? Главное, өзің ішпесең болды емес пе? -дейді бір танысым.

- Досым, сен де қарашы, - деймін мен,- егер сен жүріп жүрген қызыңмен бір отырыста отырсаң, бірақ, кенеттен сол дастарханға сүйіктіңнің бұрынғы жүрген жігіті кіріп келсе, сен сол отырыста отырар ма едің? Әлде тұрып кетіп қаласың ба?

- Әрине, тұрып кетемін!

- Неге?

- Енді ол...бұрынғы жігіті емес пе? Қалай отырасың?!

- Қызықсың, олар қазір жүріп жатқан жоқ қой! Еще ол ендігі сенің қызың емес пе?!

- Ну, сонда да, қызғанасың ғой...

- Несі бар, мән бермеген болып отыра берсей...

- Кетпеген күнде де отырыс аяқталғанша зорға отырасың ғой...

- Көрдің бе, досым, арақ ішілген жерде де солай. Өзің ішпесең де ол жерде отыру бізге қиын. Себебі, арақ ішу үлкен күнә, бәлкім, сен оны сезінбейтін боларсың. Ал, күнә жасалып жатқан жерде біз беймарал отыра алмаймыз...

#меніңмиымнанауызти

@apendim