Get Mystery Box with random crypto!

Алла Елшісінен ﷺ жеткен хадисте: 'Егер бір кісі мына дұғаны о | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Алла Елшісінен ﷺ жеткен хадисте:

"Егер бір кісі мына дұғаны оқыса:

لا اله الا الله ما أشدّ برد هذا اليوم , اللهمّ أجرني من زمهرير جهنّم

"Алладан басқа Құдай жоқ. Бүгінгі күннің суығы қандай қатты! Уа, Алла, бізді жаханнамның қатты суығынан сақта!"

Алла Тағала жаханнамға "Расында құлым сенен құтылу үшін Менен пана сұрады, Менің оны құтқарғаныма кәулік ет" деп айтады.

Оқылуы: "Ләә иләәһә илаллаһу мәә әшәддә бәрдә һәәзәл-йәум, Аллаһуммә әжирнии мин зәмһәрири жәһәннәм"

Сонда сахабалар (радиаллаһу әнһум):

""Зәмһәриир" деген не? - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз ﷺ:

"Жаханнамда имансыздар болатын және (қатты аяздан) дене мүшелері сынатын жер" деп түсіндіреді.

ибн әс-Сунни, "Әмәлул-йәуми уәл-ләйл", #306

Алла Тағала баршамызды "зәмһәриир"-ден сақтағай! Жұма мүбәрак болсын!

@mihrab_kz