Get Mystery Box with random crypto!

​​ 'МҰСЫЛМАН ЕКЕНІҢЕ ДӘЛЕЛ БАР МА..?' (жылататын оқиға) Көп | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

​​ "МҰСЫЛМАН ЕКЕНІҢЕ ДӘЛЕЛ БАР МА..?" (жылататын оқиға)

Көп қыздары бар бір әйел бар еді.Күйеуі өлгеннен кейін ол әйел жесір қалды.Көп қиналып, бейшара күйге түсті.Өзінің мүсәпір күйіне намыстанған ол қыздарымен басқа жаққа көшіп кетуге мәжбүр болды. Бір елге көшіп барады. Ол елде намаз оқылмайтын бір мешітті паналады. Әйел қыздарын ол жерге қалдырып, азық ауқат тауып келуге шығып кетеді.

Содан сол елдегі аса дәулетті мұсылман байдың үйіне барып, есігін қағады. Әйел оған хал-жағдайды түсіндірді. Бірақ үй иесі: «Шынымен кедей екеніңді анықтайтын бір анықтама қағаз алып кел»! – деді. Әйел: «Мен жергілікті емеспін, бөтен жақтан келдім!» — десе де бай кісі түсінгісі келмеді. Жесір шарасыздықтан ол үйден шығып кете барады.

Сөйтіп басқа бір есікті қағады.Ол үйдің иесі отқа табынатын еді.Оған да жағдайын айтты. Отқа табынушы оны естігеннен кейін, өз әйелін әлгі жесір әйелге қосып, мешіттегі қыздарды үйіне алдырды. Үй иесі қарындары ашып келген қыздарды тамақтандырды. Сол түні жесір әйел мен оның жетімдеріне көмек қолын созбаған мұсылман кісі түс көрді.

Жазбаны толық оқу үшін: