Get Mystery Box with random crypto!

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА M
Telegram арнасының логотипі maktubatkz — 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА
Арна мекенжайы: @maktubatkz
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.26K
Арнадан сипаттама

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym
🤳 Instagram - instagram.com/maktubot

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 9

2021-10-13 08:28:07 КІТАП ЖӘНЕ ӘЙЕЛ

Ахмад әс-Сәләмә айтуынша "Исхақ ибн Рауаих күйеуі өліп жесір қалған бір әйелге үйленді. Ол әйелде имам Шафиғидің кітабы бар еді және оның әйелге үйлену мақсаты да осы кітапқа қол жеткізу болатын."

имам Зәһәби, "әс-Сияр" , 10/70;

Зубейр ибн Баккардың жиені оның әйеліне былай деп айтты:
"Менің көкем өзінің отбасы үшін ең жақсы адам. Ол екінші әйелді де алмайды, одан басқа күңді де ұстамайды". Сол уақытта оның әйелінің айтқаны: "Алланың атымен ант етемін! Оның мына кітаптары мен үшін болуы мүмкін болған үш әйелден де ауыр".

Хатиб әл – Бағдади "әл-Жами' ли әхләқ әр-рәуи уә әдәб әс-самиғ", 60

@maktubatkz
1.6K views05:28
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 08:36:58 Құрметті оқырмандар!

Қасиетті Мәуліт айына орай MIHRAB.kz парақшасы жазылмандар арасында "Ғаламға жауған нұр” атты шығармашылық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты Пайғамбарымыздың есімін, өмір жолын қастерлеп, Мәуліт айын ұлықтау, қасиетті айды жамағат арасында кеңінен насихаттап, берекелі өткізу, оқырмандарды ынталандыру.

Байқау талаптары:

Құрметті оқырмандар!

Қасиетті Мәуліт айына орай MIHRAB.kz парақшасы жазылмандар арасында "Ғаламға жауған нұр” атты шығармашылық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты Пайғамбарымыздың есімін, өмір жолын қастерлеп, Мәуліт айын ұлықтау, қасиетті айды жамағат арасында кеңінен насихаттап, берекелі өткізу, оқырмандарды ынталандыру.

Байқау талаптары:

"Ғаламға жауған нұр"
тақырыбында Пайғамбарымыздың өмірінде кездесетін адамдық, мейірімділік, кеңпейілділігін және т.б қасиеттерін шығарма түрінде баяндау.

Шығармашылық жұмыстар Microsoft Word форматында жолдануы қажет. Мәтін көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен жазылуы және 3 беттен аспауы тиіс.

Шығарма бұрын-соңды БАҚ-та және ғаламтор желісінде жарияланбаған болуы керек .

Шығармаларды kzmihrab@gmail.com электронды почтасына жолданады.

Жұмыстар 31 қазанға дейін қабылданады.

Байқауға 16-50 жас аралығындағы жандар қатыса алады.

Жүлде қоры:

1 орын - 50 000 тг
2 орын - 30 000 тг
3 орын - 20 000 тг
Ынталандыру сыйлығы - 10 000 тг (2 адам)

Жеңімпаздарды Қасиетті Жұма 5 қараша күні тікелей эфирде жариялаймыз.

Баршаңызды аталмыш байқауға қатысуға шақырамыз!

МӘУЛІТ МҮБӘРАК!
740 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 08:36:58
746 views05:36
Ашу / Түсініктеме
2021-10-12 07:44:00 X РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ

Тікелей эфирге сілтемелер
882 views04:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-07 11:57:46 Надандардың жанында кітап секілді үнсіз бол!

Хазірет Мәулана
1.4K views08:57
Ашу / Түсініктеме
2021-10-07 08:25:48 Қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар қандай вакцина алуы қажет – Министр түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алған қазақстандықтардың қажылыққа бару мүмкіндігі туралы айтты.

"Жалпы алғанда, қажылыққа бару үшін әр ел өз талабын қояды. Қазір бізде Sinofarm компаниясының вакцинасы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны аккредиттеді. Яғни, егер қажылыққа қабылдаушы ел ДДҰ-да тіркелген вакцинаның болуын талап етсе, ондай вакцина бізде бар деген сөз. Соны қабылдап, қажылыққа шыға беруге болады", – деді министр.

Ведомство басшысы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмыстары сәтті өтсе, екпенің осы түрін алғандар да қажылыққа бара алатынын еске салды.

Еліміз қытайлық Sinofarm компаниясы өндірген Hayat Vax және Vero Cell вакцинасын тұрғындарға егуде.

Еске сала кетейік, отандық QazVac вакцинасы халал деп танылған болатын.

@ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары

Каналға жазылуды ұмытпаңыздар
1.4K views05:25
Ашу / Түсініктеме
2021-10-04 23:07:16 Кітап оқитын кез келді!!!
302 views20:07
Ашу / Түсініктеме
2021-10-02 13:17:45 ЖАНАРЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗ

"Компьютер, ұялы телефон, электронды кітапқа үңіліп отыра берсек, көзге зиян" дегенді естідік. Бір нүктеге қарап, тесірейіп отырсақ көзді жыпылықтатуды ұмытып кетеміз. 20 секундта адам көзін табиғи түрде үш-төрт рет жыпылықтатады. Оны ми санамайды, біз де сезбейміз. Бірақ компьютер, телефонға тесірейіп отырған адам көзін екі рет ғана жыпылықтатады. Осылай жалғаса берсе, жас каналдары бітеліп қалады, көз құрғайды. Яғни, көздің беткі қабаты құрғап, жас/ылғал жетіспейді.
Бұл ауруды окулистер "сухой глаз" дейді. Көздің ішінде құм тұрғандай ауырады.

Сондықтан компьютерде отырғанда әр 45 минут сайын көзді отыз рет жыпылықтатып, отыз рет қатты жұмып-ашып, жаттығу жасаған жөн.

Таңертең ояна сала ұялы телефон/компьютерге жүгірмеңіз. Скринге кем дегенде жарты сағаттан кейін қараңыз.

Электронды кітап оқығанда көзді жыпылықтатуды ұмытпау керек. Кітаптің қызығына кіріп кеткенде көз ұмыт қалады. Ал ми екі бірдей тапсырманы орындауы қиын. Сондықтан қағаз кітап оқуған жөн. Себебі қағаз кітапта адамның көзі бір нүктеге қадалмайды. Электронды кітап оқу ыңғайлы десеңіз, 30 минуттан кейін үш минут жаттығу жасаңыз.

Таза ауада көп серуендеп, жүгірген дұрыс. Сол кезде көздің беткі қабаты ылғалданады. Көз құрғап кетсе, жасанды көз жасын сатып алуға тура келеді. Ол - артық шығын, артық әуре.

Құрғақ көздің жазылуы қиын. Асқынса, өмір бойы әуреге салуы мүмкін. Көз ішінде құм-топырақ тұрғандай болса дәрігерге жүгіріңіз. Бұл мәселені дәрігердің көмегімен шештім. Қазір электронды кітап оқуды азайтып, аудио кітапқа көштім. Әлеуметтік желіге лимит қойдым. Әр 45 минут сайын көзге үш минут жаттығу жасаймын. Таңертең скринге бір сағаттан кейін қараймын. Жас каналдары ашылды, көз құрғауын қойды. Шүкір.

Көзіңізді күтіңіз :)
1.1K views10:17
Ашу / Түсініктеме
2021-09-28 17:39:33

758 views14:39
Ашу / Түсініктеме
2021-09-27 20:17:10 КІТАП ОҚУ ДҰРЫС ПА?

Әлеуметтік желіде “кітап оқу” трендке айналғанын байқаған боларсыз. Түрлі бағытта белең алған аталмыш үрдіс белгілі бір деңгейде қуантады. Әсіресе жастардың кітапқа телміргенінен оң өзгеріс көп болады деп сенемін. Бірақ...

Әңгімені менеджменттің әліппесінен бастайық. Екі ұғымға тоқталайық: дұрыс зат істеу (doing right things) және затты дұрыс істеу (doing things right).

Кітап оқу — дұрыс зат істеу. Ал кітапты қалай оқу — затты дұрыс істеу. Яғни, дұрыс кітап таңдау және тиісті амалдарды пайдалану.

Проблеманы айтып қана кетпей, шешу жолдарын да ұсынайық:
Біріншісі — кітапты қалай дұрыс таңдаймын?
Екіншісі — кітапты қалай дұрыс оқимын?

Бірінші амалға тоқталайық. Кітапты өз мақсатыңызға не проблемаңызға қарай таңдаған жөн. Сонда кітап өміріңізді сапалық тұрғыда өзгерте алады. Мысалы, іскерлік әдебиетті таңдау бойынша келесі кеңестерді қолдана аласыз:

1) Автормен танысу — Кітапты кім жазды? Биографиясы қандай? Ойы мен ұстанымы қандай?

2) Кітаптың атын, мазмұнын, өзгелердің ойы мен пікірін оқыңыз – Кітапты идеясы неде? Ой құрылымы қандай?

3) Кітаптың кіріспесін және қорытындысын оқыңыз – Кітаптың бірінші беттерімен танысыңыз. Бір беттегі түсінбейтін сөз саны 10-нан асса ол кітапты қайта сөре қоя салыңыз.

4) Мазмұнын қарау — Әр параграфтың бірінші және соңғы сөйлемдерін оқыңыз. Сіздің тапсырмаңыз – кітаптың мақсатымен танысу. Мәнін ұғу. Кедергі болмаса, осылай жылжи бергейсіз.

5) Соңында кітапты жауып тақырыпшаларды және негізгі ойды еске түсіріп көріңіз. Есіңізде қалса санаңыздың қызығушылық пайда болғаны

Қорыта келе тек дұрыс оқысаңыз ғана — кітап оқу Сізге оң нәтиже бере алады.

Ескендір Бестай
1.5K views17:17
Ашу / Түсініктеме